Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі курстық жұмыс

ЖОСПАР
КІРІСПЕ……3

І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы….5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері……5
1.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы…9
1.3 Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар………11

ІІ. Қазақстандағы сақтандыру компаниялары………..13
2.1 Сақтандыру компаниялары………….13
2.2 «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы туралы….16
2.3 «Евразия» сақтандыру компаниясы туралы……17

ІІІ. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі….20
3.1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі……20
3.2 Коммуникацияның деңгейлес жүйесімен сақтандыру компаниясындағы тәуекел-менеджменттің жүйесі……24
3.3 Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы……27

ҚОРЫТЫНДЫ……..30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……32

КІРІСПЕ

     Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Аталған курстық жұмыс бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау жасап, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындауға бағытталған.

     Тақырыптың өзектілігі. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру  табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.

Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп – ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты.

Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.

Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен  азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, рыноктық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру  әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр.

     Курстық жұмыстың  мақсаты.  Курстық жұмыстың мақсаты – сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістерін және осылардың негізінде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.

     Зерттеу пәні – сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің үдерісінде туындайтын қатынастар.

     Зерттеу объектісі – Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі болып табылады.

     Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 32 бет