Қазіргі қоғамның дамуы жүйелік сипаттағы терең әрі динамикалық өзгерулермен сипатталады. Мемлекеттік, саяси және экономикалық тұлғалар өзгеріп, жаңа әлеуметтік және өндірістік технологиялар енеді. Осы процестердің барлығы күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелердегі басқарудың маңызын елеулі арттырады.
Әлемде жұмыс күшінде және біріккен еңбек құрылымында маңызды сапалық өзгерістер пайда болды. Енді басқарушылар, білімі төмен, тіл алғыш атқарушылармен емес, мамандармен көп кездесетін болды. Қазіргі өндіріс өзінің технологиялық құрылысы бойынша кәсіби маманданған еңбекті кең пайдаланады. Сондықтан, қазіргі менеджерлер басқару шешімдерін іске асыруға шығармашылық ықпал ететін және бағалай білетін жұмыскерлерді басқарады.
Сонымен қатар, жұмысшылар құрамы да өзгереді: егер бұрын шаруалар, жұмысшылар және сервистік қызметкерлер басым болса, қазіргі экономикада басты маманданған топтар болып “басқарушылар және мамандар” саналады. Олардың арасындағы қайшылық кез-келген ұйымның динамикасын анықтайды.
Басқаша айтқанда, басқарудың әлеуметтік объектілеріндегі үлкен өзгерістер қазіргі өндірістік менеджменттің сипаты мен түрін өзгерту қажеттілігіне әкеп соғады. Ал бұл процесс өте күрделі және ерекшеліктері әлі толық зерттелмеген. Өндірістік менеджмент ұлттық экономиканы ұйымдастыру қағидаларын өзгерту және қоғамда нарықтық реформа жүргізу кезінде ерекше рөльге ие болады.
Өндіріс құрылымын, экономикалық байланыс сипатын өзгерту, макроэкономикалық дисфункциялар және жалпы қаржылық дисбаланс, жекеменшік революциясы және тұтыну жүйелері кәсіпорын дамуындағы белгісіздік және дезорганизация сипатын тудырады. Мемлекеттік кепілдік жүйесінің жойылуы және өзара міндеттерді орындау ортақ экономикалық кеңістіктің бөлшектенуіне әкеледі. Мұндай жағдайда әр аймақ, әр өндіруші өзінің жеке антикризистік басқармалық стратегияларын қолдануы қажет.
Осылайша, әлеуметтік-экономикалық жүйенің түбірлі трансформациясы нарықтық реформалардың арнайы ғылыми-басқармалық қамтамасыз етілуін және терең теориялық өнделуді қажет етеді:
— реформалау процесінің басқарылу мәселелерін және
реформалардың әлеуметтік бағасының оптималдандырылуы;
— басқарудың “маркетингтік” қасиетінің пайда болу мәселелері, яғни, мәдениеттің өзгеруі және менеджменттің технологиялық тәсілдері;
— өндіріс сапасына радикалды ықпал ету мақсатымен басқарушылық жаңалықтарды енгізу;
Қазіргі өндірістің дамуының елеулі ерекшеліктері бүкіл басқару философиясының және менеджменттің тәжірибелік қайта бағытталуынының өзгеруіне әкеп соқты. Бұл процестерді талдай отырып, Ю.Г.Волков және И.В.Мостовая өндірісті ұйымдастырудың төрт басты жаңа ерекшеліктерін анықтайды:
1) күрделі технологиялық, экономикалық, тұтынушылық және әлеуметтік-коньюнктуралық өзгерістерге жауап түріндегі қазіргі менеджментті ақпараттандыру;
2) корпоративтік қағидаларды және клиенталдылықты енгізу негізінде өндірістік басқару жүйелерін әлеуметтендіру;
3) эвристика, жаңа енген психологияның, прогностиканың дамуын есептей отырып менеджментті инновациялау;
4) антикризистік реттеу стратегияларын қолдану, технократикалық басқару ойынан социократикалық ойлауға көшу, ортаны құраушы мәдениеттілік есебінен өндірісті басқаруды экологизациялау.
Бүгінде көптеген кәсіпорындарда қоғаммен байланыстың арнаулы бөлімдері пайда болуда, себебі, жеке фирмалардың өндірістік және маркетингтік саясаты олардың қызметінің жетістігі өнімдеріне және өндіріске деген қоғамдық пікірдің сипатына байланысты. Басқаша айтқанда, қазіргі менеджмент дамуының мәні әлеуметтанушыны, әлеуметтік философты қызықтырмай қоймайды: әкімшілікті реттеу және басшылық ракурстағы емес нағыз адамды басқару үрдісіне айналып бара жатыр. Және де ол қызметтестікті іске асырудың құндылығы, қажеттелігі және мүмкіндіктері, топтың сәйкестігі позициясы жағынан маңызды болуы керек.
Осыған орай, мамандар қазіргі өндірісті басқару формаларын ұйымдастыру мәселелеріне байланысты мәселелерді зерттеуге көп көңіл бөледі.
Бірақ басқару технологияларын зерттеу және әлеуметтік әрекеттестіктің жаңа түрімен қаланған инновация енгізу қағидаларының ұйымдастырылуы айырықша өзектілікке ие.
Негізгі ұлттық ресурсы түрінде адам капиталын әлеуметтік басқарудың сапасы қазіргі өндірістің табысты нарықтық өзгерістеріне және қарқынды бәсекелестікке әкелудің басты факторы болуы мүмкін.
Өндірістік саладағы инновациялық менеджменттің басты қағидалары:
1) валеологиялық (превентивті, антикризисті, әлеуметтік-экологиялық);
2) коммуникативті (ақпараттық, мәдениеттік, әлуметтік-реактивті);
3) синергетикалық (инновациялық, эвристикалық, барлаушылық, ықтималдылық);
4) социократикалық (адамның орталықтандырылуы, клиенталды, ынтымақтастық).
Бүгінде инновациялық өндірістік менеджмент әдеттегі басқару мен бюрократикалық басқару түріндегі қарама-қайшы әрекеттестік түрінде іске асады. Ол “басқару” моделінен “үйлестіру” моделіне және “технократикалық” ойлау стилінен жаңа “социократикалық” басқару стиліне көшумен сипатталады.
Басқарушылық инновациясының қажеттілігі нарыққа көшу жағдайларындағы әлеуметтік үйымдастырудың өзгеруінің тоқыраушылық процесінде өндірістің мәні ерекше: еңбек ұжымының ішінде маманданған кадрлар топтарының статусы төмендейді, жұмыс күші басты өндірістен өндірістік емес салаға көшеді, квалификацияланған еңбектің үлесі азаяды, жасырын жұмыссыздық дамиды. Бұның бәрін тривиалді әлеуметтік басқару стратегияларын іске асыру арқылы жоюға болады.
Қазіргі еңбектегі және өндірістегі өзгеріс сапалық сипатта болып келеді. Олар тіпті жеке кәсіпорында да байқалады және әлемдегі экономикалық күштің орналастырылуында да бейнесін табады.
Менеджменттің жаңа философиясының іске асуы, ең алдымен өндірістік демократияның жетілуі және дамуы, менеджерлер мен жұмысшылардың қызметтестігінің қарқындылық жүйесін құру және басқарудың децентризациясын білдіреді. Себебі, еңбек қазіргі адамдар үшін өмір сүру жолынан өзін-өзі дамытудан өзін-өзі бекітуге айналуда.
Әдебиеттер
1 Аитов Н.А. Социология труда. – Алматы, 1997.- С. 192.
2 Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990. – С. 25.
3 Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н., Попов А.В., Самыгин С.И. Социология: курс лекций: учебное пособие. – Ростов-на-Дону. – 1999. – С. 97.
4 Давыдов Ю.Н., Гайденко П.П. История и рациональность: социология М. Вебера и веберовский ренессанс. – М., 1992. – С. 147..
5 Заславская Т.И., Рывкина Р.В. Социология экономической жизни. Очерки теории. – Новосибирск, 1991. – С. 65.
6 Giddens A. Sociology. Cambridge, 1989. — p. 7.
7 Как провести социологическое исследование//под ред. М.К.Горшкова. – М. – 1990. – С. 23-47
8 Конт О. Курс позитивной философии. Родоначальники позитивизма. вып. 4.- СПб., 1912. – С. 214.
9 Маркович Д. Социология труда. – М., 1988. – С. 76.
10 Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методология, методика. – М., 1989. – С. 78-93.
11 Мескан М., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента (перевод с анг.). – М., 1992. – С. 121.
12 Осипов В.Г. Социология. – М., 1990. – С. 20.
13 Очерки по истории теоретической социологии XIX – нач. XX вв.- М., 1994. – С. 83.
14 Рабочая книга социолога. – М., 1983. – С. 38.
15 Рабочая книга социолога. – М., 1983. – С. 111-136.
16 Радугин А.А. Социология. – М., 1997. – С. 44.
17 Смелзер Н. Социология. – М., 1994. – С. 143.
18 Современная западная социология. Словарь. – М., 1990. – С. 52-57.
19 Тажин М., Б. Аягапов. Социология негіздері. – Алматы, 1997. – С. 56.
20 ЯдовВ.А. Размышление о предмете социологии.// Социологические исследования. – М.,1990. – № 2.- С. 5.
21 Ядов В.А. Социологическое исследование, методология, программа, методы. – М., 1987. – С. 35-67.