Қазақстандағы биологиялық отынның даму бағыттары

Қазақстандағы биологиялық отынның даму бағыттары туралы қазақша реферат

Елімізде электр энергиясы негізінен көмірді пайдалану арқылы өндіріледі. 2005 жылы Қазақ­станда электр энергиясын өндіру 67,6 млрд. кВт. сағ. құрады. Бұл 1990 жыл дең­гейінен 1,3 есе төмен. Алайда, қазіргі кезде эко­номиканың өсуіне байланысты тұтыну және өндірістің ұлғаюы байқалуда. Келесі 10-12 жылда  (2018 жылға дейін) Қазақстанда энер­гияға сұраныс 50 пайызға артады деп күтілуде. Ал көмір қоршаған ортаға барынша кері әсерін тигізеді. Қазақстан Орталық Азияда парникті газдар шығарынды­ларының ең ірі көзі болып отыр. Бұл мәселе кім-кімді де толғандырмай қоймайды.

Жоғарыда айтып өткендей, көптеген елдер биоотынмен қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламалары мен жобаларын қарастырып дамытуда, бұл елдердің ішінде Қазақстанда бар.

Қазақстанда отынның биологиялық түрлерін өндіру және жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар бар, олар: биоотынның көптеген ішкі қолданыстың артуы және экспортқа шығарудың үлкен мүмкіншіліктері, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге арналған бос жерлердің болуы.

Біздің еліміздегі биотехнологияның дамуы мемлекет дамуының басты бағыттарының бірі болып есептелінеді, ол Қазақстанның әлемдегі алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстанда жаңа қолға алынған биоотын өнеркәсібін мемлекеттік реттеуде алғашқы қадамдар жасалынуда. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы үкіметі Қазақстан Республикасында биоотын рыногының 2007-2010 жылдардағы даму Концепциясын мақұлдады. Концепцияның негізгі мақсаты – Қазақстанда биоотын өнеркәсібінің дамуы негізінде ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды дамуы және оның тиімділігінің артуы. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы  үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 959 бұйрығының шешімімен Қазақстан Республикасындағы биоотын рыногын дамытудың іс-шаралары кешені бекітілген. «Биоотынның  өндірілуін және айналысын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының жобасы жасалынды.

2007 жылы «Қазақстан биоотын ассоциациясы» қоғамы (ОЮЛ) құрылды, оның қызметі құрамында биоотын өндірушілері де бар құрылтайшылардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Аталған шаралар биоотын өндірісінің қарқынды дамуына сәйкес негізделген.

Киото  Хаттамалары бойынша, Қазақстан 2020 жылға дейін энергетикасының 20 пайызын экологиялық таза түріне алмастыруға міндетті, ал бұл 20 млрд. киловатт-сағат энергия. Сондықтан, еліміздегі биоотынның потенциальды рыногы жыл сайын өсіп отыруы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю.Нетрадиционные возобновляемые источники энергии. Москва, 2009 г.
Бурман А.П.и др.Основы современной энергетики. Список литературы.
Бурман А.П:и др. Основы современной энергетики. – М.МЭИ.2002 г.
Безруких П.П., Арбузов Ю.Д., Борисов Г.А. и др. Ресурсы и эффективность использования возобновляемых источников энергии.– С. –Гб. Наука. 2002 г.
Қазақша рефераттар bigox.kz
Методические указания по расчету выбросов загрязняющих веществ при сжигении топлива в котлах.– М.: М.О. Гидрометеоздат. 1985 г.
Будрейко Е.Н., Зайцев В.А. Введение в промышленную экологию.–М.: Профобр. 1991 г.

Ұқсас реферат

Биогаздың қолданылуы

Елімізде ауыл шаруашылығы кеңінен дамыған. Соның дамыған бөлігінің бірі біздің Солтүстік Қазақстан төңірегі. Бірақ ауыл шаруашылығында көптеген қалдықтар– бұл жануарлардың эксперименттері және өсімдіктердің қалдықтары қолданусыз қалып отыр. Үй жануарларының қалдықтары қалыпты жағдайда ыдырау кезінде  қоршаған ортаға зиянды заттарды бөледі. Соның бірі–аммиак.