Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі -Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
– Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi. Инфляция динамикасындағы түбірлі өзгеріс Ұлттық Банк пен Үкіметтің ақша-кредит жəне фискалдық саясат саласындағы 2006 жылдың соңындағы үйлестірілген іс-қимылдарының нəтижесі болды (қосымша 1-сурет).
– Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады. 2006 жыл 2005 жылмен салыстырғанда экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға қажеттіліктерінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталды (қосымша 2-сурет).
– төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
– Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
– Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
– қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады. Ұлттық қордың құрылуынан бастап 2006 жылғы 31 желтоқс анаралығында кірістілігі 34,46% болды, бұл жылдық көрсеткіште 5,44% құрайды. Кірістілік Ұлттық қордың базалық валютасы – АҚШ долларында есептелді (қосымшада 3-сурет) Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді: 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал — Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі 4 есеп беретін ұйым:
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ұлттық Банк:· «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»· «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»· «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» · «Қазақстан Актуарлық орталығы» «Q-BRO» Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады. Ұлттық Банк сондай-ақ «Ұлттық процессинг орталығы» акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.Ұлттық Банк «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады