Қазақстанның ұлттық құқығы мен халықаралық құқық арақатынасындағы қазіргі басымдықтар

Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.

Конституция елдің негізгі заңы ретінде елдің мемлекеттік-құқықтық өмірінің барлық аспектілерін, соның ішінде халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет ішінде орындалуын анықтайтын құжаттың кілті болып саналады. Бұл Конституцияның мемлекет қызметінің негізін реттеудегі ерекше орнынан және оның халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкестігінен көрінеді. отырады, оның халықаралық құқық нормаларымен және қағидаларымен сәйкестенуінде бұл рөл ерекше орын алады. Бұның маңыздылығын біздің еліміздің азаматтары да мойындайды. Конституция жай ғана мемлекеттің халықаралық шарттарға қатысты ниетін көрсетіп қоймайды, олардың орындалуына нақты нұсқаулар мен кепілдік береді. Сонымен бірге, халықаралық нормаларының ұлттық құқық жүйесіне ену тәртібін анықтайды, оның заңдық шегін де қарастырады.

Осы белгіге сәйкес ғалымдар мемлекеттердің негізгі үш басты тобын көрсетеді:

Бірінші топта халықаралық шарттар сол мемлекеттің ұлттық құқығымен тең деңгейде қолданылатын мемлекеттер (АҚШ, Франция, Швейцария және т.б.).

Екінші топтағы мемлекеттерде халықаралық және ұлттық заңнама және басты соттық тәжірибе қатаң түрде халықаралық және мемлекетішілік құқықтың аражігін айырады (Англия, Ұлыбритания басқарып ортырған Достастық қатарындағы мемлекеттер).

Үшінші топта жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары мемлекеттік құқықтан жоғары тұрады (ГФР, Италия) /1,15 бет/. Мысалы: ГФР Конституциясында мынадай ережелер бар: «Халықаралық құқықтың жалпы нормалары федерация құқығының құрамдық бөлігі болып табылады. Олар заң алдында артықшылыққа ие және федералды аумақтың тұрғындары үшiн құқық және мiндеттердi тiкелей тудырады».

Қазақстан кеңестік дәуірде халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болмаған, алайда республикада Сыртқы істер министрлігі болды, ал КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясының 80-бабы мен ҚазКСР-дың 1978 жылғы Конституциясының 71-бабы ҚазКСР-ға шетелдік мемлекеттермен қатынастарға түсуге, олармен келісімге отыруға және дипломатиялық және консулдық өкілдермен алмасуға, халықаралық ұйымның қызметіне қатысуға құқық берген болатын. Барлық кеңестік республикалар ішінен БҰҰ-на мүше болу мен халықаралық аренаға дербес шығу құқығы шын мәнінде 1944 жылы 1 ақпаннан тек Белорусь және Украина Кеңес Социалистік Республикасына тиесілі болды. Кеңестік Одақ құрамында Қазақстан объективті түрде ондай халықаралық құқық субъектісі деген мәртебеге ие бола алмады, себебі ол тек федеративтік мемлекет ішінде ғана республика мәртебесін иеленді. Жекелеген халықаралық қызметтің болмауы кеңестік биліктің саяси ықпалымен түсіндірілмейді. Сонымен қатар, кеңесті Одаққа қарсы күштеп тұратын әлемдік қауымдастықтың қарсыласуымен де байланысты. КСРО-ң барлық он бес мүшесінің және осы мемлекеттердің Ұлттар Лигасына немесе басқада халықаралық үкіметаралық ұйымдарға қатысуы социализм күшінің басым жағдай жасауына алып келуі мүмкін еді. Соған орай ҚазКСР және Одақтың басқа да республикалары сыртқы саяси қызметте дербес бола алмады және КСРО Конституциясында айқындалған ішкі мақсаттарды, міндеттерді және қағидаларды басшылық етіп отырды.

Барлық халықаралық міндеттерді мемлекет толықтай өз мойнына алып отырды, бұл жүкті жекелеген республикаларға артпады. Егер колониядан босаған африкалық мемлекеттерге өздерінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін әділетсіз халықаралық шарттарды денонсациялап, жою маңызды рөл атқарса, 1990-жылдары тәуелсіздік алған бұрынғы посткеңестік республикаларға, соның ішінде Қазақстанға мұндай қадам жасаудың қажеті болмады, себебі республика Кеңес Одағының құрамында және қорғауында болды. Сондықтан «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында көрсетілген мемлекеттің дамуының стратегиялық міндеттері постколониялық елдердің әлемдік тәжірибелеріне қарағанда мүлдем басқа болды және Ұлы держава құлағаннан кейін Қазақстанда орын алған саяси-экономикалық жағдай көрсетілді. Алайда бұрынғы одақтас республикалардың да ұлттық егемендігінің толықтай құрылуы өте қиын жағдайда жүріп жатты.

Қазақстандық конституционализмнің қалыптасуы әлемдік тәжірибенің негізінде жүріп жатты. Конституцияны дайындағандардың мойындауы бойынша, әлемдік тәжірибенің барлық жақсы жақтары алынды. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «бостандық сөзінен туындаған эйфория жағдайы» /4/ немесе В.И.Гойманның айтуынша «заңшығарушы романтизм» /5/ 1993 жылғы Конституцияның жасалуына әкелді, алайда бұл Конституцияның мазмұны елдегі объективті дамып  жатқан экономикалық және саяси-құқықтық жағдайдың үрдісін толықтай көрсете алмады. Сондықтан жасаушылардың пікірінше мемлекеттің нысаны мен тиісті құқықтық жүйеге сай келетін 1995 жылғы екінші Конституция қабылданды.

1993 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституцияны қабылдауынан бастапқы кезең. Төртінші кезеңнің конституциялық заңнамасының қалыптасуы  1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланысты. Бұл кезең, ғалымның айтуынша, әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Белгілі ғалымдардың ұлттық құқықтық жүйені кезеңге бөлу мәселесіне аса назар аударуы оның қиын екенін және оны дамытудың бір мәнді еместіктерін, соған қоса оның қалыптасуы мен әбден жетілдіруінің мәселелеріне әртүрлі жолдардың бар екендігін куәландырады. Жалпы жоғарыда келтірілген кезеңге бөлудің екеуінің де өмір сүруге толық құқығы бар және халықаралық құқықпен тығыз байланысты қазіргі ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан басталатындығын құжаттар куәландырады . Алайда 1990 жылдың 25- қазанындағы «ҚазКСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» 14-тармағында Қазақ КСР өзін өз мүддесі аясында сыртқы саясатты айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың қызметіне, оныңішінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелеріне қатысуға құқығы бар халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде жариялаған. Мұнда негізінен мемлекеттің экономикалық егемендігі жарияланды. Соған сай республика еркіндік және теңдік қағидаларын ұстана отырып, тиімді шарттар негізінде шетел мемлекеттерімен экономикалық және сауда байланыстарын құрып, өзінің сыртқы экономикалық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

Осылай Қазақстанның халықаралық құқық қағидаларын, мысалы халықаралық шарттарды жасау кезінде тең құқықтық, еркіндік сияқты қағидаларды ұстанатындығы бекітілді.

Бұл Декларация біржақты заңдық акт болып табылады, ол халықаралық  қатынастарда және халықаралық құқық саласында қатынастарда өз ниетін білдірген елдер үшін халықаралық құқықтық міндеттемелер жүктейді. Яғни 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-на мүшелікке енгенге дейін, негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды, мысалы консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясын, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын (кейін 1993 жылдың 31-наурызында ҚР Жоғары Кеңесі өз қаулысымен ратификациялаған) мойындағанға дейін Қазақстан халықаралық құқықтық нормаларды орындйтындығы туралы біржақты тәртіпте мәлімдеді.

Қазақстан өз егемендігін алған сәттен бастап, қайнар көзіне қарамастан, халықаралық міндеттемелерді сақталуы тиіс деген жалпыға бірдей сипаттағы халықаралық әдет-ғұрыптық нормаға сай қызмет етті.

Тәуелсіз Қазақстанның 1993-жылғы алғашқы Конституциясы қабылданғанға дейін көптеген өзгертулер мен толықтырулармен әрекет еткен 1978-жылғы ҚазКСР Конституциясына 1991 жылдың 21-тамызы мен 20-қарашасында мемлекеттің халықаралық құқықтың легитимді қатысушысы болуға мүмкіндік беретін біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, 71-бапта ҚазКСР  шет мемлекеттерімен қатынасқа түсуге, олармен шарт жасасуға және дипломатиялық және консулдық  өкілдіктермен алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар екені көрсетілген.

Конституцияның 97-бабының  21-тармағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялаудың айрықша құзіретін береді. Сөйте тұра бұл бап елдің нақты егемендіген шектейді: «ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылар КСРО-ның заңдарына қарсы келе алмайды». Егемендікке қадам жасаған бұл Конституция халықаралық шарттарды жасау саласындағы Украин және Белорусь КСР-ында бар конституциялық нормаларды шектейді. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы–тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет» делінуі заңдық тұрғыдан толық сауатты нормадан гөрі дербестіктің алғашқы сәтінде туындаған романтикалық ұранға ұқсайды. Бұл құжатта мемлекеттің нақты тәуелсіздігін қалыптастырған ережелер бекітілді. В.А.Малиновский «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конситуциялық Заң заңды күші бойынша, мазмұны бойынша де-юре ескі Конституцияның орнына келген «конституция алдындағы акт» болып саналды деп есептейді /8/.Аталған заңның 2-бабында кейінгі конституциялық заңнамаларда сәл өзгертілген ережелер бекітілді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзінің қарым қатынасын халықаралық құқықтық қағидаларға сүйене отырып орнатады /бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі – А.Е./. Ал 4-бапта мемлекет аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілер көрсетілген, олар: Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар ол таныған халықаралық құқықтық нормалар.

Осылай талданып отырған конституциялық заңда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы туралы ештеңе айтылмаған. Кезекпен аталған құқықтық актілердің ішінде бірінші кезекте Конституция, одан кейін ұлттық заңдар мен ең соңында ғана халықаралық құқықтық нормалар.

«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық мүшесі» делінген бесінші жеке тарауда Қазақстанды дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмаса алатын, халықаралық ұйымдарға мүше бола алатын халықаралық құқықтың субъектісі деп жариялады.

Көлемі үлкен емес Конституциялық Заңның «Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы» делінген екінші тарауында 1948 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей Декларацияның кейбір ережелері бекітілді. Мысалы, 6-бапта Қазақстан Республикасы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi ретінде барлық ұлттарының азаматтарына тiкелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асыруға кепілдік береді. Қазақстан жалғыз егемендікті жеткізуші, мемлекеттік билікті жүргізуші тек қазақ емес барлық ұлттардың азаматтарына мемлекеттік биліктің өздері сайлайтын мемлкеттік органдар арқылы орындалуына кепілдік береді. Бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының азаматтыққа ие болу құқығы көзделген 15-бабына, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізу құқығы көрсетілген 21-бабына сай келеді. Бұл бапта сонымен бірге, діни сеніміне, қоғамдық ұйымдарға тиесілігіне, шығу тегіне қарамастан Қазақстан азаматтарына бірдей құқықтар берілетіндігіне кепілдік берілген. Бұл Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 6-бабына (құқықсубъектілігін мойындатуға құқық), 18-бабына (ой пікірге, діни сенімге, ар ождан бостандығына құқығы) және т.б. сәйкес келеді.

Посткеңестік ғылыми жұмыстар қатарында ТМД ғалымдарының, мысалы Д.Г.Гусейноглының «Әзербайжанның  халықаралық құқықтық субъектілігі» атты еңбегінде, Г.Ш.Катамадзенің «Грузияның халықаралық құқықтық субъектілік негізі» деген диссертациясында КСРО құлауы нәтижесінде егемендік алған жас мемлекеттер КСРО-ға кіру нәтижесінде жоғалтып алған өздерінің мемлекеттігін қайта орнатты деп есептейді. Соған орай жас мемлекеттердің ең бірінші, өмірлік қажетті функциясы өздерінің тәуелсіздігін құрайтын мемлекеттік құқықтың негізін қалау болды. Қазақстанда осы процесс әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еліміздің тәуелсіздігін қалыптастыруда маңызды саты болды: тарихта бірінші рет еліміздің егемендігі Негізгі заңда бекітілді. Конституция Преамбуласында ережелердің үйлесімді қалыптастырылуы ерекше назар аудартады. Онда елдің егемендігі бекітіліп, өзін әлемдік қауымдастықтың бөлшегі ретінде жариялаған, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндетінің алдына адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары бекітілген ережелер үйлескен. Бұл ғана көпұлтты мемлекетте қазіргі замандастарымыз мен болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мығым азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімге негіз болатын еді. Конституциялық құрылым негіздерінің жетінші тармағы Конституцияның жоғары заң күшіне ие екенін, нормалары тікелей қолданылатындығын бекітті. Бұл ереже кейін 1995 жылғы  Конституцияның 4-бабының 2-тармағында бекітілді. 1993 жылғы Конституцияда  адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бірінші кезекте болды. Бұл Конституцияның бірінші бөлімі толығымен азаматқа, оның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне арналғанынан көрінеді. Бұл Конституцияның ерекшелігі, оның 3-бабы Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамадан басым деп таныған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілердің басымдығын белгіледі.

1995 жылғы Конституцияда «Адам және азамат» бөлімі екінші орынға қойылған. 1995 жылғы Конституцияда ратификацияланған халықаралық шарттар басымдығын мойындауы адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық құқық жеткен жоғары деңгейдің кейінге шегінгенін көрсетеді.

1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының бірден бір заңшығарушы және жоғарғы өкілді органы деп Жоғары Кеңесті атап, парламенттік басқару нысанын жариялады. Жоғарғы Кеңестің  толық көлемдегі өкілеттігінен Конституцияның 64-бабының 18-тармағын атап өтуге болады, бұл тармақ осы мемлекеттік органға халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау құқығын берді. 130-бабы Конституцияны соттық қорғауды және оның үстемдігін қамтамасыз етуді Конституциялық Сотқа жүктеді, оның Республика Конституциясының халықаралық шарттар мен міндеттемелеріне сәйкестігі туралы талаптарды қарау өкілеттігі болды.

1995 жылғы Конституциясы мен оны дамыту үшін қабылданған заңнама халықаралық шарттарға, Қазақстанда қабылданған құқықтық нормалардың халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына сәйкестігі туралы көптеген ережелерді қамтиды. Шетелдік бай тәжірибе де есепке алынды. 1995 жылғы Конституцияның нұсқасын дайындаған, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған кеңес беруші-сараптамалық кеңес құрамына тек қазақстандық емес, сонымен қатар ресейлік және  шетелдік мамандар да қатысты. Олардың қатарында РФ Конституциясының авторларының бірі С.С.Алексеев, Франция Конституциялық Кеңесінің төрағасы Р.Дюма мен Франция Мемлекеттік Кеңесінің кеңесшісі Ж.Аттали бар.

Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.

4-баптың 3-тармағындаРеспублика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады деген ереже бекітілген.

1969 жылғы 29-мамырдағы халықаралық  шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 2-бабы 1-тармағының в-тармақшасында көрсетілгендей, мемлекеттің халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше нысандары бар: ратификациялау, қабылдау, бекіту, қосылу.

Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық  шарттарын жасау, орындау  және денонсациялау тәртібі туралы» заң күшіне ие Жарлығына сәйкес шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын: 1. Қазақстан Республикасының атынан (мемлекетаралық шарт); 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан (үкіметаралық шарт); 3. Министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдар атынан және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдар атынан (ведомствоаралық шарт) жасалады. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі, министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдары атынан жасалады.

Егер де Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түрлері және де олардың жасау, орындау, күшін жою тәртібі Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 12-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» заң күшіне ие Жарлығы мен реттелсе, 1996 жылы 9 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, жоғары және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындау мәселелері туралы» №2940 Жарлығымен (07.05.04ж. №1361 ҚР Президентінің Жарлығымен өзгертулер енгізілген) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру ережесi» (бұдан былай Ереже) бекітілді. Жарлық мәтінінде ол «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының бірлігін қамтамасыз ету, халықаралық шарттар мен келісушіліктердің, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін іс жүзінде іске асыруды бақылауды күшейту және оларды орындаудың біртұтас тәртібін орнату» шығарылғаны жазылған.

Ережеде «жоғары және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтар» ұғымы халықаралық-құқықтық сипаты жоқ мынадай құжаттарда белгiленген мiндеттемелер мен өзара түсiнiстiктi бiлдiредi:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының шет елдерге сапарлары мен шетелдiк делегациялардың Қазақстан Республикасына осы тектес деңгейдегi сапарлары кезiнде қабылданған бiрлескен мәлiмдемелерi, декларациялары, коммюникелерi мен басқа да құжаттары;

Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бiрлескен құжаттар;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кездесулерi мен келiссөздерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған хаттамалар, меморандумдар, ноталар, хаттар мен тапсырмалар;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және оның орынбасарларының шет елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, шетел компаниялары мен фирмаларының басшыларына жеке жолдаулары және хаттары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7-сәуірдегі №1361 заң күшіне ие жарлығына сай Ереже «Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімі» түсінігіне құрылтай құжаттарына көрсетілген тәртіппен қабылданған халықаралық ұйымдардың шешімі түсіндіріледі» деген 3-1 тармақпен толықтырылды.

Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет жоғары деңгейде қол қойылған мемлекетаралық шарттарды жүзеге асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты даярлайды және оларды әрi қарай орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. Бақылаудан алып тастауды не iс-шаралар жоспарын орындауды жұмыс барысындағы бақылауға көшiрудi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi немесе ол болмаған ретте оның мiндетiн атқарушы адам жүзеге асырады.

Конституцияның 54-бабының 7-тармағы Парламентке палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау  құқығын береді.

Кей елдерде ратификация өзінен өзі ұлттық құқыққа белгілі  бір өзгерістер енгізбейді, себебі ратификациялау актілері мен  оған заң күшін беру бір бірінен ажыратылған (Франция, Италия, Бельгия және т.б.). Басқа елдерде конвенцияны ратификациялау фактісі конвенцияны автоматты түрде ішкі құқықтың бір бөлігі етеді (Аргентина, Мексика және т.б.). Алайда екі жағдайда да арнайы заңдық актінің қабылдануын қажет етуі мүмкін. Бұл ішкі құқыққа өздері орындалмайтын, яғни ұлттық заңнамаға енгеннен кейін тиімді әрекет ету үшін оларды жүзеге асыратын арнайы шараларды қабылдауды талап ететін.халықаралық нормалар енгенде ғана жүргізіледі.

Жалпысаяси сипаттағы нысандағы ұйымдасқан құқықтық шаралар жүргізумен (жаңа органдардың  құрылуы, заңдық актілердің және т.б. қабылдануы) байланысты емес шарттар туралы сөз қозғалғанда шарттың орындалуы жөніндегі арнайы мемлекетішілік актінің қабылдануы қажет етілмейді.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» Жарлығы Конституцияның халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ережелерін одан әрі дамыта отырып, 10-баптың 1-тармағында:«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялауды Қазақстан Республикасының Парламенті іске асырады» деп көрсетті. 14-бап ратификацияның екі сатысын көрсетеді: 14-баптың 1-тармағы Парламентке палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау, Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұсынылған халықаралық шарттарды қарастыру және соған сәйкесінше заң қабылдау құқығын береді. 2-тармағы ратификацияланған грамотаға Қазақстан Республикасының Президентінің қол қоюын қарастырады.

Құқық нормасы — бірнеше реттік әрекет ережесі. Сондықтан жат нормалар егеменді ұлттық құқықтық жүйеге бейімделіп, оның құрамдас бөлігі болу үшін, басқалармен сәйкес болу үшін мемлекеттің қолдауына ие болуы тиіс. Басқа қоғамдық қатынастардан тыс жеке реттелетін қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, тәжірибеде екінші нормалармен келісілмеген бір норманың қолдану мүмкін емес. Сондықтан да халықаралық-құқықтық ереже оның орындалуы мемлекетішілік қатынастарда қажет болғанда ғана ұлттық құқықтық жүйеге енгізілуі тиіс /15, 65б./. Басқаша айтқанда, барлық құқықтық жүйе, барлық нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы, соның ішінде ұлттық құқықтық жүйеге енгізілген халықаралық құқықтың  нормалары үйлесімді түрде бірге жұмыс жасауы керек. Тек сонда  ғана «заңдар соғысынан» немесе көбіне кездесіп отыратын «заңға тәуелді актілердің агрессиясынан» (егер соғыс терминологиясын қолданса)  құтылуға болады.

Халықаралық конвенция ережелерінің маңызды бөлігін өз бетінен орындалмайтын нормалар құрайды. Оны келесі сөз тіркестері көрсетеді: «мүше-мемлекеттер міндетті», «мемлекеттер шара қолданады» және т.б. Халықаралық құқық ғылымында қалыптасқан пікірлер бойынша мемлекеттің сот және басқа да органдары қызметінде осындай нормаларды қолдануы үшін халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға алдын ала имплементациялау қажет. Осыған байланысты С.В.Поленина құқыққолданушы органдар өз бетінен орындалмайтын конвенциялар ережелеріне сілтеме жасай ала ма және, ең бастысы, халықаралық конвенцияның өз бетінен орындалмайтын ережелері ұлттық заңнама нормалары алдында басымдықты пайдаланады ма деген сұрақтарды қояды. Жасап отырған алдау нәтижесі халықаралық-құқықтық құжатты мемлекеттің ресми тануға қатысты арнайы шараларды жүзеге асырмай-ақ халықаралық құқық нормаларын іске асыруы мүмкін екендігін көрсетеді және жоғарыда аталып өткендей, бұл көбінесе инкорпорация мен рецепция дәрежесінде болуы мүмкін.

Заңнамада «тікелей» қолдану туралы, халықаралық құқық нормасының «тікелей» әрекеті туралы жиі айтылады. Мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 3-бабының 8-тармағында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстің кеңістікте қолданылуының өзгеше ережелері белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет  екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады».

Нормалардың бір – біріне қайшы келуі және келіспеуі құқықтық реттеудің бұзылуына әкеліп соғады және соған орай оның тиімділігін ел көлемінде ғана емес, халықаралық құқық тәртібінде де төмендетеді. Заңгер-практиктерге жиі өзгеріп отыратын заңнаманың кей тұстарын көру қиынға соғады, ал кейбір жаңа нормативтік құқықтық актінің (әсіресе, заңға сәйкес актілер) пайда болу сәтін байқап та үлгермейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейтін халықаралық шарттардың ратификациялануының мүмкіндігі әбден аз десе де болады. Себебі Негізгі Заңда халықаралық-құқықтық қызметтің негізділігі мен оның дәлдігіне жауап беретін мемлекеттік органдардың шегі көрсетілген.

1995-жылы 30 тамызда Конституция қабылданғаннан бастап Парламент өз жұмысын бастағанға дейін 1995-жылдың 6 қыркүйегіндегі «1995-жылы 30 тамызда өткен референдумда Конституция қабылдануы байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін қамтамасыз ету және Республиканың халықаралық шарттық міндеттемелерін орындау бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес бірінші шақырылымдағы Республика Парламентінің бірінші сессиясы өз жұмысын бастағанға дейін Қазақстан Президенті мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттіліктерді жүзеге асырды. Олардың ішінде, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Бас Прокурорын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын лауазымдарына тағайындау, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасын, Жоғары Сот алқаларының төрағаларын, судьяларын лауазымына тағайындау мен оларды лауазымынан босату, Республиканың Конституциялық Сотының Төмен судьяларын, Республиканың Жоғары Арбитраждық Сотының Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарлары мен хатшысын, мүшелерін лауазымына тағайындау мен оларды лауазымдарынан босату, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен соттарының судьяларын қолсұқпаушылығынан айыру және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау бар.

Халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігіне кепіл болатын, оларды «сүзгіден» өткізетін Парламент мен Конституциялық Кеңес бар. 54-баптың 1-тармағына сәйкес «Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы 1) заңдар қабылдайды, …7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша: Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 2-тармақшасы); Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 3-тармақшасы); Бұл жағдайда Конституцияның 73-бабының 2-тармағына сәйкес «тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады». Конституциялық Кеңес өтiнiштер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде өз шешiмiн шығарады. Егер мәселе кейiнге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және күшiне енгiзiлмейдi (74-бап, 1-тармақ).

Егер Республика Конституциясына қайшы келетін халықаралық шарт ратификацияланып қойған болса, соның нәтижесінде белгілі бір қайшылықтар туындаса, Конституцияны қорғауға үшінші билік — сот билігі шығады. Ол Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады (76-бап, 2-тармақ). Соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады (76-бап, 2-тармақ). Соттардың

Халықаралық құқық барлық жағдайда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан бұлтарыссыз, сөзсіз басымдығын талап етпейді. Әрбір мемлекет өзі үшін халықаралық құқық пен өзінің ұлттық құқығы арақатынасының деңгейін, тәртібін, нысанын орнатады. Міне осы жағдайда мемлекеттің егемендігі көрінеді. Дегенмен, халықаралық шартқа кіргеннен кейін, өзіне белгілі бір міндеттерді ала отырып (барлық шарт бойынша немесе бір бөлігі бойынша), мемлекет оларды адал орындауға міндетті. Міне осыдан мемлекеттің халықаралық аренадағы өркениетті тәртібі көрінеді.

Осылай, Қазақстан Республикасының Конституциясы жеткілікті мөлшерде Қазақстан Республикасында халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді және сыртқы жағымсыз әсерлерді жоюға кепілдік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Құқықтың дамуы– адам қоғамның  дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар) қоғамның даму процесіне бірте-бірте құқық нормаларға айналуы. Сондықтан құқықтық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады.  Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуын бері қарай құқықтық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі мемлекеттік қоғамдық  меншікті реттеу моральдік-діни нормаларға сүйенді. Мысалы,  Индияда Ману заңы, Мұсылман елдерінде Құран: екіншісі — жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік  органның  өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп – басқару.

Конституциялық – құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады.

Құқықтық нормалар реттеушілік және қорғаушылық қызмет атқарады. Реттеушілік нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бәр нұсқасын белгілейтін конституциялық құқықтық нормалар жатады. Бұл, Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бөлімінде анық көрінеді. Қорғаушылық нормаларға субъектілер тәртібін мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықталатын конституциялық құқықтық нормалар жатады. Конституциялық құқық қорғау нормалары конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Бұл нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.

Конституциялық құқықтық нормаларды түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлеміз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз.
  2. Указ Президента Республики Казахстан О Концепции развития гражданского общества в Республике Казахстан на 2006-2011 годы от 25 июля 2006 года № 154
  3. Актуальные проблемы юридического образования и правового воспитания в современной России и других странах СНГ- Статья опубликована в Евразийском юридическом журнале № 11 (30) 2010.
  4. «Адам құқықтарының ахуалы туралы базалық баяндама»/ Халықты құқықтық ағарту, жаңа құқықтық сананы қалыптастыру/ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі коммисия/ http://hrc.nabrk.kz/
  5. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы 2009 жылғы 28 тамыздағы ҚР Президентінің N 858 Жарлығымен  бекітілген.
  6. Стандарты независимости юридической профессии Международной Ассоциации Юристов. Приняты на конференции МАЮ (Нью-Йорк, сентябрь 1990 года). Источник: Газета «Адвокат». 1996. №4. С. 7-9
  7. Система образования казахстана: проблемы, резервы развития, задачи на завтра. М.С. Нарикбаев, С.Ф. Ударцев
  8. «Казахстанская Правда»/общенациональная ежедневная газета/№ 100-101 (26521-26522) 19.03.2011 / Сания Кучаева.
  9. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі/ http://www.kaz.stat.kz/digital/naselsenie_kz/Pages/default.aspx
  10. Баймаханов М.Т., Аюпова З.К., Ибраева А.С. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан: Монография. – Алматы: КазГЮА, 2001. – 287 с.
  11. Малиновский В.А. Потенциал действующей Конституции еще не реализован//Мысль. – 2005. – №8. – С. 16.
  12. Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. – М.: Юр. лит.,  1993. – 166 с.
  13. Даниленко Г.М. Применение международного права во внутренней правовой системе России: практика Конституционного Суда // Государство и право. – 1995. – № 11. – С. 119.
  14. Касенова М.Б. Исполнение международно-правовых договорных норм в СССР: Автореф. дис. … канд. юрид. наук. – М., 1987. – 24 с.
  15. Нефедов Б.И. О юридической природе актов ратификации международных договоров// Международное и внутригосударственное право: Проблемы сравнительного правоведения. – Свердловск, 1984. – 131 с.
  16. Васильев А.М. О системах советского и международного права//Сов. гос. и право. – 1985. – №1. – С. 65.
  17. Сапаргалиев Г.С., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р. Правовые проблемы унитаризма в Республике Казахстан. – Алматы: Жеты Жаргы, 2000. – 312 с.
  18. Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт становления и эффективность механизма власти. – Алматы: КазГЮА, 2000. – 288 с.
  19. Широкалова Г.С. Российская правовая система и международное право: современные проблемы взаимодействия (Всероссийская научно-практическая конференция в Н. Новгороде) //Государство и право. – 1996. – №3. – С. 21-22.
  20. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: эпохи и цивилизации. – М.: Экспресс, 1993. – 576 с.