Қазақстандағы қайырымдылық әрекеттері туралы қазақша реферат
«Жақсылықтан басқаның бәріне қарсы тұруға болады»-дейді Ж.Ж.Руссо.Ал, В.Скотт «Егерде адамдар бір-біріне көмектесуді үйренбесе, онда адамзат ұрпағы жер бетінен мүлдем жоғалады» деген екен.Қамқорлық қорларының осындай мақсаттарға негізделіп құрылғанына күмән келтірмес деп ойлаймын. Қоғамдық қор—көпшілікке арналған, көпшіліктен жиналған қаражатқа заңға қайшы келмейтін өзіндік құрал- жабдықтары бар,ол құрал-жабдықтар көпшіліктің пайдасына ұсталатын қоғамдық бірлік болып табылады. Бұл қорлардың негізгі жұмысы көпшілікке мәдени,рухани, қаржылай қамқорлық көрсету.Қамқорлық қорларының жұмыстарына жүргізілген талдауларға байланысты мәлімметтерде,он адамнан тұратын қоғамдық бірліктің бір жылда 200- ден аса қоғамдық шаралар өткізіп,бірнеше бағыттарда жұмыстар ұйымдастыра алатынын айта келіп,бұл өз жұмысына деген сүйіспеншіліктің,жұмысқа шектеуліктің және шенеуніктік қысымның жоқтығынан деп көрсетеді.Қамқорлық қорының жұмысын оның құрылымын, қамқорлық деген ұғымды қарапайым халық түгілі мәдениет саласында жұмыс жасайтын, осы ұғым туралы азды-көпті түсінігі бар оқыған,өмірден көргені бар адамдардың өзі түсіне бермейді.Осы салада жұмыс жасай жүріп, талай жоғарғы өкімет орындарында істейтін жандардың ол не үшін керек, соған неге басыңызды ауыртасыз, тыныш үйде отыруға болмайды ма,деген сұрақтары жаныңды ауыртып, жүрегіңе жара салады.Бұл қамқорлық қорларының мемлекеттік емес ұжым болғандығынан ба екен, деген ой туады.Қамқорлық қорларына мемлекет өз тарапынан қолдау көрсетпегендіктен көпшілік ортасында да оның беделі төмен бе, дейсің?Сонымен қатар әлі күнге бұндай қорлар мемлекетке керек те емес болып отыр.Әрі көпшілік арасында қамқорлық қорлары туралы қаржы аудару, ұрлау, сол қамқорлық деген ұғыммен бүркеніп жеке мүдделерін ойлайтындардың шоғырланған бірлігі деген жаңсақ ұғымдар да қалыптасқан.Ондай қорлардың барыда өтірік емес.Әлі күнге талай жұмыстар жасай жүріп қорымыздың табыс таппайтынына, тапқанымызды елге таратып беретінімізге көпшілік түсіне бермейді де, сенбейді де. Егер сен істеген ісіңнен табыс таппасаң,ал тапқаныңды елге таратып берсең онда сенің ақымақ болғаның. Жасыратыны жоқ,ондай жұмыспен тек ессіз жандар, еріккен жандар айналысады деп ойлайды көпшілік жұрт.Солай деседе, біздің халқымызда тұрмысы төменге қамқорлық жасау, сонау атам заманнан қалыптасқан игілікті істердің бірі болып табылған.Қазақ халқында бақуатты, халқын сүйер азаматтар қай уақытта да өз қолынан келер көмегін жақынынан, елінен аямаған.Бұндай азаматтарды халық атымтай жомарттар деп, үлгі тұтқан.Әрине халықтың ішінде қамқор болушылардың санының аз, көп болуы мемлекеттің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайына байланысты. Қазіргі Қазақстан Республикасы бұдан 15 жыл бұрынғыдай емес жетілген ел, жер шарына танылған ел.Солай бола тұрсада шет елдерде Қазақстан туралы оның мәдениеті,экономикасы туралы, болашақтағы мүмкіндіктері туралы біле бермейді. Оның қазіргі экономикасының көрсеткіштеріне сенсек, атымтай жомарттары көп болатын елге жатқызуға болады.Нақты іс жүзінде қалай? Халық даналығы айтқандай жүз рет естігеніңнен, бір рет көргенің артық дейді.Осы мақсатта Мәскеудегі «Астана» қоры, өзінің барлық мәдени қоғамдық шараларында қолда бар халқымыздың мәдени мұраларынан көрмелер ұйымдастырып, салт-дәстүрлерімен таныстырып отырады. Мәскеудегі халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдаудың «Астана» қоры осындай жақсылық жасауға жаны құмар жандардың қолдауымен құрылған.Бұл қордың мақсаты туған елінен алыстағы қазақстандықтарға мәдени-рухани тұрғыдан қолдау көрсету болып табылады.Әрине бұл көпшілік үшін тегін жұмыс жасау,оны ұйымдастыру, түрлі мәдени шараларды өткізу,сырттағы қазақ балаларына қазақ тілін оқытып үйрету. 2004 жылдан осы қордың мүшелері Қазақстанда қазақ тілі мен әдебиетінен өтетін «Қазақстан—ата жұртым, қасиетім—ана тілім» атты Халықаралық олимпиадаға Мәскеу қазақ балаларын дайындап қатыстырып келеді. Әр түрлі мәдени жобалар жасап, оны іске асыру үшін қаражат іздеп табуда.Әлі есімде, Мәскеудегі он шақты зиялы қариялар тобын Қазақстанның тарихи жерлерін аралатуға арналған жобаны екі жыл толғаттым. Оған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 15 жылдық мерекесіне арнап, «Қазақмыс» компаниясының жариялаған жыр мүшайрасына қатысып, өзімнің жеке творчествомның арқасында жеттім.Яғни, жыр мүшайрасының лауреаты ретінде «Қазақмыс» компаниясы басшыларына шыға отырып, қариялар тобының жол қаражатын осы компанияның қаржыландыруына қол жеткіздім. Мемлекет