Қазақстанның су қорлары туралы қазақша реферат
(БҰҰ Даму бағдарламасының ақпараттықөаналитикалық шолуының мәлімдемесі бойынша 2005, 2008ж.ж.)
Республиканың территориясында жер беті суы біркелкі таралмаған. Тянь-Шань мен Алтай ,биік тауларында өзен жүйесі тығыз – 1800 м/км2 орналасқан. Орманды дала мен далалы аймақтарда ол 100-500 м/км2тең, ал шөлді аймақта-2м/км2 құрап барып, одан нөлге дейін төмендейді. Еліміздің территориясында 39000 өзендер, уақытша су ағатын арналар мен сайлар бар.
Солтүстік Қазақстан өзендерінің негізгі сипаттамасы:
Өзендер | Ұзындығы, км | Су алабының көлемі, мың км2 | ||
Жалпы | Қазақстан жерінде | Жалпы | Қазақстан жерінде | |
Ертіс | 4248 | 1400 | 1592 | 234 |
Есіл | 2450 | 1781 | 177 | 123 |
Тобыл | 1591 | 800 | 426 | 130 |
Нұра | 978 | 978 | 71,3 | 71,3 |
Негізгі су шаруашылығының өзен алаптары. Қазақстанда халықаралық өзен бассейндірінің құрамдас бөлігі болып табылатын сегіз өзен бассейні бар: Ертіс, Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра- Сарысу, Орал- Каспий, Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл.
Ертіс өзен бассейні. Өзеннің Қазақстандағы ұзындығы – 1200 км. Бассейн аумағының жалпы көлемі – 1, 64 млн. км2
Бүгінде өзен суы екі жасанды канал арқылы тармақталады. Біріншісі – Ертіс-Қарағанды (ұзындығы 485 км), ал екіншісі – 2000жылдардың басында Қытай аумағында Қарамай қаласындағы мұнай өндірісі үшін салынған (ұзындығы 300 км). Ертіс суын Астананың қажеттіліктеріне жарату үшін оны Есіл бассейнімен канал арқылы байланыстыру жобасы қарастырылып жатыр. Бұл да Ертіс өзеніне қосымша қысым болып келері сөзссіз.
Өзенді ластау факторлары: тау-кен өндірісі және ежелден келе жатқан – Семей ядролық полигонының салдары.
Есіл және Тобыл-Торғай өзен бассейндері. Есіл және Тобыл өзендері СҚО басталып, Ертіс өзеніне қосылып, Қазақстан-Ресей шекарасының арғы жағына ағып өтеді. Судың гидрологиялық тәртібіне байланысты су қорларын тиімді пайдалану өте қиын. Жерасты суларының қоры Есіл бассейнінің аймағында тым аз, сондықтан су қоры жетіспейді.
Екі бассейн де өндіріс қалдықтарымен және қалалардағы қалдық сулармен ластанады.
Нұра-Cарысу өзен бассейндері. Бассейн құрамындағы Нұра өзені ұзындығы 978 км, бассейн көлемі 58 100 км2 тең. Нұра Теңіз көліне барып құяды. Мұнда аса ірі өндірістік қала – Қарағанды бар. Су қоры өте шектеулі.
Ластанудың басты көздері – өндіріс қалдықтары және канализация. Нұра өзенінің ең басты ластаушысы – Теміртаудағы карбид зауыты. Ол өнеркәсіп технология бойынша катализатор ретінде сынапты пайдаланған. Қазіргі уақытта өзен түбіне 25 т сынап жиналған.