Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы туралы қазақша реферат

     2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 41  сақтандыру ұйымы (оның ішінде 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері және 63 актуарий лицензияланған қызметін жүзеге асырды. Есепті күнге қарай 32 сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушылар болып табылады. 2010 жылдың 1-ші тоқсанында нарық жандана бастады. Көлемі арта түсіп, 2008 жылғы рекордтық көрсеткіштерге дейін жетті. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда жан басына шаққандағы сыйлықақылар өсімі 66% болды, ал компаниялардың жиынтық активтері ең көп маңызға ие болып, осы уақыт ішінде 328 млрд. теңге болды.

Кесте 1. Сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

2010 жылыдың І-тоқсаны

2009 жылыдың І-тоқсаны

2008 жылыдың І-тоқсаны

2007 жылыдың І-тоқсаны

Сақтандыру компанияларының саны

41

44

40

40

оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша

7

7

7

5

ЖІӨ, млрд. теңге

17534

16724

15937

9739

Жиынтық активтер, млрд. теңге

328

295

261

150

Меншікті капитал, млрд. теңге

187

169

138

88

Сақтандыру сыйлықақылары, млрд. теңге

47

38

51

40

Сақтандыру төлемдері, млрд. теңге

28

56

49

14

Сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге қатынасы, %

0,27%

0,23%

0,32%

0,41%

Сақтандыру сыйлықақыларының жан басына шаққандағы қатынасы, теңге

2630

1585

2820

2183

Жиынтық активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

1,9%

1,8%

1,6%

1,5%

Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, %

1,1%

1,0%

0,9%

0,9%

Сақтандыру төлемдерінің сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы, %

13,18%

15,69%

27,51%

17,93%

2010 жылдың І-тоқсанында соңғы кездері жиі байқалатын, сөзсіз көш басына шығатын компания болған жоқ. Нарықтың шоғырлануы бәсеңсіп барады. Жалпы сыйлықақылардың 60% жиналған сақтандыру сыйлықақылары бойынша үздік нәтижелер көрсеткен 5 компанияның үлесіне тиесілі болды. Нарықтың кейбір ойыншылары топ 20-да өз орындарын өзгертті, ал кейбіреулері одан шығып қалды.

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы және оның даму перспективалары туралы» реттеушінің сайтында жарияланған есебінде: «2006-2009 жылдары сақтандыру сыйлықақыларының регресті талдаудың нәтижелері бойынша 2010 жылы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 120 млрд. теңге болып, 2009 жылдың  көрсеткіштерінен 5,8%-ға артқандығы көрінеді.

Бұл орайда, құжатта банктер мен корпоративтік секторлардың іскерлік белсенділігі төмендеген кезде регресті талдау болжамдарының нашарлайтыны атап өтілген.

ҚҚА пікірі бойынша сақтандыру нарығының даму динамикасы Қазақстанның экономикалық ахуалына тікелей байланысты болады. Оның үстіне, сақтандыру сыйлықақыларының өсімі сақтандырудың ерікті түрлері мен «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлеміне қарай айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар, агенттіктің талдаушылары «өмірді сақтандыру» саласын жоғары бағалауда. ҚҚА деректері бойынша жалпы сақтандыру нарығындағы кері көрсеткіштерге қарамастан бұл сала жақсы дамып келе жатыр. 2009 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақылары 62% көбейді, ал оның жалпы нарықтағы үлесі 8,2%-ды құрады  (2008 жылы 4,3% болған.)

Есепте: «Жиынтық сыйлықақылар мен (60%)  өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының әлемдік арақатынасын ескере отырып (орта мерзімдік болашақта бұл саланың «жалпы сақтандыруға» қарағанда тез дамуы күтіледі) жасалған болжам бойынша  «өмірді сақтандыру» бойынша сақтандыру сыйлықақылары жыл сайын орта есеппен 20%-ға өсетін болады», деп айтылады.

Құжатта соңғы екі жылда сақтандыру нарығында сақтандыру сыйлықақыларының түсім көлемі төмендегені, және оның ең алдымен екінші деңгейдегі банктердің халыққа несие беру көлемінің азаюынан, сондай-ақ, корпоративтік сектордың іскерлік белсенділігінің төмендеуінен болғаны көрсетіледі. 2009 жылдың қорытындылары бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жылдық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға, ал 2008 жылы 9% -ға төмендеген.