Қазақстан Республикасының салық жүйесін қалыптастырудағы шетел тәжірибесі

Қазақстан Республикасының салық жүйесін қалыптастырудағы шетел тәжірибесі туралы қазақша реферат

Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып,  біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан шетел мемлекеттерінің салық жүйесімен қысқаша болса да түсініктеме беру арқылы танысу өте орынды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көптеген елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, ел экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту барысында үлкен жетістіктерге жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы маңызды саланың бірі – салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық деңгейге көтеру. Осы орайда дамыған шетел мемлекеттерінің салық ісіндегі тәжірибесімен танысу болашақ салық мамандарына, қаржыгерлер мен кәсіпкерлерге өз көмегін тигізеді.

Әр түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар негізінде құрылған. Әрине, олар оңтайлы емес, бұл оңтайлы жүйені құру үшін экономистерге және әлеуметтанушыларға талаптар ретін өңдеу қажет болды. Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары мыналар:

—     салық ауыртпалығын тарату біркелкілігі немесе басқа сөзбен айтқанда, әркім мемлекеттік кірістерге өзінің «әділетті үлесін» енгізуі;

—     салықтар мүмкіндігінше әр түрлі тұлғалармен экономикалық шешімдерді қабылдауға әсерін тигізбеуі қажет, немесе мұндай әсер ең аз шамада болуы қажет;

—     әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін салықтық саясатты пайдалану кезінде,салық салудың теңдік және әділеттік қағидаларын бұзуды ең аз шамаға жеткізу қажет;

—     елдің экономикалық өсуі және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық саясатын пайдалануда салықтық құрылым әсер етуі қажет;

—     салық жүйесі әділетті болуы қажет және салық төлеушілерге түсінікті болуы қажет;

—     салықтарды басқару және салық заңдылығын сақтау бойынша әкімшілік шығындар ең аз шамада болуы қажет.

Осы талаптар елдің салық жүйесінің сапасын бағалау үшін негізгі критерийлер ретінде пайдалануы мүмкін.

Салық жүйесін құру кезінде әр түрлі салықты қолданудың салдарын қайта тарату күрделі проблемалардың бірі  болып табылады. Бұл салдар салықтарды алу тәсілінен, салық мөлшерлеме құрылымынан, салық базасын анықтаудан, және салықтың қызмет өрісіне тәуелді болады. Ел экономикасының салық жүйесіне әсері сұраныс және ұсыныс жағдайынан, нарықтар құрылымынан және жаңа салықтық жағдайларға бейімделу кезеңіне тәуелді болады. Салықтық өзгерістер баға өзгерістеріне әкеледі, бұл салық төлеушілердің кірістері және шығыстарына, салық ауыртпалығын таратуға әсерін тигізеді. Қайта таратудың соңғы нәтижесі барлық көрсетілген факторлардың өзара әсеріне тәуелді болады. Бұл өте күрделі үдеріс, бірақ жалпы ережелер және қорытындыларды жасауға болады.

Тұтыну салықтарына қатысты бұл қорытындылар төмендегілерден тұрады:

—     салықты енгізу бағаның өсуіне әкеледі және салық салынатын тауарларға сұранысты қысқартады;

—     бағадағы және өндірістегі өзгерістер ауқымы сұраныс пен ұсыныстың икемділігіне тәуелді болады;

—     салық ауыртпалығы сұраныс және ұсыныс икемділігіне қатысты сатушы және сатып алушы арасында таратылады;

—     белгілі шектен жоғары салық мөлшерлемелерін жоғарылату кезінде салықтық түсімдер төмендеуі мүмкін.

Өндіріс факторына салықтар қатыстылығына қарай бұл ережелер мен қорытындылар мыналарға бөлінеді:

—     салық өндіріс факторында табыстың жалпы нормасын жоғарылатады, осы факторлардың ұсынысын қысқартады және пайданың таза нормасын төмендетеді;

—     салық ауыртпалығын қайта тарату сұраныс және ұсыныстың икемділігіне тәуелді болады;

—     бұл салықтар шешуші әсерді үй шаруашылығының шығындарына емес, кірістеріне тигізеді;

—     өндіріс факторына салық салу өзгерістерінің соңғы нәтижесі нарық құрылымына, ұжымдық келісімшарттарға және бәсекелестік шарттарына тәуелді болады.

Салықтық қатынастар үйлестігі мемлекеттің, салық төлеушілердің және өзге мемлекеттердің мүдделерін, ұзақ мерзімді және тұрақты теңдігін, қамтамасыз ететін салықтық қатынастар  жүйесін құруды білдіреді. Мемлекеттің қазыналық мүдделері мен шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығы арасындағы қатынасты; салық төлеушілер мен мемлекттік орган міндеттерінің және құқықтарының теңдігін қамтамсыз етуді; барлық деңгейлердің салықтық мүдделерін үйлестіруді; салық салу жүйесін еларалық бірыңғайландыру үшін сәйкес негіздерді қалыптастыруды салықтық қатынастар үйлестіру бағыттары ретінде қарастыруға болады. Алғашқы үш бағытқа салық реформалары негізінде біршама қол жеткізілді. Ал салықтық қатынастарды еларалық үйлестіру қажеттілігі, ортақ кеден және салық саясатын жүргізу мақсатында, мемлекттерді біртұтас халықаралық одаққа біріктіру кезінде пайда болады. Салықтық қатынастарды үйлестіруді қарастырылатын бағыты салық салудың белгілі элементтерін бірыңғайландыруды, халықаралық бірлесуге қатысушы елдердің ұлттық салық жүйесі және салық саясатын құрылымдастыруды білдіреді. Еларалық үйлестіруді жүзеге асыру мемлекетаралық бірлесу үшін біртұтас салық жүйесіне бірден көшуді білдірмейтіндігін айта кеткен жөн. Дегенмен неғұрлым терең саяси немесе экономикалық бірігу, сондай-ақ тәуелсіз елдердің бірігуі негізінде конфедеративті мемлекетті құру жағдайында салықтық қатынастардың үйлестіруі бірыңғай салық кеңістігін құруды қарастырады. Осы уақытқа дейін бірігудің өзара байланыстар жолында құрылған бірлестіктер және одақтар толығымен құрылмады, әсіресе тарифтік реттеу, салық заңдарының бірыңғайлылығы бөлігінде. Сондықтан қазіргі кезде бірігуге байланыстарды жүзеге асыру барысында, салықтық қатынастар үйлестірілуіне көп көңіл бөлінуде.

Мұндай еларалық үйлестірудің айқын мысалы ретінде 2003 жылдың 23 ақпанында Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Қазақстан, Белоруссия, Ресей және Украина мемлекеттерінің шешімін қарастыруға болады. Осы тұрғыдан осы елдердегі салық жүйелерінің ерекшеліктеріне тоқталады.

Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар жүйесі бүгінгі күнге дейін даму үрдісінде. Барлық төрт елдегі салық реформалары бір уақытта 1990 жылдың ортасында басталған, бірақ салық жүйесін реформалау қарқыны елеулі айырмашылықта болады. Бұл салықты реттеу бойынша заңдылытарды өңдеуде айқындалады.

Қазақстан және Ресейде салықтық реформалар 1990 жылдардың ортасында басталды. Осы екі елде бір команда жұмыс жүргізді, Алматыда қазақстандық және ресейлік салық кодексін өңдеушілерге бүкіл әлемдік салық мамандарының тобы кеңес берді. 1994 жылы әлемдік екі топ осы елдер үшін, батыс стандарттарына негізделген үлгілік салық кодексін ұсынды.Бұл құжаттар сол кедегі жетекші салықшылар үшін салық заңдарының идеалы сияқты көрінді, бірақ екі құжат та парламеннтерде талқылаудан өтпеді.

Ресейде салық кодексінің бірінші бөлімі 1998 жылы, ал екінші бөлімі 2002 жылы қабылданды. Осы құжаттардың негізгі нормативтік құжат ретінде қабылдағанға дейін, 1991 жылғы салық жүйесінің негіздері туралы заң, салық қатынастарын реттеген, негізгі нормативтік акт болды.

2002 жылдың желтоқсан айында Белоруссияда Салық кодексінің тек жалпы бөлімі қабылданды. Қазіргі кезде салық салу объектілері, салық төлеу реті, әрбір салық бойынша мөлшерлемелер және жеңілдіктер, сондай-ақ салық жүйесінің деңгейлері арасында салықтық алымдарды тарату Белоруссияда салықтық және бюджеттік заң актілерімен реттеледі.

Украинада да Салық кодексі талқылану сатысында. Салықтық қатынастар жекелеген заңдар, қаулылар және нормативтік актілер жүйесімен реттеледі, ал осының нәтижесінде салыққа байланысты заңда салықтық жеңілдіктердің кең мүмкіндіктерін күрделі және шиелініскен жағдайды көрсетеді.

Сонымен, соңғы уақытқа дейін, қарастырылып отырған елдерде салық заңдылығын өңдеуде үйлестіру,ұқсастыру байқалмайды.Украина және Белоруссияда салық кодексінің болмауы олардың салық жүйелерінің жетілмегендігін білдіреді.Бұл жағдай, бір жағынан салық заңдарын бірыңғайландыруда, бірігу үдерісі шегінде заң жобасын тақылауға мүмкіндіктер беретін, артықшылықтарды құруы мүмкін.Бірақ бұл артықшылық дамудың жалпы векторы болмауы нәтижесінде жойылып кетеді. Қазақстан мен Ресейдің тек салық жүйелерінде емес, сондай- ақ олардың даму бағыттары арасында елеулі айырмашылықтары бар.Жеке параметрлер бойынша осы екі елдің арасындағы алшақтық, олардың әрқайсысын Украинамен немесе Белоруссиямен салыстыра қарағандықтан, әлдеқайда үлкен. Сондықтан, барлық республикалардың қабылдау мүмкін, салықтық реттеудің ортақ ережелерін талқылау,, зерттеу негізгі проблема зерттеу проблема болып табылады.

Мемлекеттік басқару қағидаларындағы айырмашылық, осы елдердің салық салу жүйесіндегі айырмашылықты шарттайды. Ресей Федерациясында үш деңгейлі салық жүйесі қызмет етеді. Бірінші- бұл федералды деңгей. Федералды салықтар бүкіл ел аумағында қызмет етеді және жалпы ресейлік заңдармен реттеледі. Бұл- федералды бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын, неғұрлым жоғары кірісті көздер, олардың есебінен федерация субъектілері бюджеттерінің және жергілікті бюджеттердің қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Екінші деңгей -федералдық заңдар талаптарынан шығатын федерация субъектілерінің заң шығарушы органдарымен тағайындалатын, аймақтық салықтар. Бұл салықтардың бөлігі Ресей аумағындағы міндетті салықтарға жатады, бұл жағдайда аймақтық өкімет белгілі шекте мөлшерлемелерді реттейді, сондай-ақ салықтық жеңілдіктерді тағайындайды. Үшінші деңгей-жергілікті салықтар.

Салық салудың екі деңгейлі жүйесі қызмет ететін, Украина мен Белоруссияда, сәйкесінше, республикалық және жергілікті салықтарға бөлінеді. Қазақстанда бір деңгейлі салық жүйесі бекітілген.Салықтар жалпы мемлекеттік сипатта болады, бұл кезде республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтық алымдарды бөлудің нормативтері тағайындалады.

Қарастырылып отырған елдердің салық жүйесі салықтар және алымдардың саны бойынша, айналым салықтарын пайдалану деңгейі бойынша, оларды салық жүйесінің деңгейлері арасында бөлу бойынша айырмашылықта болады.

Барлық төрт мемлекеттің ортақ белгісіне, қолданылатын жанама салықтары жиынтығының жалпы мемлекеттік деңгейде болуы және жалпы мемлекттік салықтар ішінде заңды және жеке тұлғалардың табыс салығының болуы, сондай- ақ экологиялық салықтың болуы жатады. Ренталық төлемдер барлық төрт елде әр түрлі болғанымен, олар салық жүйесінің әр түрлі деңгейлеріне сәйкес келеді.

Салықтық кірістердің неғұрлым жақын құрылымы Ресей және Белоруссияда: олардың бюджетке түсетін үштен бір бөлігін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етіледі. Қосылған құн салығымен қоса олар кірістердің жартысын қалыптастырады. Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда корпорациялық табыс салығы мен қосылған құнға салық басқа елдермен салыстырғанда үлкен рөл атқарады, олар кірістердің 70% қамтамасыз етеді. Украинада түсімдердің елеулі бөлігі баждарға байланысты, олар 40% құрайды, ал қосылған құнсалығымен бірігіп салықтық кірістердің 2/3 бөлігін құрайды. Сонымен барлық төрт елдің салықтық кірістерінің құрылымы жалпы сипатқа қосылған құндық салықтардың елеулі үлесі болып табылады.

Осы елдермен салыстырғанда Қазақстанға салық ауыртпалығының ең төменгі мөлшері, ал Белоруссияда ең жоғары салық ауыртпалығы тән. Егер Қазақстан, Украина және Белоруссияда салық ауыртпалығының мөлшерін шамалы төмендету үрдісі байқалса, Ресейде керісінше, соңғы жылдары ол шамалы жоғарылаған. 2003 жылы Ресейдегі салық ауыртпалығының жалпы деңгейі Белоруссияның салық ауыртпалығы көрсеткішіне жақындады., ал Украина бұл көрсеткіш бойынша, Қазақстаннан алға шығып, аралық орын алды.

Халықаралық салыстыруларға сүйенетін болсақ, барлық қарастырылып отырған мемлекеттердегі салық ауыртпалығы басқа өтпелі экономикалы Еуропа елдерімен, сондай- ақ дамыған елдермен салыстырғанда төмен. Мысалы, 1997 жылы Шығыс Еуропа елдері бойынша қосылған құнға салықтың орта мөлшерлемелері 20,6 пайыз, әлеуметтік салық 43,5 пайызды, пайдаға салық 31,4 пайызды құрады. Яғни олар қарастырылыпотырған төрт елдің кез келгенімен салыстырғанда да жоғары болды. «Төрттік» елдердегі салық ауыртпалығының мұндай төмендеуі, жоғары тәуекелдіктің орнын толтыру ретінде қарастырылады. Жоғары экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайчында мұндай стратегияның дұрыстығы тұрақтану кезеңінде күмән туғызады.Яғни, енді осы елдердің барлығында салықтық реформалар салық ауыртпалығын төмендету бойынша емес, оларды ықшамдауға, ынталандыруды нығайтуға, салықтық түсімдер құрылымын жақсартуға және әділеттілік қағидасын жақсартуға бағытталады.

Барлық төрт елде де салықтық реформалар жүргізілуде, бірақ олардың жалпы векторлары да сәйкес келмейді. Сонымен қатар, қызмет ететін салықтық жүйені реформалаудағы қадамдардың айырмашылықтары елеулі болуда. Неғұрлым ілгері сипатымен Қазақстан ерекшеленеді. Ресей салық жүйесін, оның үдемелігі тұрғысынан екінші орынға қоюға болады, ал одан кейінгі орынды Украина және Белоруссия алады. Салық жүйесін бірыңғайландыру стандарттарын тандау проблемасы да бар. Егер Белоруссия Ресей тәжірибесі барлығын айқын көрсетсе, Қазақстандағы және Украинадағы реформалар өздерінің даму бағыттары бойынша жүргізілуде.

Қарастырылып отырған елдердегі салық жүйелерінің ортақтықтары басым ба, әлде айырмашылықтар басым ба деген сұраққа жауап беру үшін, біріншіден, салықтардың негізгі тұрпаты бойынша елдердегі салықтар мөлшерлемелерін салыстыру; екіншіден, бюджет кірістеріндегі неғұрлым үлкен үлен алатын, сәйкесінше негізгі салық ауыртпалығын анықтайтын салықтарды бөліп алу; үшіншіден, қарастырылатын елдердің жалпы салықтық ауыртпалығын бағалау қажет.

Осы елдердің салық жүйесін бірыңғайландыру мәселесі саяси талқылаулар шеңберіне кіреді және қазіргі кезде кейбір бірыңғайлыққа қол жеткізілгенін байқауға болады. Ресейде, Украинада және Белоруссияда қосылған құнға салықтыңмөлшерлемелері бңірдей және әлкуметтік салық деңгейі жақын. Қазақстанда бұл салықтардың деңгейі елеулі төмен. Ресей және Белоруссияда кәсіпорын пайдасына салықтар мөлшерлемелері сәйкес келеді. Қазақстанда және Украинада негізгі салықтардың бірі кәсіпорын табысына салық мөлшерлемелерінің жоғары деңгейі белгіленген. Ресейде бірыңғай табыс салығының прогрессивті емес мөлшерлемелері айқындалды. 2004 жылдың басынан бастап, Украина да Ресей тәжірибесіне сүйеніп, бірыңғай мөлшерлемені 13% деңгейінде белгілеп, одан кейін оны15%-ға дейін және одан да жоғары көтеру жоспарланған. Сонымен, салық жүйесінің сандық жүйесінің сандық сипатында қарастырылып отырған төрт елде кейбір ортақ белгілер бар, бірақ толық бірыңғайлық және біртектілік туралы айту әлі ерте.

Қазіргі кезде құрылған салық жүйесінде үнемі жетілдіру нәтижесі және оның реформасы жалғасуда. Сондай-ақ соңғы кезде салық саясатындағы пікірталастардың көбеюі байқалды, бұл бірігу үдерісі жаңа ынталарға байланысты[5].

Корпоративтік табыс салығына шетел тәжірибесіне сүйене отырып салыстыру көрсеттік. Яғни Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетел тәжірибесіне сүйене отырып құрылды. Біз осы арқылы салық жүйесінің тиімді жұмыс істеп отырғанын көреміз. Көптеген мемлекеттерде заңды тұлғалардың табысына салынатын салық (корпоративтік салық) компанияның таза пайдасынан үйлесімді салық ставкасымен алынады. Салық салынатын таза пайда жалпы түсім мен өндіріс процесі барысында жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Ал компанияның пайдасы бөлінетін және бөлінбейтін деген екі бөліктен тұрады. Салық салу барысында бұл бөліктер өз алдына мынадай түрлерге топталады:</h4>

1. Классикалық жүйе, компанияның бөлінетін пайдасына корпоративтік және жеке табыс салығы салынады. Бұл жүйе негізінен Бельгия, Люксембург елдерінде кеңінен таралған;

2. Компания деңгейінде салық салынатын пайданы кеміту жүйесі екі нұсқада қолданылады, әр түрлі мөлшерлемелер негізінде, әсіресе бөлінетін пайдаға салық төмендетілген ставкамен салынады. Бұл жүйе Португалия, Австрия елдерінде қолданылады;

3. Бөлінетін пайданы салық салудан ішінара босату негізінде. Бұл жүйе Ирландия, Финляндия елдерінде қолданылады;

4. Акционерлер деңгейінде салық салынатын пайданы кеміту жүйесі дивидендтер түрінде қолданылады:

—     корпоративтік табыстан  ұсталған-ұсталмағанына  қарамастан, дивидендтерді салықтан ішінара босату;

—     салық несиесі немесе импутациялық жүйеде дивиденд жеке табысқа қосылып есептеледі;

5. Бөлінетін пайданы салықтан толығымен босату мына деңгейде жүргізіледі:

—     компания (Греция, Норвегия);

—     акционерлер (Финляндия, Дания).

Салық салу барысында компаниялар резидент және резидент емес болып бөлінеді.

Корпорациялардың пайдасына салық салудың импутациялық жүйесі – корпорациялардың пайдасына қос салық салынуын жою мақсатымен енгізілген. Бельгияда, Ұлыбританияда, Данияда, Ирландияда, Италияда және Францияда қолданылады. Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпоративтік табыс салығы бюджет түсімдерінің 27,2 %-ын құрайды.

Көптеген елдерде жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері ортақ болып келеді. Негізгі принциптері мыналар:

—     барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы. Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты «төлем көзінен» төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі;

—     салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады;

—     салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшеріберіледі;

—     салық салу кезінде медициналық шығындар, әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналар, кәсіби шығындар жиынтық табыстан шегеріледі.

Табыс салығы 12 айға тең болатын күнтізбелік немесе қаржы жылы ішінде алынған барлық табыстарынан алынады. Нақты бір кезеңдегі салықты есептеу барысында табыстан салық заңдылықтары бойынша бекітілген кейбір шегерімдер шегеріліп, жеңілдікгер қолданылады. Барлық елдерде «салық салынбайтын минимум» пайдаланылады. Ал салық салынбайтын минимум барлық салық төлеушілерге, олардың отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға беріледі. Сонымен бірге есепті кезең аралығында жасалған барлық нақты шығындар да салық салынатын табыстан шегеріліп тасталады. Нәтижесінде анықталған салық – салық салынатын табысқа (АҚШ-та ол түзетілген салық салынатын табыс деп аталады) үдемелі шәкіл негізінде салық есептеліп салынады.

Кейбір мемлекеттерде жеңілдік балаларға берілетін салық төмендетулерінің орнына балаларға берілетін жәрдемақы сомасына қосылып беріледі. Стандартты емес салық жеңілдіктерінің стандартты салық жеңілдіктерінен айырмашылығы – оның салық төлеушінің нақты жұмсаған шығындарымен байланысты болуында. Бельгия, Финляндия, Греция, Норвегия, Люксембург сияқты елдерде салық жеңілдігі сол елдердің заңы бойынша белгіленген төменгі табыс деңгейін салықтан босату арқылы беріледі. Бұл «нөлдік ставкамен салық салу» деп те аталады.

Жеке табыс салығы – жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады. Себебі тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің бір бөлігі салық ретінде аударылып отырады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында жеке табыс салығының мөлшерлемелерін төмендетіп, салық төлеу тәртібін оңтайлы етіп, белгілі бір жүйеге келтіруді атап өтті.

Бұл бөлімде біз тұтынуға салынатын салықтарға жататын қосылған құн салығы және акциз салықтары жөнінде баяндаймыз. Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық термин ретінде «тұтыну салығы» деп аталып жүр. Кейбір дамыған мемлекеттерде «тұтыну салығы» десе, ал бірқатар елдерде «жанама салықтар» ретінде аталуда, қалай атасақта бұл салықтардың мағынасы мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар аталып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.

Қосылған құн салығыты 1954 жылы М. Лоре (Франция) енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын басты шарттардың бірі болып саналды.

Дамыған мемлекеттердегі қосылған құн салығы. Ұлыбританияның қосылған құнға салынатын салығы мемлекеттік бюджеттің орта есеппен 17-20 пайызын құрайды және үлесі жағынан табыс салығынан кейінгі екінші орынды алады. Қосылған құн салығы бойынша объекті болып тауарлар өндірісіндегі әрбір кезеңіндегі қосылған құн табылады. Салық мөлшерлемесі – 17,5%. Азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, импорт-экспорт тауарларына, тұрғын ұй құрылыстарына, балалар киіміне, көлік тасымалына, пошта, жерлеу және каржы қызметтеріне, сақтандыруға қосылған құн салығы салынбайды.

Қосылған құн салығы Германиядағы негізгі салықтардың бірі болып табылады. Бюджет кірісіндегі үлесі 28-30%-ға жуық. Салық салу объектісі болып айналым саналады. Салық бюджетке түскен соң үш бюджет арасында бөлінеді. Салық екі түрлі мөлшерлемемен алынады:

—     азық-түлік, газет-журнал, кітаптарға, ауыл шаруашылығының өнімдеріне, жолаушы тасымалы қызметтеріне 7%-дық мөлшерлеме қолданылса;

—     осы аталғандардан басқалардың барлығына 15%-дық мөлшерлеме қолданылады.

Аталмыш салықтан ауыл және орман шаруашылығының өнімдері, экспортқа шығарылған тауарлар босатылған.

Канадада қосылған құн салығы 1991 жылдан бастап енгізілді. Негізгі салық мөлшерлемесі – 7%. Азық түлік, медициналық дәрі-дәрмектер мен жабдықтар, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтері салық төлеуден босатылған.

Франция елінде қосылған құн салығының мөлшерлемелері:

—     негізгі салық мөлшерлемесі – 18,5%;

—     автокөлік, кинотауарлары, темекі бұйымдары, парфюмерия, бағалы былғары өнімдеріне 22%-дық жоғарылатылған мөлшерлеме;

—     азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдеріне, кітап, дәрі-дәрмектерге, сондай-ақ туристік және қонақ үй, жүк және көлік тасымалы қызметтеріне 5,5%-дық төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылады.

Осы салық түрі бойынша жекелеген салық жеңілдіктері қарастырылған. Экспорт операциялары қосылған құн салығынан босатылған. Әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие, мәдени және спорт саласында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылық өндірістері, жеке білім беру, емдеу, рухани салада қызмет көрсететін тұлғалар салық төлеуден босатылған.