Қазаргі кездегі Қазақстандағы діннің жағдайы

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.

Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеггіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ьщырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды.

Қазірде Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға, кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге және т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік, төзімділік және сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған.