Қазіргі заманғы менеджердің имиджін қалыптастыру және қолдану

Қазіргі заманғы менеджердің имиджін қалыптастыру және қолдану – өте қызық тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде менеджер имиджін қалыптастыруда көптеген әдістер мен түрлі тренингтер бар. Бірақ бастапқы білімсіз және  жоғарыда қарастырған әдістерсіз имиджді қалыптастыру мүмкін емес. 0000  Сонымен, заманауи менеджер – мамандырылған басқарушы, яғни оның жауапкершілікті жұмысынан, фирма сәттілігінің басты құраушыларының бірі болып келеді.

Соңғы жылдары экономиканың жекелеген секторларының дамуына байланысты, фирма, кәсіпорындардың  менеджерлерінің рөлі арта түсуде. Менеджерге жиі өз фирмасының қиын сұрақтарын шешуге тура келеді,  олар көбінесе критикалық жағдайлар мен күтпеген перспективалардан тұрады. Менеджердің ерекше ісі болып,  адамдармен көп байланыс құруы есептелінеді. Осыған орай, психология, әлеуметтану, ұйымдастыру тәртібінің принциптерінің негіздерін білу қажет. Өз қоластындағылардан қадірлеушілікке жеткенней кейін, олардың ісін ең жақсы жолмен құрастырып, орнатуға тиіс.

Менеджердің профессионалдық ісінің сәттілігі оның жеке қасиеттерінен бағынышты болады. Ұйымдастыру мен іскери қасиеттер өте маңызды. Басқарудың тиімділігі менеджердің авторитет деңгейіне байланысты.

 

Жаңа үлгіні өмірге әкелу әсте оңай емес. Қырық ойланып, жүз толғануға тура келеді. Творчестволық шабыт жоқ жерде қарабайыр үлгі ғана жасалмақ. Сол себепті де нағыз шығармашылықпен жұмыс істейтін сән үлгілеушілерді жинадым. Дүниеде, оның ішінде Қазақстанда енді қайталанбайтын киімге ие болу мен үшін үлкен бақыт деп есептеймін. Жалғыз дана ғана киіммен жүру- аз бақыт емес. Ол жеке адамды басқалардан да дараландырып тұратыны анық. Жұртшылық қаншама шабытпен, ізденіспен, керек десеңіз қиналыспен келетін киімдердің қымбаттығын түсіну керек. Авторлық киім салонынан адам арылмауы – оны түсіну ғана емес, қолдау да болса керек. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген қанатты сөз бар. Біз де әлемді мойындатқан және таңдай қақтырған, жалпақ дүниенің жұртын жақсы киіндіруде алдына жан салмаған «Пьер Карден», «Валентина», «Нина Риччи» фирмалар сияқты болғым келеді.Болуға ұмтыламын.

Модалық киімдер жасау, сән әлемінде өз дауысынды айту – басқалар ойлағандай әсте оңай емес. Оның шығармашылық шабытының толғағы өз алдына, қазіргі дүниеде бәрі заңдастырылуы керек. Кез-келген сәнді киімнің алдымен үлгісі қаралады. Ол үшін арнайы кеңестердің отырыстары да болады. Бар тірлік олардың батасымен де тынбақ емес. Енді әлгі үлгінің бүкіл конструкциясы жасалады. Жағасы, жеңі, тіпті түймесі мен тігісіне дейін талдау мен таңдаудан өтеді. Конструкциялық құрылымды бір детальға, тіпті шағын әшекей де таліне төмен баға берілсе, үлгінің жолдама алуына қауіп төнеді. Содан кейін барып оның бәрі қағазға түсіріледі. Түсінікті тілмен айтқанда, сипаттап жазылады. Кейде тіпті матамен, материалмен жақсы жұмыс істеп, одан неше түрлі құбылған киім шығаратын үлгілеушілер өз туындыларын қағаз бетінде сипаттап жазуға шорқақтау келеді. Мұны жаңа, тамаша ән шығарғанымен, оның нотасын түсіре алмайтын композиторлармен салыстыруға болады. Бірақ, өндірістің талабы бойынша сипатталып жазылуы керек. Керек десеңіз, көркемдік кеңестер көп ретте үлгінің өзіне емес, қағаздағы сипаттамаларын талдай береді. Өйткені, олар сол қағаздағы толық сипаттамаларды оқып отырып мұны қандай киім екенін көз алдарына әкеле алады. Мәселен, менің өзім де дәл осылай істеймін.

«Қазақ халық не кигісі келеді?» деген өте күрделі сұрақ. Оған жалпылама немесе жанама жауап бере салуға болмайды. Сондықтан үнемі халықтың қалай киінгісі келетінін, қандай үлгідегі киімдерді іздейтінін анықтаймын. Мода ешқашан ырғалып – жырғалуды көтермейді. Қазақта «таз тарағанша – той тарқап кетіпті» деген сөз бар.

Қазіргі заманда халықтың бірдей киінбейтінін ескерген жөн. Нарықтық қатынастар тұсында тұрғандардың көптеген әлеуметтік топтарға бөлінетіні белгілі. Мысалы, қарттар мен жастарды бірдей киіндіру мүмкін емес. Жастарға ұнаған киімді қарттар жағы ұдайы сынға алып отыратыны даусыз. Оның есесіне қарттардың киім киісіне жастар жағы күле қарайды. Сол себепті де әрбір үлгінің қандай әлеуметтік топқа арналатынына назар аударады. Әр маусым сайын моданың соңғы сөзін  айтуда көптеген өлшемдерді есептеймін. Бірде өте ұзын киімдер мода болса, жыл айналмай жатып сәнге қысқа, келте киімдер еніп жатады. Ендеше қанша ұзындықта немесе қысқалықта болуы керек, қаншалықты кең, қаншалықты тар болуы керек деген өлшемдерді де алдын ала зерттеймін.

Сән әлемі басқа өмірден бөлек дамыған емес. Қайта өмірдің бүкіл өлшемдері мен өрнектері осы модадан көрініс тауып отырады. Әсіресе, Қазақстан Республикасының модадағы жетістіктерінің бастауы, қайнары қазақ халқының мыңдаған жылдық дәстүрінде, тұрмысында жатыр. Міндетім – сол ежелгі дәстүрлер мен бүгінгі талапты ұштастыру. Қазіргі киімнің ең сәнді үлгілерінде қазақтың ұлттық ерекшеліктері, тым болмаса сол ерекшеліктің жұқанасы сақталуын қамтамасыз ету.

Ұлттық қайнарлар мен үшін сарқылмастай көрінеді. Одан осы заманғы кез-келген суретші – үлгілеуші өзінің қиялына қанат, ақылына азық таба алады. Біздің ұлттық бояуларға бай киімдерімізге Батыс елдерінің аса құмартатынын мен «Сымбат» модалар театрының талай елдегі қойылымдары барысында байқадым. Европаны бір бағындырсақ, ұлттық ерекшеліктеріміз бен дәстүрлерімізді көрсете отырып, сол дәстүріміз бен салттарымызды дамыта отырып қана таң-тамаша етерімізді ұғынған жөн.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

Негізгі әдебиеттер:

Веснина В.Р. «Бәріне арналған менеджмент» — М.: Юрист 2003

Глухов В.В. «Менеджмент негіздері» — СПб  2005

Максимцева М.М. «Менеджмент» 2-ші басылым. М.: Юнити – Дана, Бірлестік, 2002

Плахова Л.В. «Менеджмент негіздері» М.: КНОРУС, 2007

Баринов В.А. Менеджер анықтамасы. – М.: АДС, 2000

Тутушкина М.К. «Менеджерлерге арналған тәжірибелік психология»

Панасюк А.Ю., Сізге имиджмейкер қажет пе? Немесе өз имиджіңді қалай қалыптастыруға болады. 2-ші басылым, М.: «Вече», 2001

Андронова «Менеджмент бастаулары» 2003

Қосымша әдебиеттер:

Еропкин А., «Жетекші имиджі», М.: «Эксмо», 1999

Эйтвин, Бриза., Қазіргі заманғы ер адамның имиджі, М.: «Курсив», 1999

Дэвис Ф. Өз имиджіңді қалыптастыр. //М.: «Поппури».-1998.-

Колоскова М. Компания жетекшісінің ішкі имиджі // Ғылыми-тәжірибелік журнал «Персонал-микс», 2003.

Емельянов Е.Н., Поварницына С.Е. Бизнесс психологиясы. //.: Армада, 1998.

Электронды әдебиеттер

Google: kazgazeta.kz/?p=3785.   ru.wikipedia.org/wiki/Имидж.

image-school.kz/