Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты

Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты туралы қазақша реферат

Қазақ азаматтық ілімінің мақсатына мән беріп қарасақ, оның орыс азаматтық құқығының жолын тандағанын көреміз және де англо-саксон мен континентальдық (романо-герман) құқық жүйесінің нормаларына сүйену байқалады.

Қазақстан Республикасының саяси құқықтық ағымының азаматтық құқықты нарықты экономикаға бейімдеуге бағытталғаны белгілі. Бұл орайда азаматтық құқықтың қандай болуы керектігіне жауап беруге және қандай талаптар дәрежесінен көрінуі керектігі мәселелері күн тәртібінде тұр. Атап айтқанда, құқықтың қандай идеальды түпнұсқа ретінде алу керектігі шешімін күтер мәселе. Мысалы, оған лайық экономика мүддесі ме, табиғи құқық па, «жөні түзу» құқық әлде ұлттық идеал немесе индивидуализм бе? Бұл сұрақтарға жауап әзір табыла койған жоқ.

Еліміздің қазіргі азаматтық құқығы мынадай: әлеуметтік әділеттілік, азаматтық құқықты әлемдік деңгейге көтеру және нарықтық қатынастарды дұрыс реттеу тәрізді ағымдармен сипатталады деп ойлаймыз.

Әлеуметтік әділеттілік орта буындағы тапты корғауды талап етеді. Алдыңғы қатарлы азаматтық заңдар (мәселен, неміс немесе швейцария зандары) экономикалық жағынан әлсіздерді қорғауға бағытталған. Әлсіздерді қорғау арқылы ауқаттылар мен кедейлер арасындағы күресті жұмсартуды мақсат етеді. Демек, экономика — әлеуметтік деңгейі орташа адам мен экономикалық жағдайы жақсының, сол орташа адам мен экономикалық жағынан әлсіз адамның арасындағы мүдделердің тоғысу нормаларын жасап шығарады. Әлеуметтік әділеттілік азаматтық құкықтың социалистік жүйесіңде де өзіндік орын алды.

Біздің қазіргі азаматтық құқығымыз күннен күнге тұлғаның дербестігінің өсуін қамтамасыз етуде, ал осы өсудің нәтижесінде жеке тұлғаның жалпы мүддеден шектелуі қатар жүріп келеді.

Айталық, казіргі азаматтық құқықтың негізі — еркін бәсекелестік, соның арқасында жеке адамды заң тұрғысынан қорғау шаралары күшейді: мәселен, моральдык залалды қалпына келтіру, шетелдіктердің құқықтарын қорғау, есімді корғау құқығы және т.б. Ал екінші жағынан алып қарағанда, «іскерлік, парасаттылық» принциптері пайда болуда, яғни өзгенің мүддесімен санасудың үлкен қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар, экология үшін жауапкершілік, сатып алушының құқығын қорғау және т.б. мүдделіктер күшеюде.

Қазіргі азаматтық құқық адам құқығын қорғауға ерекше мән береді, мұның өзі көптеген мемлекеттермен өзара және тұрақты байланыс орнатудың жемісі десе де болады. Азаматтық құқықтың шетелдік тәжірибеге бой ұруынан келіп, өзінің ұлттық сипатынан бірте-бірте айрыла бастағаны да байқалады (мысалы, вексельдік немесе міндеттемелік құқық). Бірак ондай ағымға үрке карауға да болмайды, өйткені, әрбір ел азаматтық құқығының өзінетән ерекшеліктерін сақтап калуға тиіс.

Өз ерекшелігі бар нарықтық қатынас азаматтық құқыққа әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да қазіргі азаматтық құқық міндеттеменің икемділігімен, қозғалмайтын мүлікке ие болуымен ерекшеленеді (мәселен, жерге жеке меншік қатынасын енгізу). Демек, қозғалмайтын мүліктің де қозғалатын мүлік тәрізді

азаматтық айналымға соның тәртібімен түсуге ұмтылатыны байқалады, сөйтіп,

азаматтық құкық нарық сипатын біртіндеп еншілей береді.

Біздің ойымызша, Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты, міне, осындай.