Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығы туралы қазақша реферат
Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл — Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. Қытайда Пекин қаласында орналасқан ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж. желтоқсаннан бері), Шанхай (2003 ж. тамызынан бері) мен Гонконг (2005 ж. мамырынан бері) қалаларында ҚР Бас консулдықтары, ал Үрімші қаласында Төл-құжат визалық қызметі (1995 ж. мамырынан, консулдық мекеменің мәртебесі жоқ) жұмыс атқаруда. Астана қаласындағы ҚХР Елшілігінен басқа Алматы қаласында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде ҚХР Бас консулдығы жұмыс атқаруда.
Қазіргі заманғы Қазақстан мен Қытай қатынастары екі елдің қол жеткізген келісімдерін жүйелі түрде жүзеге асырумен ерекшеленеді. ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді, әрі тұрақты дамуын Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларация (2005 жылғы 4 шілде), Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы 23 желтоқсан), Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті (2004 жылғы 2 шілдеде құрылған), 21-ші ғасырдағы Стратегиялық ынтымақтастық (2006 жылғы 20 желтоқсан) және экономикалық ынтымақтастық даму тұжырымдамасы (2006 жылғы 20 желтоқсан) қамтамасыз етуде.
Бүгінгі таңда жиналған ынтымақтастық тәжірбиесінің арқасында екі елдің қатынастары әрі қарай даму қарқынын көресетуде. Бұл тұрғыда екі ел арасында қалыптасқан ең жоғарығы және жоғарығы деңгейдегі байланыстар қатынастарды дамытуда өте маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР сапарлары: 1993 жылғы 18-21 қазанда ресми сапар; 1995 жылғы 11-13 қыркүйекте мемлекеттік сапар; 1999 жылғы 23-27 қарашада мемлекеттік сапар; 2002 жылғы 22-25 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 16-19 мамырда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 24-25 қыркүйекте жұмыс сапары; 2006 жылғы 19-22 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2008 жылғы 7-10 тамызда 29-шы жазғы Олимпияда ойындарының ашылу рәсіміне қатысу шеңберіндегі жұмыс сапары; 2009 жылғы 15-19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Азиялық Боао форумына қатысуымен ұштасқан Қытайға сапары өткізілді. 2011 жылғы 21-23 ақпанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында Елбасы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен келіссөздер жүргізіп, Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайының Тұрақты комитетінің Төрағасы У Банго және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен кездесулер өткізді. Келіссөздердің қорытындылары бойынша ҚР Президенті мен ҚХР Төрағасы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Екі мемлекет басшыларының қатысуымен энергетика, трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау, Астана-Алматы бағытындағы шапшаңдығы жоғары қозғалысқа есептелген теміржол магистралын салу және т.б. салаларындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мен меморандумдар қабылданды. Қытай тарапының ең жоғарғы деңгейдегі сапарлары: 1996 жылғы 4-6 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің мемлекеттік сапары; 1998 ж. 4 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цземиннің жұмыс сапары; 2000 жылғы 27-30 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің ресми сапары; 2003 жылғы 2-4 шілде – ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2005 жылғы 3-4 шілде – ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2007 жылғы 17-18 тамызында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары; 2009 жылғы 12-13 желтоқсанда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары өтті. 2010 жылғы 11-12 шілдеде ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Келіссөздердің қорытындылары бойынша энергетика, экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық жайындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қойылды.
Қазақстан тарапының үкімет басшылары деңгейіндегі сапарлары:
1992 жылғы 24-28 ақпан – ҚР Преьмер-Министрі С.Терещенконың сапары; 1998 жылғы 7-12 мамыр – ҚР Премьер-Министрі Н.Балғымбаевтың ресми сапары; 2004 жылғы 22-26 желтоқсан – ҚР Парлметі Сенатының Төрағасы Н.Абықаевтың сапары; 2007 ж. 17-18 наурыз – ҚР Премьер-Министрі К.Масімовтың жұмыс сапары; 2008 жылғы 9-12 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың кезекті Азиялық Боао форумына қатысумен ұштастырылған ҚХР-ға ресми сапары өтті; 2009 жылғы 22-24 қарашада ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті; 2010 жылғы 29-30 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Шанхайға сапар шегіп, «ЭКСПО-2010» дүниежүзілік көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты және ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесу өткізген болатын; 2010 жылғы 15 қырқүйекте ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жұмыс сапармен болды; 2010 жылғы 14 қазанда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті.
Қытай тарапының жоғарғы деңгейдегі сапарлары:
1994 жылғы 25-28 сәуір – ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Ли Пеннің ресми сапары; 1997 жылғы 24-25 қыркүйек – ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Ли Пеннің сапары; 2001 жылғы 13-15 қыркүйек – ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Чжу Жунцзидің ресми сапары; 2002 жылғы 8-9 сәуір – Қытай халықтық саяси консультативтік кеңес төрағасының орынбасары Ван Вэннің екінші Евразиялық экономикалық саммитке қатысу шеңберіндегі Алматыға сапары; 2006 жылғы 9-12 қаңтар – ҚХР Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхуаның ҚР Президенті Н.Назарбаевтың иногурациясына қатысуы.
2008 жылғы 29-31 қазанда ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Вэн Цзябао Астанада ұйымдастырылған Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының Үкімет басшылары кеңесіне қатысу шеңберінде, Қазақстанға алғаш сапарын өткізді. Сапар барысында тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға кол коюмен бірге, екі елдің үкімет басшылары Біріккен коммюнике қабылдады. ҚР Парламенті мен Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайы (БХӨҚ) арасындағы қатынастар да нығаюда. 2007 жылғы 10-13 қыркүйегінде БХӨҚ Тұрақты комитет төрағасының орынбасары Хэ Лули Қазақстанға сапарын жасады.
Екі елдің бұл саладағы қатынастарының маңызды оқиғасының бірі 2008 жылғы 23-28 қаңтардағы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың Қытайға жасаған сапары болып табылады. Сапар барысында Қ.Тоқаев ҚХР Төрағасы Ху Цзинтао мен БХӨҚ Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесіп, қазақстан-қытай қатынастарының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алысты. 2010 жылғы 21 шілдеде Парламент төрағаларының бүкіләлемдік үшінші конференциясының шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың БХӨҚ Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангомен кездесуі өтті. 2010 жылғы 9-11 қарашада ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлиньнің Қазақстанға сапары өтті. Екі елдің сыртқы саясат мекемелері арасындағы ынтымақтастық қатынастары да қарқынды дамуда. 2010 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев ҚХР-ға сапар шекті. 2010 жылғы 27-29 желтоқсанда ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға ресми сапармен келіп, сапар нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР Сыртқы істер министрлігі арасында 2011-2013 жылдардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.