ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…….3
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ ……5
1.1 Халықаралық қонақ үй қызметі, оның экономикалық мазмұны мен мінездемесі…….5
1.2 Халықаралық қонақ үй ісіндегі басқару қызметі……18
1.3 Қонақ үй индустриясын ұйымдастыру және оны басқарудың халықаралық нысандары……24
2. ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ…….31
2.1 Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесін мемлекеттік реттеуді жетілдіру……31
2.2 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй ісін халықаралық қонақ үй стандарттарына сәйкестендіру……34
ҚОРЫТЫНДЫ……….38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..40

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кездегі халықаралық қонақ үй ісінің дамуы, яғни жаһандану кезіндегі халықаралық нарықтық қатынастың негізі ретінде Қазақстандағы қонақ үй ісінің дамуы мен халықаралық дәрежедегі қонақ үйлер бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі.

Қонақжайлық, немесе қонақ үй және мейрамханалық бизнес өрісі – бұл саланы «Алтын жұмыртқа табатын» сала деп те атайды. Ол мынамен түсіндіріледі, қонақжайлық өрісі туризмнің базалық және жетекші ықпалы болып табылады, және соның ішіне халықаралық туризмде кіреді.

Қазіргі уақытта туризм – бұл әлемде ең пайдалы бизнес түрінің бірі. Әлемдік қордың мөлшермен 7% қолдана отырып, туризм мұнай және автокөлік экспортынан кейін үшінші орынға нық орналасты. Мамандардың бағалауы бойынша, 2005 жылға дейін туризм бірінші орынға шығуы тиіс, ал экономиканың осы секторында әлемде еңбекке жарамды әрбір сегізінші адам іске қосылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымының статистикасы және жорытуына жүгінсек, 2010 жылға  дейін әлемде туристер саны 1млрд. адамды құрайды, ал 2010 жылдан кейін – 1 млрд. 600 млн. адам. Әлемнің 38% құрайтын елдер үшін туризм – табыстың басты көзі, ал 83% елдер үшін туризм негізгі табыс көзінің бесеуінің бірі болып табылады.

Қазақстан ежелгі мәдениетке және бірегей табиғатқа ие, шетелдік және ішкі туризмді дамытуға орасан туристік қарым – қатынас бар, бірақ бүгінге кіретін туризм үлесі айтарлықтай төмен.

Мұндай жағдайдың қалыптасуының негізгі себептерінің бірі, әлемдік деңгейде шетелдік туристерді қабылдауға қабілеті бар қонақ үйлік базаның жоқтығы. Көптеген қонақ үйлер және басқа да тұратын орындар, бұрын 1950-1960 жылдар аралығында салынып, ескірген, номерлердің комфорт деңгейі төменгі көрсеткішпен мінезделеді, технологиялық артта қалу және ұсынылатын қызмет түрлерінің тым аздығы. Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығы халықаралық стандарттар бойынша бес жұлдызды отельдерге сәйкес келетін («Рахат Палас») қонақ үйлер және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қонақ үйлер салынуда және қызмет етуде. Сондықтан да, бәсекеге шыдау үшін, біздің қонақ үйлер техникалық өзгертулерді басынан өткізуде, тұтынушыларға қызмет көрсету интерьерлеріне жаңашылықтар енгізуде.

Қонақжай  шаруашылығының  дамуына  көптеген  факторлар  әсер  етеді.  Саяхатқа шығу,  туризмнің  дамуы, клиенттің  төлеу  қабілеттерінің    өсуі,  бәсекелестік,  табыс  алуына  ұмтылыс.

Қонақ  үй  дегеніміз — халықты уақытша тұрғын  үймен,  қажетті жиһазбен  және   қажетті  қызмет   көрсету   мұқтаждығын  қанағаттандыру.

Қонақ үй ісі немесе қонақ үй индустриясы қонақжайлылық саласының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол органикалық және табиғи түрде туристік – экскурсиялық  қызмет көрсетудің біртұтас тізбегіне мейрамханаларды, кафе, көлік және экскурсияны байланыстырады.

Қонақ үй ісі қызмет сферасының секторы ретінде барлық мінездемелер тән. Қазақстанда халықаралық туризмді белсендіру мақсатында, қонақ үй шаруашылығында заманауи әлемдік нарықты зерттеу қажет. Қазақстанның қонақүй индустриясындағы жағдайда әлемдік стандарттармен салыстырып, туристік өнім өндіріс көлемін ұлғайтудағы мүмкіндіктерді анықтау қажет.

Жұмыстың мақсаты: қонақ үй бизнесін халықаралық дәрежеге салыстыра отырып жан-жақты талдап қарастыру. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталады:

— Қонақ үй шаруашылығының қалыптасуының негіздерін  қарастыру.

— Халықаралық қонақ үй ісінің қазіргі Қазақстандағы жағдайын салыстырмалы қарастыру.

— Экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау.

Негізгі  дерек  көздері: Жұмыстың  негізгі  дерек  көздері ретінде бүгінгі таңға дейін  қонақ  үй  бизнесін  басқарудағы шетелдік,  отандық  тәжірибелердің көрсеткіштеріне  негізделген  түрлі  әдістемелік  нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар,  газет-журналдар, басқа  да  мәліметтік  ақпараттар алынды.

Жұмыстың  құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеу тапсырмалары мен мақсаттарына байланысты. Берілген курс жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

 Курстық жұмыс / 41 бет