ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ курстық жұмыс

Мазмұны:

Кіріспе …………3

1. Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде……6

1.1. Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары…..6

1.1. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері……..10

1.2. Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері….12

2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау…..16

2.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және  басқару жүйесі ….16

2.2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері) …19

2.3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 – 2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау……..24

3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары…36

3.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері……36

3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары……39

Қорытынды ………….41

Қолданылған әдебиеттер ……….44

Қосымшалар ………..45

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлік отандық экономиканы дамытудағы маңызды құрал екендігі айқын.

Нарықтық экономикаға көшу монополизмнің алдын алу, бәсекелікті дамытуға бағытталған өндіріс құрылымын қайта құру тәрізді радикалды өзгерістерді талап етті. Ал бұл әлемдік тәжірибе көрсеткендей меншіктің, ұйымдық-құқықтық формасының әр түріне бағытталған кәсіпкерліктің дамуынсыз нәтиже бермейді.

Қайта құруға дейінгі кезеңде сыртқы экономикалық байланыстарды басқару елімізде макродеңгейде, яғни мемлекет деңгейінде жүзеге асты. Сыртқы саудада және сыртқы экономикалық қызметтің монополия жағдайында мемлекет қандай ұйымдар, қандай салада,қандай көлемде операция жүргізуін бекітіп отырады, елдің экспорттық-импорттық жоспарын анықтайды. Мемлекет экспорт және импортты рұқсатқағаздар жүйесі арқылы реттеп отырады. Тек 80 арнайы сыртқы экономикалық ұйымдар әлемдік нарықта экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы болды.

Қайта құру кезеңі басталысымен (нақты 1987  жылы) сыртқы нарыққа кез келген өнімі әлемдік нарықта бәсекеге ие отандық кәсіпорындар мен фирмаларды шығаруға құқық беретін мәміле қабылданды. Қазір әрбір ұйым заңнамалар шегінде өзі сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырып, оны микродеңгейде басқара алады. Мемлекет бұл жағдайда реттеу, үйлестіру, бақылау және әсер ету қызметтерін атқарады.

Фирма деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару сыртқы экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын әзірлеу, шетелдік нарықтағы фирманың тәртібін, сыртқы сауданың жоспарын құру, сыртқы экономикалық қызметті басқару органдарының тиімді құрылымын қалыптастыру, оның фирманың басқа қызметтерімен үйлестіру, шетелдік серіктестермен экономикалық қатынастар шешімін ақпаратпен қамсыздандыру сияқты мәселелерді шешуді талап етеді.

Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің негізі экспорттық өнім өндіру болып табылады. Экспорттық өнім өндірушілер мен қызмет ұсынушылардың өз тарапынан сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік беру сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) жаңа формаларының дамуына ғана емес, сонымен қатар шетелдік серіктестермен тікелей өндірістік қатынастар орнату мен фирмааралық, бірлескен кәсіпорындар негізінде бірлесу, жаңа ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдардың пайда болуына себеп болды. Сыртқы нарықпен қатынас орнатуға сонымен қатар басқа да бағыттар әсер етті. Экспорттық стратегияны әзірлеуде маркетинг пен жарнамаға жоғары назар аудару, сыртқы нарыққа шығу және сыртқы сауда қатынастарына түсу процедураларының ережелерін білу және орындау, сонымен қатар инвестициялық-шаруашылық саясат және елде және сырт елдерде мемлекеттің реттеу механизмі. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру жағдайында елімізде меншіктің әр түрлі формалары пайда болды. Меншіктің әр түрлі жаңа формаларының арасында отандық экономиканың дамуына әсер етуге бағытталған, белгілі орын алатындарының бірі – бірлескен кәсіпорындар. Бірлескен кәсіпорындар – салыстырмалы түрде халықаралық кәсіпкерліктің жаңа ұйымдық-әлеуметтік формасы. Көптеген экономикалық әдебиеттерде бірлескен кәсіпорындар деп шетелдік серіктесі бар, өндірістік, ғылыми-техникалық, сыртқы сауда және т.б функцияларды атқаруға қолданылатын материалдық және қаржылық ресурстарға ортақ меншіктік қатынас орнатылған шаруашылық және құқықтық әріптестік формасын атайды.

Қазақстанда құрылып жатқан бірлескен кәсіпорындар елге жаңа техника мен технологияны, халықаралық маркетингтің қазіргі әдістерін және алдыңғы қатарлы басқару тәжірибесін тартуда позитивті маңыздылыққа ие болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған мәселелер  курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты – бірлескен кәсіпорындардың қызмет ету  және оны жүзеге асыру механизмдерінің негізін теориялық зерттеу, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу негізінде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметтерін жетілдіруге ұсыныстар жасау.

Сондықтан курстық жұмыс барысында келесі міндеттер қойылды:

  • Бірлескен кәсіпорындардың теориялық негізін зерттеу;
  • Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың әрекет ету механизмінің құқықтық базасын қарастыру;
  • «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу;
  • Мұнай саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің шетелдік тәжірибесіне тоқталу;
  • Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірлескен кәсіпорындардың қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары мен механизмдерін айқындау.

Курстық жұмыстың теориялық бөлімінде бірлескен кәсіпорындар түсінігі, олардың мұнай саласындағы қызмет ету механизмінің құқықтық негіздері, Қазақстан өнеркәсібіндегі маңызы талқыланды.

Екінші, сараптамалық бөлімде Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне талдау жүргізу «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу мысалында жүзеге асты. Кәсіпорынның құрылу тарихынан бастап, басқару жүйесіндегі ерекшеліктерге назар аударылды. Есеп беру жүйесіндегі, салық жүйесіндегі, баға қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктер қарастырылды. Соңғы үш жылдағы қаржылық, экономикалық көрсеткіштеріне сараптама жүргізілді.

Үшінші бөлімде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК даму перспективасы мен проблемамалары қарастырылып, жалпы мұнай-газ секторындағы бірлескен кәсіпорындардың дамуындағы кедергілерді жою, олардың қызмет ету аясын жетілдіру бағытына ұсыныстар жасалды.

Курстық жұмыстың теориялық негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, монографиялары, мақалалары, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері қарастырылды. Курстық жұмыстың ақпараттық базасы – ҚР-ның статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің мәліметтері, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның қаржылық қызметінің есебі, интернеттегі ақпараттық сайттар.

Жұмыс барысында ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық, салыстыру, талдау және синтез, индукция, дедукция, жалпылау, топтастыру, математикалық әдістері қолданылды

курстық жұмыс / 45 бет