Кедейшілік курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, экономикалық жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көрсетеді. Кедей адамдар мемлекет алдында экономикалық тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз әлеуметтік топ.

Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік күш экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар тұрмысы нашар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне де бағытталып отыр.

Кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді; оны болдырмау үшін кедейліктің ең негізгі шығу себептеріне көңіл аудары керек. Әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан бас тарту сияқты қоғамдағы болып отырған көптеген мәселелер осы кедейшіліктің әсерінен туындап отыр.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда халықты кедей тобына жатқызатын нақты бір қабылданған критериялар жоқ, сонымен қатар елдегі кедейшіліктің масштабын анықтауда халықтың орта деңгейдегі табысы туралы ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады. Кедейліктің негізін анықтаудың қажеттілігі ол елдегі бай адамдар мен кедей адамдар арасында айырмашылықты анықтауға және кедейлікті жою мақсатында қолданылып отырған күш қай аймаққа бағытталуы керектігін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселені шешу жолында елдегі кедейшілік деңгейін төмендету басымдықтарын таңдауда анықтау қажет. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары белсенді түрде қызмет ету керек. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан басқа да елдер сияқты әлеуметтік саясаттың негізгі шараларын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолданып келді. Республикада әлеуметтік кепілдік беру жүйесіне бағытталған заңдар қабылданды. Бірақ та бұл жағдайлар нәтижелі шешім бермеді, керісінше кедейлік проблемасы Қазақстанда да көптеген басқа да КСРО елдеріндегідей одан әрі күрделене түсті.

Елдегі бұрыннан қалыптасқан халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саясаты, нарықтық экономикаға қажетті әлеуметтік қорғау жүйесімен бүгінгі күні әлі жеткілікті түрде ауыстырылған жоқ, сондықтан қазіргі кезде қарттардың, жұмыс істемейтін мүгедектердің және жалғыз басты аналардың әсіресе ауылдық аймақтарда әлеуметтік жағдайлары өте нашар. Маңызды мәселе осы мемлекеттің осал топтарына жалпы бірдей әлеуметтік деңгейді қамтамасыз етуді қажет етіп отыр.

Мемлекет тарапынан кедейшіліктің аймақтық ерекшеліктеріне, оның осы мәселенің одан әрі күрделене түсуіне үлкен орын алатынына немқұрайлы қарайды, себебі бұл мәселемен күресу шаралары өте баяу жұмыс істеуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бір үндеуінде елдің күрделі мәселелерін шешуде саясат пен бизнестің атқаратын қызметі бірдей делінген. Ал бүгінде іскер адамдардың елдегі жұмыс істей алмайтын адамдарға қамқорлық көрсетудің орнына, олардан зардап шегушілерді жиі кездестіреміз.

Қазақстанда кедейшілік деңгейі әдетте күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы – тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстар мен шығыстардың объективті белгіленген деңгейі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: кедейлікпен күресудегі мемлекеттік қабылданған стратегияларды қарастырып олардың халыққа тигізіп отырған әсерін көрсету. Сонымен бірге елдегі аймақтық деңгейдегі кедей халықтардың бүгінгі күнгі жағдайына жалпылама сипаттама беру.

Зерттеу жұмысының міндеті:

—      кедейлікке және оның шығу себептеріне жалпы теориялық сипаттама беру;

—      Қазақстандағы экономикалық өсудың кедейлікке тигізетін әсерін қарастыру;

—      қоғамдағы кедейліктің аймақтық ерекшеліктерінің өзектілігін жан-жақты қарастыру.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бүгінгі күні ахуалы, сонымен бірге халықтың материалдық қамсыздану деңгейі.

Зерттеу жұмысының пәні:  Қазақстандағы кедейліктің шығу мәселелері, ауыл және қала кедейшілік проблемалары, халықтардың табыстарындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы халықтың әл-ауқатын жақсарту стратегиялары.

Ақпараттық базасы: зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері, БҰҰ жүргізілген зертеулерінің нәтижелері және кедейшілікпен күресудегі қабылданған бағдарламалардың мәліметтері қолданылды.

Жұмыс құрылымы: екі бөлімнен, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 курстық жұмыс / 35 бет