Бухгалтерлік есеп стандарттары — есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субьектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаурашылық субьектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.
Стандарттар есептің әр түрлі аспектілерін суреттейді және қандай да бір әдістері мен амалдарын дұрыс пайлануды талдаудың әдістемелік негізі, құралы болып қызмет атқарады.
1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшу негізінде қазіргі кезде сандық түрде қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстарды дайындаумен толықтырылып отыратын 20 стандарттарын енгізді. Халықаралық тәжірибедегі сияқты Қазақстанда қызмет етіп отырған есеп стандарттарын былай бөлуге болады:
v Жалпы әдістемелік ( № 4 « Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп » және т.б. );
v Әлеуметтік саясат бойынша стандарттар (№ 16 « Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі » және т.б.) ;
v Мүліктер мен құралдардың жеке түрлері бойынша стандарттар (№6 « Негізгі құралдар есебі », №7 « Тауарлы — матералдық қорлар есебі », №8 « Қаржылық инвестициялар есебі ») және т.б.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының тізімі ұсынылады:
Стандарт нөмірі |
Стандарт атауы | Енгізілген жылы |
БЕС 4 |
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп |
1997 |
БЕС 5 |
Табыстар |
1997 |
БЕС 6 |
Негізгі құралдар есебі |
1997 |
БЕС 7 |
Тауарлы-материалдық қорлар есебі |
1997 |
БЕС 8 |
Қаржылық инвестициялар есебі |
1997 |
БЕС 9 |
Шетел валютасындағы әрекеттер есебі |
1997 |
БЕС 10 |
Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу |
1997 |
БЕС 11 |
Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп |
1997 |
БЕС 12 |
Күрделі құрылысқа келісімшарт |
1997 |
БЕС 13 |
Консолидирленген қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктеріне инвестициялар есебі |
1997 |
БЕС 14 |
Тәуелді шаруашылық серіктестіктеріне инвестициялар есебі |
1997 |
БЕС 15 |
Қаржылық есеп беруде бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесін бейнелеу |
1997 |
БЕС 16 |
Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі |
1997 |
БЕС 17 |
Жал есебі |
1997 |
БЕС 18 |
Инвестициялық қорлар есебі |
1997 |
БЕС 19 |
Зейнетақы жинақтау қорларына есеп беру есебі мен құрылуы |
1997 |
БЕС 20 |
Мұнай-газ өндіруші қызмет есебі мен есеп беруі |
1997 |
БЕС 21 |
Банктердің қаржылық есеп беруі |
1998 |
БЕС 23 |
Шағын кәсіпкерлік субьектілердің есебі және есеп беруі |
1998 |
БЕС 24 |
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру |
1998 |
БЕС 25 |
Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялардың есебі мен есеп беруін құруы |
1998 |
БЕС 27 |
Есепті кезең мерзімінен кейінгі болжанылмаған жағдайлар мен оқиғалар |
1999 |
БЕС 28 |
Материалдық емес активтер есебі |
2000 |
БЕС 29 |
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығындары есебі |
2000 |
БЕС 30 |
Қаржылық есептілікті ұсыну |
2003 |
БЕС 31 |
Таза табыс не зиян есеп мерзімдегі маңызды қателер және есеп саясатындағы өзгерістер |
2003 |
БЕС 32 |
Жалпы сақтандыру саласында сақтандыру қызметін жүргізетін сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігі |
2003 |
БЕС 33 |
Делдалдық қызметін әрекеттерін ақпараттандыру және есептеу |
2004 |
2008 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы « Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік » заңының 2- бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерді, ірі кәсіпкерлік субьектілерін және жария мүдделі ұйымдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен ұйымдар қаржылық есептемелікті ұлттық стандарттарға сәйкес құрастырады, мынадай санаттарға байланысты:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шарушылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар үшін , сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын кәсіпкерлік субьектілер бухгалтерлік есепті « Қаржылық есептемеліктің № 1 Ұлттық стандарттары » бойынша жүргізеді;
2) Бірінші тармақтардағы аталғандарды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне , сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға, шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан аумағында тіркелген филиалдары мен өкілдіктері мен бухгалтерлік есепті « Қаржылық есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары » бойынша жүргізеді;
3) Орта кәсіпкерлік субьектілері , сондай-ақ оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар ( қазыналық кәсіпорындар ) бухгалтерлік есепті « Қаржылық есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары » бойынша жүргізеді.
Ірі кәсіпкерлік субьектілер мен жария мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға міндетті.
1,2,3 – тармағында аталған ұйымдар есептілік саясатын бекіткен олардың басшы органдарының шешімі бойынша қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.