Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау туралы қазақша реферат
Казіргі кезде дүниежүзілік өндіргіш күштердің даму кезеңі дамыған материалдық-техникалық негізін, халықаралық еңбек бөлінісі жүйесін және халықаралық кооперацияның әртүрлі формаларын қоса алғанда экономикнаың интернационализациялану процесін күшейтудің объективті қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Батыс экономистері “экономиканың интернационализациялануы” түсінігін бірқатар факторлардың көрінуімен байланыстырады, олар: өндірістің жағрафиялық орналасуының рөлі, басқаруда халықаралық деңгейдің әсер етуі, капиталға қатысу дәрежесі т.б. Экономиканы интернационализациялаудың алғашқы көрінісі өндірістің жағрафиялық орналасу теориясы негізге ала отырып, өндірістік күштер факторларының орналасуын, ұлттық нарықты таңдауды, яғни тікелей инвестицияны таратудың қажеттілігін интернационализацияның объективті негізінің халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі екендігін көрсетеді, яғни тарихи және логикалық дамудың алғышарт факторы болып мемлекеттер арасындағы табиғи-жағрафиялық ерекшеліктер, климаттық жағдайлар, пайдалы қазба қорлары, құнарлық жерлер, территория көлемі, тұрғындар саны және т.б. жатады.
Интернационализациялану феноменін, біріншіден, ТҰҚ сияқты ірі шаруашылық бірлестіктердің қызмет ету қажеттіліктерімен байланыстырады. Бірақ, экономиканың интернационализациялануы ТҰҚ қызметімен ғана емес, сонымен қатар оның басқа да формалары бар.
Біріншіден, бұл мемлекеттер арасындағы өндірістік қатынастардың дамуына жағдай жасайтын халықаралық экономикалық бірлестіктер мен одақтар;
Екіншіден, БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюцияларымен расталып, құрылуына құқық берілген ТҰҚ қарама-қарсы мақсатта ұйымдасқан өндіруші-ел ассоциациялары;
Үшіншіден, еркін экономикалық аймақтар;
Төртіншіден, мемлекетаралық немесе трансұлттық қаржылық өндірістік топтар;
Бесіншіден, біріккен банктер түріндегі біріккен қаржылық институттар;
Алтыншыдан, бір уақытта капиталдар қозғалысының формасы болып табылатын шетел инвестициялары;
Жетіншіден, қазіргі кезде экономика интернационализациялауының формасы ретінде негізгі мәнге ие болатын біріккен кәсіпкерлік.
Тауарлармен, технологиямен, капиталмен халықаралық айырбастың жаңа жолдардың бірі ретінде біріккен кәсіпкерліктің тез дамуы, әлемдік экономикадағы болып жатқан өзгерістерді көрсетеді: мемлекет саясатындағы, өндіріс технологиясы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты өндіріс факторлары мен нарықтық сұранс сипатының өзгерісі. Қазіргі кезде көптүрлі кооперациялық байланыстардың дамуын есепке ала отырып, біріккен кәсіпкерлік феномен едәуір күрделі сипатқа ие болып жатыр: фирмааралық қарым-қатынастардың әртүрлі формалары мен біріккен кәсіпорындар құрудан бастап, аймақтық және аймақаралық бірлестіктер шеңберінде ірі, ауқымды интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға дейін.
Сөйтіп, біріккен кәсіпкерлікті зерттеу экономика интернационализацияланудың басқа формалары алдында келесі көрсеткіштермен сипатталатындай, бірқатар артықшылықтарды анықтайды: бірінші, шетел нарығына төменгі шығындармен және тәуекелмен шығу үшін, біріккен кәсіпкерлік жолымен кедергілерді жою;
Екінші, біріккен кәсіпкерлік негізінде мердігерлік және серіктестік қарым-қатынастардың ірі трансұлттық корпорациялардың үстемдік етуі алдындағы артықшылығы;
Үшінші, өндірістік қуаттардың, ұлттық компаниялардың керек-жарағының өзгеруінсіз қосылу мүмкіндігі;
Төртінші, ынтымақтастықтың әрбір “таза” формаларына жататын компоненттердің біртұтас құрамдас бөліктерінің болуы;
Бесінші, бірігуге жататын қаржылық міндеттемелерге байланысты әрбір серіктестіктің қаржылық қатысуын толық бағалауға кететін шығындарды азайту;
Алтыншы, протекционистік тосқауылдарды жою және ірі халықаралық инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды кеңейту мүмкіндігі, яғни экспорттан бастап сыртқы нарыққа шығудың тікелей формаларына көшу;
Жетінші, шоғырланған елде үкіметтік жеңілдіктерді, субсидияларды, тапсырыстарды пайдалану;
Сегізінші, біріккен кәсіпкерлік процесінде мақсаттарға тез жетуге мүмкіндік беретін серіктестік қарым-қатынасты белсенді түрде дамыту.
Соңғы жылдары экономика ғылымында “біріккен кәсіпкерлік” ұғымы “біріккен кәсіпорын” формасындағы біріккен кәсіпкерлік Батыс пен Шығыс арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде, бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен экономикалық қарым-қатынасты жөндеуде маңызды орын алады.
Біріккен кәсіпорындардың формасы мен құрылу мақсатына байланыссыз, біріккен кәсіпорындарды ұйымдастыру негізінде ортақ принциптер жатыр.
Біріншіден, әрбір серіктестіктің капитал салымы ретінде қарастыруға болатын, активтерді бөлшектеп біріктіру жолымен құрылған біріккен кәсіпорын (ақша қаражаттары, ғимараттар, құрыл-жабдықтар, “ноу-хау”, интелектуалды меншік және т.б.).
Екіншіден, серіктестер арасындағы пайдамен тәуекелді болу әрбіреуінің капитал алымын есепке ала отырып жүргізіледі.
Үшіншіден, біріккен кәсіпорындардың қызметі қабылдауышы ел заңдылығына сәйкес жүзеге асырылады.
Төртіншіден, серіктестер басқару жауапкершілігін әрбіреуінің капитал салымына сәйкес бөліседі.
Бесіншіден, басқару қайта құрылған басқару органдарының көмегімен жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибе біріккен кәсіпорындардың акционерлік қоғам формасында немесе серіктестік формасында немесе келісім-шарттың кәсіпорындар формасында құрыла алатындығын көрсетеді. Акционерлік қоғам және серіктестік формасында құрылған кәсіпорындардың әртүрлі формалары болды
Қазақстанда біріккен кәсіпорындар барлық біріккен кәсіпкерлік формаларының элементтерін иеленетін симбиоз болып табылады. Отандық біріккен кәсіпорындардың ішінде көбінесе акционерлік емес формалардың басым екендігін және осыған байланысты республикаға акционерлік компаниялар туралы заңдылықты нақты түрде талдау керек екендігін ескеру қажет. Бірақ бұл жағдай біріккен кәсіпорындардың басқа да формаларын құру және іске асыру мүмкіндігін жоймау керек.
Салалық құрылымында есепке ала отырып, біріккен кәсіпорындар статусын дифференциациялау, республика біріккен кәсіпорындар дамуының ынталандырушы факторы болып табылады. Біріншіден, кіші және орта шетел фирмаларымен қарым-қатынас кезінде біріккен кәсіпорындарды серіктестік формасында құру арнайы басқару құрылымдарының құрылуына кедергі жасап, жақтардың өзара жауапкершілігін жоғарылатады. Батыс елдеріндегі сияқты әрбір серіктестіктің басқаруға және тексеруге бақылау жасау мүмкіндігі біздің республикамызда да нәтижелі қолданылуы мүмкін.
Екіншіден, капитал сыйымды салалардағы ірі батыс фирмаларының қатысуымен құрылатын біріккен кәсіпорындарды жабық түрдегі акционерлік қоғам формасында құру керек. Нәтижесінде, серіктестердің қатысу үлесін жоғарыда тұратын инстанциялар шешімімен емес, әр жақтың экономикалық қызмет есепке ала отырып, салымдардың арақатынасы негізінде өзгертуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнде Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру процесінің жағымды және жағымсыз жақтары көрінеді. Біз білетіндей, кәсіпорындар ұлттық экономиканы өзгертудің катализаторы ретінде қолданылуы жоспарланды. Біріккен кәсіпорындар қызметін реттеудің тиімсіз экономикалық саясаты бұл процестің стихиялық көрініс табуына әкелді.
Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі — әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек.
Біріккен кәсіпорын құру кезінде қазақстандық серіктестер белгілі бір мақсаттарды қарастырады:
- тауардың нарықтағы, саладағы бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы;
- қосымша қаржы және материалдық ресурстардың тартылуы;
- алғы шетел техникасы мен технологиясын қолдану;
- бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және өткізу процесін жақсарту үшін серіктестерінің тауарлық белгісін қолдану;
- өндірістік процесс пен кадрларды басқару өрісінде тәжірибелерін қолдану;
- қаржылық тоқырау кезінде шетел серіктесімен коммерциялық тәуекелді бөлісу.
Біріккен кәсіпорын формасында тікелей шетел инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.
Шетел инвестициялары жүйесіндегі біріккен кәсіпорындардың нақты алатын орнын келесі суреттен көруге болады.
Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру кезінде шетел серіктесттерінің өз мотивтері мен мақсаттары бар. Оларға бірінші кезекте келесілерді жатқызуға болады:
- жаңа нарықты игеру;
- өндіріс шығындарды азайту;
- ресурстар ағымы (шикізаттың жаңа көздерін қалыптастыру және өндірістік базаларын жаңарту).
Шетелдік серіктестердің біріккен кәсіпорын құру кезіндегі ең негізгі мотивтерінің бірі жаңа нарыққа шығу болып табылады.
Ұлттық немесе аймақтық нарықтардың потенциалын нарықтың кейбір ерекшеліктерін және өткізу құрылымын ұзақ мерзімді пайдалану мүмкіндіктерін ерекше атап көрсетуге болады.
Тағы бір мақсаты — қызметкерлерге неғұрлым аз шығын жұмсаумен байланысты өндірістік артықшылықты пайдаланумен серіктес елінде өндірісті қайта негіздеу нәтижесінде шығынды азайту. Қазақстанда өндірістің белгілі бір түрлері үшін неғұрлым жағымды заңды жағдайлар жасалған. Ол Қазақстанмен біріккен кәсіпорындар құру туралы шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады.
Сонымен қатар, біріккен кәсіпорындар құру туралы шешім қабылдауға ерекше мотивтер де әсер етеді:
- ұлттық инвестор болып осы елдің бұрынғы азаматтары болса немесе біріккен кәсіпорындар бір ұлттық құрылтайшылармен құрылады;
- жекелеген, егер де біріккен кәсіпорындар құру шешімін туысқандар арасында қабылдаса,
- экологиялық, егер де экологиялық зиянды қалдықтар шығару тапсырмасы шешілсе;
- елдің даңқын көтеруге және басқа да әлеуметтік-психологиялық тартылыстармен байланысты мотивтер.
Ұлттық кәсіпкерлер үшін біріккен кәсіпорындар құрудың негізгі мақсаттары:
- маркетингтік орта мен менеджмент сапасын жоғарылату;
- капитал мен тәжірибелі мамандарды тарту;
- материалды-техникалық негізін жақсарту;
- шетел серіктестерімен тәуекелді бөлісу;
- арнайы білім, техника мен технологияны қолдану және тарту;
- жаңа өткізу нарықтарына шығу мүмкіндіктері;
- қалыптасқан өндірісті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру;
- жеңілдетілген салық салу;
- шетел қаржы институттарынан несие алу.
Біріккен кәсіпорындар құру процесінде және оның әрі қарай қызмет ету кезінде серіктестер бірінші кезекте құқылық сұрақтармен қақтығысады. Сондықтан да Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру және дамытуды құқылық қамтамасыз етуді қарастыру қажет.
Біріккен кәсіпорындар дегеніміз — Қазақстан Республикасының территориясында қазақстандық және шетел кәсіпорындарының, фирмаларының, ассоциацияларының және басқа да алыс және жақын қалыптасқан халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.
Қазақстан территориясында қалыптасқан біріккен кәсіпорындарға (өз атынан шаруашылық қызмет жүргізетін) өндірістік кәсіпорындарды, тауар фирмаларын, енгізу және басқа да сервистік қызмет көрсету ұйымдарын жатқызуға болады.
Біріккен кәсіпорындар құру шегінде серіктестер пайлық жарғы формасында қалыптасып, қаржы ресурстарын орталықтандыру, өндірістік немесе қызмет өрісінде белгілі бір ортақ қызмет жүргізудің іске асыру біріккен пайда мен тәуекелді бөлу жайында келісулері керек.
Біріккен кәсіпорындарға қатысушылар заңды тұлға болып табылады және өзінің қызметін біріккен кәсіпорын жарғысы мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және келісім негізінде іске асырады.
Қазақстан территориясында қызмет ететін біріккен кәсіпорындардың, шетел инвестициясымен құрылған кәсіпорындар қызметінің режимі, ұйымды-құқылы формалары, жабылу және құрылу тәртіптері 1997 жылдың 19 маусымында шыққан “Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялары туралы” Заңымен, сонымен қатар осы кәсіпорындардың дамуына және қалыптасуына әсерін тигізетін басқа да заңды актілермен анықталады.
Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін біріккен кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік.
Экономикадағы қиындылық жағдайларына қарамастан еліміздің территориясында қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны жылдан-жылға өсуде. 2004 жылдың 1 қаңтарда тіркелген біріккен кәсіпорындардың саны 5444 болды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. 2004жылы Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген біріккен кәсіпорындардың ішінде:
- ірі кәсіпорындар саны –191;
- орта кәсіпорындар – 206;
- кіші кәсіпорындар – 5147.
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.
Қазақстан Республикасы территориясында қызмет ету түрлері бойынша біріккен кәсіпорындардың тіркелген санын 2-кестеден көруге болады.
2-кесте
Қызмет ету түрлері бойынша біріккен кәсіпорындардың тіркелген саны
2002 ж |
2003 ж |
2004 ж
|
|
Қазақстан Республикасы
Кіші Орта Ірі |
2738
2505 163 70 |
3731
3472 190 69 |
5444
5147 206 91
|
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман өсірушілер
Кіші Орта Ірі |
48 45 3 — |
79 75 2 2 |
112 100 10 2 |
Балық өсіру және балық аулау кәсібі
Кіші Орта Ірі |
1
1 — — |
3
3 — — |
7
7 — — |
Тау-кен өнеркәсібі
Кіші Орта Ірі |
88
55 20 13 |
97
64 16 17 |
131
93 20 18 |
Өндіру өнеркәсібі
Кіші Орта Ірі |
511
427 49 35 |
674
581 61 32 |
910
814 59 37 |
Газды, суды, электроэнергияны өндіру және бөлу (үйлестіру)
Кіші Орта Ірі |
26 17 2 7 |
31 25 5 1 |
27 22 3 2 |
Құрылыс
Кіші Орта Ірі |
211
197 14 — |
301
284 15 2 |
562
541 18 3 |
Үй бұйымдарын және автокөліктерді жөндеу, сауда
Кіші Орта Ірі |
1050 1023 24 3 |
1511 1474 33 4 |
2214 2175 30 9 |
Қонақжайлар және мейрамханалар
Кіші Орта Ірі |
71
62 6 3 |
84
75 5 4 |
93
84 5 4 |
Көлік және байланыс
Кіші Орта Ірі |
201
185 12 4 |
266
239 23 4 |
353
326 23 4 |
Қаржылық қызмет
Кіші Орта Ірі |
70
62 8 — |
76
68 7 1 |
89
77 9 3 |
Қозғалмайтын мүлікпен жасалатын операциялар
Кіші Орта Ірі |
336 319 14 3 |
449 438 11 — |
657 639 15 3 |
Білім беру
Кіші Орта Ірі |
21
19 2 — |
35
31 3 1 |
—
— — — |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету
Кіші Орта Ірі |
25 24 1 — |
37 34 2 1 |
40 37 1 2 |
Басқа да коммуналдық және жекелеген қызмет көрсету
Кіші Орта Ірі |
77 67 8 2 |
88 81 7 — |
46 41 4 1 |
Үй шаруашылығы жүргізу жөнінен қызмет көрсету
Кіші Орта Ірі |
— — — — |
— — — — |
203 191 9 3 |
Экстерриториялық ұйымдардың қызметі
Кіші Орта Ірі |
— — — — |
— — — — |
— — — — |
Кестеде көрсетілген деректер бойынша, Қазақстан Республикасында тіркелген біріккен кәсіпорындардың 2214-і үй бұйымдарын және автокөлікті жөндеу, сауда саласында, 910-і өндіру өнеркәсібінде, 657-ы қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау кәсіпорындарында қызмет етеді. Кестедегі деректерге сүйенсе, Қазақстан территориясында тіркелген біріккен кәсіпорындардың саны жылдан-жылға өсуде.
Шетел мамандарының бағасы бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялау үшін неғұрлым жағымды аудандар болып Алматы Астана қаласы, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары саналады. Облыстар бойынша біріккен кәсіпорындардың тіркелген санын 3-кестеден байқаймыз.
3-кесте
Облыстар бойынша біріккен кәсіпорындардың тіркелген саны
2002 ж |
2003 ж |
2004 ж |
|
Қазақстан Республикасы
Кіші Орта Ірі |
2738
2505 163 70 |
3731
3472 190 69 |
5444
5147 206 91 |
Ақмола
Кіші Орта Ірі |
20
17 2 1 |
57
47 9 1 |
92
82 9 1
|
Ақтөбе
Кіші Орта Ірі |
59
44 10 5 |
97
77 15 5 |
166
147 12 7
|
Алматы
Кіші Орта Ірі |
110
93 12 5 |
148
127 15 6 |
203
187 12 4
|
Атырау
Кіші Орта Ірі |
75
65 8 2 |
123
112 7 4 |
236
216 16 4 |
Шығыс Қазақстан
Кіші Орта Ірі |
79
66 7 6 |
117
105 7 5 |
189
178 6 5
|
Жамбыл
Кіші Орта Ірі |
27
21 3 3 |
29
23 3 3 |
36
30 4 2
|
Батыс Қазақстан
Кіші Орта Ірі |
44
36 7 — |
70
65 5 — |
130
119 9 2
|
Қарағанды
Кіші Орта Ірі |
87
67 11 9 |
123
107 7 9 |
185
169 8 8
|
Қостанай
Кіші Орта Ірі |
36
33 2 1 |
106
96 8 2 |
155
150 4 1
|
Қызылорда
Кіші Орта Ірі |
14
9 4 1 |
18
12 4 2 |
24
19 3 2
|
Маңғыстау
Кіші Орта Ірі |
48
44 4 — |
99
89 8 2 |
148
139 8 1 |
Павлодар
Кіші Орта Ірі |
38
30 2 6 |
45
38 5 2 |
67
60 4 3 |
Солтүстік Қазақстан
Кіші Орта Ірі |
50
39 6 5 |
87
78 8 1 |
144
132 11 1 |
Оңтүстік Қазақстан
Кіші Орта Ірі |
121
109 8 4 |
264
247 9 8 |
414
393 10 11 |
Астана қаласы
Кіші Орта Ірі |
200
190 7 3 |
232
222 7 3 |
388
377 6 5 |
Алматы қаласы
Кіші Орта Ірі |
1730
1642 70 18 |
2116
2077 73 16 |
2867
2749 84 34 |
Қазақстан Республикасында 2004 жылы 5444 біріккен кәсіпорын тіркелген болса, оның 53%-і Алматы қаласында қалыптасқан, яғни 2867бойынша қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны 20024жылы – 2867 кәсіпорынды құраған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. Соның ішінде қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының шоғырланған орталығы Алматы, Астана қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл аймақтарда қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының өсуі оңды тенленцияны көрсетеді. Ол оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 2003 жылы қызмет еткен біріккен кәсіпорындар төмендесе, 2004 жылы қайта көтерілу байқалады. Ол сол облыстардың инвестициялық ақуалының жақсарғанын көрсетеді.
Қазақстан территориясында қызмет ететін біріккен кәсіпорындардың көбісі өндіру, сауда салаларына бағытталған. Біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың саны 2004 жылы 346072 жеткен (4-кесте). Кәсіпорындардың жұмысшыларының тізімдік құрамына, бір және одан көп күнге уақытша жұмысқа, маусымдық немесе тұрақты жұмысқа қабылданған барлық жұмысшылар жатады. Сонымен қатар бірге, нақты жұмыс істейтіндермен қатар, ресми жұмысқа тіркелгендер де есепке алынады.
4-кесте
Облыстар бойынша 2002-2004 жылдары біріккен және шетел кәсіпорындарындағы жұмысшылар саны мен еңбек ақы қоры[3]
2002 | 2003 | 2004 | ||||
Жұмысшылардың тізімділік саны, адам | Тізімділік жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.теңге | Жұмысшылардың тізімділік саны, адам | Тізімділік жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.теңге | Жұмысшылардың тізімділік саны, адам | Тізімділік жұмысшылардың еңбек ақы қоры, млн.теңге | |
Барлығы | 291672 | 115705.4 | 314690 | 144255.2 | 346072 | 180972.2 |
Соның ішінде: Ақмола | 4422 | 673.5 | 4645 | 893.8 | 8119 | 2256.0 |
Ақтөбе | 13479 | 5900.0 | 14041 | 6937.3 | 32979 | 16801.3 |
Алматы | 6328 | 3055.6 | 6798 | 3673.5 | 7811 | 3224.9 |
Атырау | 15871 | 15548.3 | 17497 | 19944.0 | 19740 | 30433.0 |
Шығыс Қазақстан | 7274 | 2090.5 | 7832 | 2667.0 | 5768 | 1667.7 |
Жамбыл | 210 | 14.1 | 272 | 20.8 | 2288 | 256.3 |
Батыс Қазақстан | 12357 | 8788.8 | 16705 | 16314.5 | 13578 | 15119.0 |
Қарағанды | 129874 | 34271.2 | 133901 | 37460.6 | 130273 | 40320.9 |
Қызылорда | 1148 | 112.8 | 1086 | 140.8 | 1846 | 338.0 |
Қостанай | 2542 | 2472.1 | 2848 | 2714.9 | 2515 | 2856.3 |
Маңғыстау | 4655 | 3639.1 | 5988 | 4614.3 | 6380 | 5303.6 |
Павлодар | 24058 | 8589.1 | 24985 | 9196.5 | 23785 | 9840.1 |
Солтүстік Қазақстан | 4654 | 784,2 | 5011 | 909 | 5607 | 1064.8 |
Оңтүстік Қазақстан | 9465 | 2975.3 | 9745 | 3305.4 | 9946 | 3134.5 |
Астана қаласы | 5732 | 2169.9 | 6248 | 2422.1 | 12173 | 8183.2 |
Алматы қаласы | 49603 | 24620.6 | 57068 | 33040.1 | 63254 | 40172.5 |
Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың санының өсуі 33қазақстандық азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне де алып келеді. Қазақстан бойынша 346072 адам біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейді, олардың алатын еңбек ақыларының қоры 2004 жылы 180972.2 млн.теңгені құраған. Тізімдік және қосымша жұмысшылардың еңбек ақы қорына табиғи формада жасалған төлемдер де кіреді.
Біріккен кәсіпорындардың қызметі мен құрылуын экономикалық қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте біріккен кәсіпорындарды қаржыландыру сұрақтарына тоқталамыз. Оған жататындар: қаржыландыру көздерін құру, жарғылық капиталдағы қатысушылар салымының арақатнасы, салық алу мәселелері және біріккен кәсіпорындардың тиімді қызмет ету көрсеткіштерінің есептері. Біріккен кәсіпорындарды қаржыландыру көздері болып жарғылық қорға салынған ақша салымдары, амортизациялық аударымдар, біріккен кәсіпорынның резервтік және басқа да қорлары, несиелер саналады.
Біріккен кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру көздері мен құрылымына талдауды келесі сызбадан көруге болады (3-сурет).
Негізгі және айнымалы капитал құны бойынша жарғылық қорды құрайды. Жарғылық қорға ақшалай салымдар келесідей түрде салынуы мүмкін: үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың басқа да материалдық бағалардың құны, жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды, үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтарды пайдалану құқы.
Біріккен кәсіпорынға қатысушылардың ақшалай қаражаттары. Біріккен кәсіпорын құрушылардың арасындағы келісім бойынша жарғылық қорға олардың салымының бағасы ұлттық және шетелдік валютада жүргізіледі.
Шетел қатысушылар жарғылық қорға салымдар машиналар мен жабдықтар, лицензиялар және т.б. түрде салады және ұлттық валютамен, сонымен қатар, біріккен кәсіпорынды құру туралы келісімге қол қойылған валютаның түнгі ресми курсы бойынша теңгемен шетел валютасын қайта есептеу арқылы бағаланады, Қазақстандық қатысушылар біріккен кәсіпорынның жарғылық қорына салымды жер, табиғи ресурстар, үйлер мен ғимараттар түрінде береді.
Біріккен кәсіпкерліктің даму тәжірибесі, бұл процестің күрделі және тұрақсыз болғандығын көрсетеді. Біріккен кәсіпкерліктің дамуы әркелкі болса да, әртүрлі белсенді дәрежесімен дүние жүзі елдерінің көбісін жанап өтті. Бұл процесс әсіресе соңғы 10-15 жыл ішінде күшті қарқынмен жүрді. Еуропалық экономикалық институттың (ИНСЕАД) берілгендері бойынша, 1986ж. Ортасында өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерлік жөнінен 839 келісім-шарт тіркелді.
Қазіргі кезде біріккен кәсіпкерлік дамуында 2 топты бөліп көрсетуге болады:
1) өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерліктің дамуы;
2) дамушы елдерде біріккен кәсіпкерліктің дамуы.
Жаңа индустриалды елдерде бірінші және екінші топ белгілері көрініс тапты.
Өнеркәсібі дамыған елдерде біріккен кәсіпкерлік дамуының келесідей ерекшеліктері бар: қызмет көрсету саласымен, ғылыми және капитал сыйымды салалармен өзара байланыстылықтың жоғарғы дәрежесі, өз территорияларында біріккен кәсіпорындарды құруға ұмтылуы.
Дамушы елдердегі біріккен кәсіпкерлік процесі дамуын қарастырсақ, келесідей өзгешеліктерді көрсетуге болады: қолданылатын технологиясы, шетелдегі нарықтық тәжірибе және бәсекелестік жағдай, сонымен қатар халықаралық кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуы.
Біріккен кәсіпкерлік дамуының шетел тәжірибесін жасалған салыстырмалы талдау, келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:
— біріншіден, біріккен кәсіпкерлік туралы келісім-шарттардың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдерге – 80%, дамушы елдерге — 17%, экономикасы өтпелі елдерге – 3 % келеді;
— екіншіден, біріккен кәсіпкерліктің дамуына мынандай факторлар әсер етеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, аймақтың толығымен ресурстармен қамтамасыз етілуі, еңбекке жалданушылар мен кәсіпкерлердің білімділігі;
— үшіншіден, дамушы елдердің экономикасы өтпелі елдермен біріккен кәсіпкерлік қызметі екі жаққа да пайда келтіреді. Дамушы елдер үшін жаңа өткізу жолдарын ашуға, ал экономикасы өтпелі елдер үшін инвесторларды таратуға мүмкіндік туады. Осыған байланысты транзиттік экономикадағы елдер біріккен кәсіпкерлік қызметін өнеркәсібі дамыған елдермен ғана емес, сонымен қатар экономикасы өтпелі елдермен дамытуы керек.
— төртіншіден, әртүрлі елдердегі біріккен кәсіпкерлік даму тәжірибесіне талдау жүргізу, бұл процестің жалпы заңдылықтарын, болашақтағы мүмкіндіктерін, оң және теріс жақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Мысалы, заңдылық мәселелерін реттеу.
Валюталық өзін-өзі өтеуіне байланысты біріккен кәсіпорындарды келесідей жіктеуге болады:
- Қазақстаннан экспорттайтын және Қазақстандағы резидент еместерге сататын біріккен кәсіпорындар. Мысалы, “Акбет Индастриз” БК (руда, хром концентраты); “ТСК СТИЛ” БК (қалайы); “ИНТЕРМИН” БК (жануарлар азығы).
- Қазақстанда валюталық резиденттерге сататын біріккен кәсіпорындар. Мысалы, “Казфер-Импекс” БК (Франция), “Базарлық-Финист” БК (Лихтенштейн), “Халықаралық бизнес институты” БК (Қазақстан-АҚШ).
- Импортты алмастыру мақсатындағы біріккен кәсіпорындар. Мысалы, металл құрал-жабдықтарын өндіруші “Казполь” БК, телевизор мен видеомагнитофон шығаратын “Тельбонк-Алматы” БК, компьютер шығаратын “Прогноинфо”, “Веста”, “Сирена” және т.б. БК.
- Валюталық өзін-өзі өтеуін қамтамасыз ету үшін экспортпен айналысатын біріккен кәсіпорындар. Мысалы: “Казахиталкаракуль” БК (тері бұйымдар).
- Біріккен кәсіпорындардың консорциумдар қызметіне қатысуы. Қазіргі кезде біріккен кәсіпорындардың консорциумдар қызметіне қатысу тәжірибесі жоқ.
- Еркін экономикалық аймақтардағы біріккен кәсіпорындардың қызметі. Мұнда валюталық операциялардың ерекше режимі орнатылуы мүмкін. Қазақстанда осындай аймақтардың ең алдымен алтауы тіркелген. Қарағанды, Жәйрем-Атау, шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алакөл және Жаркент.
- Біріккен кәсіпорындардың валюталық аукциондар және валюталық биржалар қызметіне қатысуы.
Жоғарыда әрбір көрсетілген біріккен кәсіпорын стратегияларының даму мүмкіндігін болжасақ, 2-3 жыл ішінде ішкі экономикалық мәселелердің шешілмегендігіне байланысты жергілікті кәсіпорындар өндіретін өнім экспортының өсуін байқау екіталай. Қазақстан территориясында және ТМД тауарлар мен қызметтерді валютағарезиденттерге де резидент еместерге де сату құқығының кеңеюі айтарлықтай нәтижелі көрінеді.
Бұл сатыда валюталық өзін-өзі өтеу көздерінің келесідей жіктеуге болады: валютаға біріккен кәсіпорын өнімдерін Қазақстан және ТМД кәсіпорындарына сату, шетел туристеріне сервистік және қонақ үймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Шетел серіктегі өз еліндегі қалыптасқан тізбегін қолдана отырып, валютаға біріккен кәсіпорын өнімін жеткізіп беруді жүзеге асырады. Сонымен бірге, бұл елдерде бәсекелестік күрес жүргізбеу үшін Трансұлттық корпорация жеткізіліп беру ішкі-корпорациялық тәжірибені қолдануды ұсынады, яғни жартылай фабрикатты сатуды, немесе, батыста жинақтау мен өндеуді қажет ететін жекелеген бөліктерді сатуды қарастырады. Біріккен кәсіпорындардың дайын өнімдерін сатуға болады, бірақ ол елдерде ол тауар үлкен сұранс болуы тиіс. Мұндай жағдайда біріккен кәсіпорындар тауарды қабылдап алушы елдің шикізат және химиялық кешеніне салымды өсіреді, ал жүргізіліп отырған сыртқы экономикалық байланыс реформалары экспорттағы шикізат үлесін қысқартуды қарастырады.
Шетел қатысушының табыс бөлігі оның ішкі нарықтағы қажетті өнімді алуға жұмсалуы тиіс. Батыс кәсіпорындары көп жағдайда шикізат немесе топшы өнімдерді сатып алуға көңіл бөлгендіктен, қазақстандықтар Батыс серіктестерінің ішкі нарықта алатын тауарлардың тізіміне 18 түрге шектеу қойды. Бұл уақытша компромисс. Шетел қатысушыларын қанағаттандырмады. Біріккен кәсіпорындардың айырбасталынды валюталы елдерде құрылуы маңызды. Біріккен кәсіпорындардың валюталық түсімінің бір бөлігін дамыған батыс елдерінің ақша нарығына орналастыру үшін пайдалану қажет. Валюталық қаражаттарды орналастыруға батыс қатысушыларының ынтымақтастығы бар шетел банктері жағдай жасайды. Бұған, сонымен қатар шет елдерде ашылған Қазақстанның ұлттық банкісінің бөлімшелері де қатыса алады.
Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың санының және түрлерінің көбеюі мен дамуын экономикада болып жатқан келесідей өзгерістермен түсіндіруге болады:
- сыртқы экономикалық саясаттың либерализациялануы;
- ашық экономика саясаты;
- экономикадағы институционалдық және құрылымдық қайта құрулар;
- Қазақстанда жүргізіліп отырған басқа да оңды әлеуметтік-экономикалық реформалар.