Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары курстық жұмыс

Жоспары:

      Кіріспе………….3

     I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.

1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі………..4

1.2 Коммерциялық банктердің қызметі………….5

1.3 Коммерциялық банктердің операциялары …………9

II. Коммерциялық банктер

2.1 Коммерциялық банктердің операциялары……..14

2.2 Банктердің пассивтік операциялары………..14

2.3 Банктердің активтік операциялары……..20

III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары

3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру……..25

3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу…..26

3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі……..29

Қорытынды……..31

Пайдаланған әдебиеттер……..32

Кіріспе

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы  операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

курстық жұмыс / 32 бет