ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕН ЗАҢДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ, ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Жоспар

КІРІСПЕ 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. 4
1.1. КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МӘНІ. 4
1.2. КОСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ. 8
1.3. КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІ. 14
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕН ЗАҢДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ. 20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ. 30

Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 36

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы — демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Бұл нормативтік актіде бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцяның құқықтық нормалары  конституциялық-құқықтық  қатынастарды  реттейтін  барлық  нормативтік  құқықтық актілерді  қалыптастыру  мен дамытудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқытың ғана емес, сондай-ақ  құқықтың  басқа  да  салаларының  бастауы  ретіндегі  мәні  мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың  құқықтық   демкратиялық  мемлекет  құру, дүниежүзілік  қауымдастыққа  оның тек  құқылы мүшесі  ретінде  қосылу жөніндегі табандылығы тікелей  көрініс  тапқан.

Конституция  конституциялық  құқықтың  басқа  бастауларынан  өзгерістер  мен  толықтырулар  қабылдаудың  ерекше тәртібін  белгілеумен  ерекешеленеді. Мұндай  тәртіп  Конституцияның  мемлекет пен  қоғамның  негізгі  заңы  ретіндегі  және  олардың тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  қажетігінен  туындайтын  мәнінен  сипатталады.    Қазақстан  Республикасы  конституциялық  құқының  мемлекеттік мәні  бар құқытық нормаларды  белгілейтін қайнар көзінің қатарына  конституциялық  заңдар  жатады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президенттің Президент туралы, Парламент және оның депутаттары туралы, Республикалық референдум туралы Жарлықтарында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын актінің бір ғана түрі қарастырылған – ол шешім. Қаулы емес, жарлық емес, конституциялық және жай заң емес, шешім. Осындай шешім қабылданғаннан кейін Конституцияға    өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әрине,  өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік Конституцияның сапасына, конституциялық қағидалардың мемлекет пен қоғамның болашақтағы стратегиялық мақсттары мен міндеттеріне  қаншалақты  сәйкес келетіндігіне, конституциялық  идеялардың  қазіргі  деңгейіне, сондай-ақ  халықаралық құқық  нормаларын  қаншалықты   бейнелей  алатындығына  байланысты  туындайды.

Егер  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  қатаң  талап  тұрғысынан  келсек, негізінен, ол  бұған  жауап  бере  алады. Қазақстандағы  саяси  тұрақтылық – бұл  көбіне  көп  Конституция  қызметінің нәтижесі. Мұны теріске шығаруға болмайды. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы  жетілдірілмейді  деген  сөз емес. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сонымен  бірге  Конституцияның  тұрақтылығына  қамқорлық  жасап  та  отыру  қажет.

 Курстық жұмыс / 36 бет