Көлік қызметтерінің нарығында негізгі тауар көлік өнімі болып табылады. Көлік өнімінің мәні жүктердің орын алмасуы, яғни, бұл – өз кезегінде қызметтердің өндіріс процесі. Көлік өнімінің сипаттамалық белгісі – ол өндірістен жеке тіршілік етпейді, оны жинақтауға, қоймаға жиыстыруға болмайды. Көлік өнімінің құрамында шикізат жоқ, оның құнында жалақы үлесі жоғары (өнеркәсіпке қарағанда 1,5-2 есе жоғары). Көлікте айналым қаражаттарының өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылығы бар, себебі жаңа зат ретінде тауар емес, оның қызметінің нәтижесі – орын алмасуы іске асырылады. Сонымен қатар, көлік өнімі кеңістікте өзара алмаспайды, яғни бір орында көлік инфрақұрылымының салаларын шоғырландыру барысында олардың кемшіліктерін өзге жолмен толықтыруға болмайды.
Көлік қызметтерінің нарығын тиімді жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі көлік жиынтығының өзінің түбегейлі жаңа бағытта дамуына әсер ететін, көлікте бәсекелестік қатынасты енгізу болып табылады, бұл жүк қалыптастырушы, өндіруші салалар арасында бәсекелестікті нығайтуға және отандық өнеркәсіп-өндіріс жиынтығын қалыптастырудың қуатты импульсіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Республиканың қазіргі таңдағы көлік қызметтері нарығында темір жол, автокөлік, әуе және құбыр өткізгіш көліктер ұсынылған. Қазақстан көлік бағыттарының ауқымды желісін қамтиды: Қазақстан аумағы арқылы өтетін 14061,8 км темір жолдар, 85 мың км жоғары автокөлік жолдары, 4 мың км-ге жуық ішкі су кеме қатынасының және 17,1 мың км магистральдік құбыр өткізгіш бағыттары. Көліктің айтарлық барлық салаларында орын алған жекешелендіру және акционерлеу процесі көлік нарығында бәсекелес шаруашылық субъектілерінің туындауына жол ашты. Қазақстанда 2002 жылы 2171 көлік кәсіпорны болған, олардың 1728 шағын, 373 орта және 70 ірі болып саналған.
Республикада бәсекелестік қағидаларын дамыту үшін жағдай жасалғаны, мемлекеттік емес көлік кәсіпорындарының көптеген көлемі іске қосылғаны белгілі. Алайда, бұл жағдай салалардың барлығында қолайлы даму үстінде емес. Барынша тиімді бәсекелес нарықтық жағдайлар автокөлік, әуе және кеме қатынасы тәрізді көлік түрлерінде жасалған.
Қазақстан экономикасының шикізатқа бағыт алуының нәтижесінде, темір жол көлігі республиканың көлік – коммуникациялық жиынтығында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректеріне сәйкес, көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымының құрылымында салыстырмалы жылдық орташа деңгей 57,3% құрайды. Қазақстанда көлік ерекше маңызды рөл атқарады. Республика ішкі континентте орналасқан, оның үлесінде жер әлемінің 2% қабаты, Азияның — 6,1%, бұрынғы КСРО-ның — 12,1%. Қазақстан көлемі бойынша әлемде 9-орынды алады және 1 км² шаққанда 6,2 адамнан келетін барынша кем санды аймақтардың бірі. Тұрғындары, табиғи ресурстары және өнеркәсібі дамыған орталықтары елдің аумағында бірқалыпты орналаспаған. Сондай-ақ республика әлемдегі экономикасы дамыған елдерден алшақ, ал экономика мен сауданың құрылымы жүктердің орасан зор көлемде тасымалдану қажеттілігін қамтиды. Осылайша, республика экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін көліктің мәнін бағалау күрделі [1.52].
Бірақ бұл беталыс экономиканың басқа салаларының өніміне бағаның өсуімен салыстырғанда жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға тарифтің қарқынды өсуінің, сондай-ақ осы салаларда өндіріс көлемінің айтарлықтай төмендеуінің нәтижесі болып табылады. Тап осы сәтте көлік саласы дағдарыс жағдайында болады. Мысалы, бірыңғай көлік жүйесінің аясында қазақстандық көлік кәсіпорындарының іске қосылуына мүмкіндік беретін республика аралық көлік коммуникацияларының ұтымды желісі осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Қазақстанда аумақтың бірлік алаңын автокөлік және темір жолдармен қамтамасыз ету деңгейі өте төмен. Қазақстанда темір жол магистральдарының тығыздығы аумақтың 1000 км² шаққанда 5,2 км құрайды. Салыстыру үшін дамыған Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 50 км-ден 110 км² дейін, ынтымақтас елдердің басым бөлігінде — 1000 км² шаққанда 23-тен 38 км-ге дейін ауытқиды.
Қазақстанда жалпы қолданыстағы қабаты қатты автокөлік жолдарының тығыздығы 1000 км² шаққанда 29,8 км құрайды. Мысалы, көлемі бойынша Қазақстанға айтарлықтай жол беретін Әзербайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Молдова және Украина елдерінде автокөлік жолдарының жиілігі аумақтың 1000 км² шаққанда 248-296 км құрайды. Батыс елдерінде автокөлік және темір жол желілері жиі орналасқан (Батыс Еуропада осыған сәйкес 100 км² шаққанда 93,2 және 24,8, АҚШ-та – 66,5 және 21,9 км). Олардың аумағында әлемдік тауар айналымының ¾ бөлігін орындайтын әлемнің 63% аса порты орналасқан. Сондай-ақ, көліктің негізгі құралдары Батыс елдерінде тұйықталған. Барлық автокөліктердің 80% астамы Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония елдеріне тән.
Республиканың көлік қызметтерінің нарығы тек экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, сонымен бірге аймақтық жиынтықтардың да өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, халық шаруашылығының (агроөнеркәсіп, жылу-энергетикалық, тау-металлургиялық, құрылыстық және т.б.) салалық жиынтықтарын қалыптастыру арқылы дамыды. Тасымалдау барысына талап қойылатын негізгі тауар өнімі салмақты төкпелі және құйылмалы жүкті алға тартады, мысалы, автокөлікпен тасымалдау тиімсіз болып саналатын көмір, дән-дақыл, мұнай, руда, минералдық тыңайтқыштар және т.б. Қазақстанның жолаушыларды тасымалдау нарығында автокөлік, әуе және темір жол көлігі арасында интермодальдік (көрініс аралық) бәсекелестік орын алған. Соңғы жылдары қашықтағы бағыттардың қалааралық автобуспен тасымалдау сегменті жоғарылады. Жолаушылар үшін автобуспен жүрудің ерекшелігі жүру кестесінің мейлінше қолайлы, бағыт жылдамдығының барынша жоғары және жол жүру құнының айтарлықтай арзан, ал темір жол көлігіне тән ерекшелік жол жүру қауіпсіздігі, тұрақтылық және жайлылық деңгейінің өте жоғары болуы. Сонымен қатар, тап осы сәтте темір жол және автобус көлігінде жолаушылардың жол жүру қызметтерінің біртұтас ұсынысының жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған жоқ.
Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығудың тапшылығы, кеме қатынасы көлдерінің орын алуы), аумағының көлемді болуы, өндірістің шикізаттық құрылымы және өндірістік күштердің орналасуы, автожолдары инфрақұрылымының жеткілікті дами алмауы, ел экономикасында темір жол көлігінің рөлі өте маңызды орында екенін айқындайды. Темір жол көлігінің орны келешекте де сақталатындығына сенім мол. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытына сәйкес темір жол көлігі Қазақстан Республикасының көлік қызметкері нарығында жетекші рөл атқарады. Оның үлесі көліктің барлық түрлерінің жүк айналымында 60% жоғары. Сонымен бірге, Қазақстан Еуразия континентінің орталығында бола отырып, бес халықаралық темір жол көлігінің коридорлары бойынша өзінің инфрақұрылымы арқылы транзиттік өткізуді ұлғайту мүмкіндігіне – транзиттік потенциалға ие. Оның ішінде Трансазиялық бағыт ең негізгісі, келешекте Оңтүстік Шығыс Азия — Батыс Еуропа теңіз бағытына бәсекелес болады.
Қазақстан Республикасының темір жолдарының пайдалану ұзындығы 14,2 мың км жоғары, оның ішінде екі бағытты жол – 4,8 мың км (34%) жоғары, электрленген жол – 4,1 мың км (29%). Басты бағыттардың жалпы ұзындығы – 19,1 мың км, станциялық – 6,3 мың км. Кестеде 1998ж. бастап 2008ж. аралығы мерзіміндегі темір жол бағыттарының пайдалану ұзындығы көрсетілген. Республиканың темір жол желілерінде бағыттары дамып отырған 756 жекеленген бекеттер орналасқан. 351 станцияда жүк операциялары жүргізіледі. 21 станцияның автоматты басқару жүйесі бар,
38-і – іріктеу құрылғыларымен (үйінділермен, жартылай үйінділермен және тартқыштармен) жабдықталған
Кесте – Темір жол бағыттарының пайдалану ұзындығы
Көрсеткіштер | өлш. бірлігі | 1998 ж. | 2003 ж. | 2006 ж. | 2007 ж. | 2008 ж. |
Темір жол бағыттарының пайдалану ұзындығы, барлығы | км | 13 642,4 | 13 770,2 | 14 205,4 | 14 205,4 | 14 205,4 |
оның ішінде: | ||||||
бір бағытты | км | 8 595,9 | 8 968,5 | 9 403,7 | 9 403,7 | 9 403,7 |
екі бағытты | км | 5 016,1 | 4 787,0 | 4 787,0 | 4 787,0 | 4 787,0 |
көп бағытты | км | 30,4 | 14,7 | 14,7 | 14,7 | 14,7 |
Электрленген учаскелер | км | 3 661,3 | 3 865,3 | 4 143,5 | 4 143,5 | 4 143,5 |
Жолды жабу үшін жартылай автоматтандырылған учаскелер | км | 2 643,0 | 3 140,7 | 3 290,6 | 3 117,5 | 3 117,5 |
Диспетчерлік орталықтандырылған учаскелер | км | 7 739,4 | 8 569,3 | 9 616,5 | 10 062,8 | 10 062,8 |
Негізгі бағыттардың кең жазылған ұзындығы | км | 18 787,2 | 18 649,5 | 19 083,0 | 19 083,0 | 19 113,5 |
Электрленген бағыттардың кең жазылған ұзындығы | км | 9 942,3 | 9 854,8 | 10 716,9 | 10 718,3 | 10 718,5 |
Станциялық және арнайы бағыттардың кең жазылған ұзындығы | км | 6 699,5 | 6 287,7 | 6 306,1 | 6 281,6 | 6 312,2 |
Түйіспейтін бағыттардың ұзақтығы | км | 5 209,4 | 6 184,4 | 7 420,3 | 7 844,2 | 8 284,8 |
Бастапқы қор көзі: Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі |
Қазақстан экономикасының өсімі үшін темір жол жүк тасымалдауларының маңыздылығымен бірге, Қазақстан темір жолдары жолаушыларды тасымалдаумен қамтамасыз етуде тіршіліктің маңызды рөлін атқарады. Қазақстан экономикасын нығайту үшін аймақтық жолаушылар көлігі және қашық бағыттағы жолаушылар көлігі қажет, себебі олар еңбек ресурстарының географиялық ұтқырлығын арттырады. Темір жол көлігінің операциялық қызметінің түрлері операциялы-технологиялық жүйенің күрделі құрылымын айқындайтын пайдалану, жөндеу, көмекші, коммуналдық, өнеркәсіптік және өзге де қызметтердің кең ауқымын қамтиды.
Темір жол көлігінің жүйелік қызметі жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру және ұйымдастыру болып табылады. Негізгі қызметті жүзеге асыру үшін техникалық құралдар қолданылады. Темір жол көлігінің жүйесінде қызметтің бөлігі тасымалдау барысында қолданылатын техникалық құралдарды жөндеумен және оларға күтім жасаумен байланысты.
Темір жол көлігінің техникалық жиынтығы мыналарды қамтиды:
жылжымалы құрам:
— жүк вагондары;
— жолаушылар вагондары;
— контейнерлер;
— локомотивтер;
— моторлы вагондық парк;
— бағыт машиналары және өлшемдік вагондардың мамандандырылған паркі.
темір жол инфрақұрылымдарының объектілері:
— магистральдық бағыттар және станцияның бағыттық дамуы (бағыттар, жасанды құрылғылар және бұрып жіберу жолақтары);
— станциялық ғимараттар және құрылымдар;
— электрлік желілер және трансформаторлық подстанциялар;
— телекоммуникациялық желілер және сигнализация мен байланыс жабдығы;
— жүк аулалары;
— кіре беріс бағыттар;
— вокзалдар;
— ақпараттық жүйелердің бағдарламалы-техникалық жиынтығы;
— жылумен, сумен қамтамасыз ету объектілері (қор көздері және желілер);
— жөндеу және пайдалану депосы;
— инфрақұрылымдардың, депоның және объектілердің машиналары мен жабдықтары.
Темір жол көлігі қызметінің түрлері операциялы-технологиялық жүйенің күрделі құрылымымен анықталады және екі жиынтыққа бөлінеді:
1. Негізгі қызмет:
— жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша коммерциялық және жүк операциялары;
— вагон ағымдарын ұйымдастыру және пойыздарды қалыптастыру;
— жылжымалы құрамды басқару және күтіп ұстау;
— пойыздардың қозғалысын және ептілік жұмыстарды диспетчерлік басқару;
— бағыттарды, жасанды құрамдарды, сигнализация мен байланыс жабдықтарын және электрмен қамтамасыз ету объектілерін, оның іске
қосылуына технологиялық қажетті өзге объектілерді қоса алғанда ХТЖЖ басқару және күтіп ұстау.
2. Қамтамасыз етуші қызметтер:
— локомотивтердің деполық жөнделуі;
— вагондардың деполық жөнделуі;
— вагондар мен локомотивтерді күрделі жөндеу;
— бағыттардың күрделі және орташа жөнделуі;
— жүктерді және объектілерді күзету;
— сумен, жылумен қамтамасыз ету.
Негізгі қызметтер жиынтығында қызметтердің түрлері жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың, жоспарлаудың және жүзеге асырудың негізгі технологиялық барысымен бірігеді.
2008 жылы Қазақстанның темір жолдары 16 млн-нан астам жолаушыларды тасымалдады, ал жолаушылар айналымы 14,3 млрд. жолаушы- км асып түсті
Қазіргі таңда республикада облысаралық бағыттарға темір жолмен жолаушыларды тасымалдау жәрдем қаражатын бөлу арқылы, конкурстық негізде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік және жекеменшік компаниялар жүзеге асырады. 2009 жылы республикада темір жол арқылы жолаушыларды тасымалдау жұмысын 11 компания жүзеге асырады (сурет), оның ішінде екеуі «ҚТЖ» «ҰҚ» АҚ компаниясының тобына кіреді, («Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қаламаңдық тасымалдаулар» АҚ) және жеті бағыт бойынша облысаралық бағытта және бес қаламаңдық бағытта жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тоғыз қазақстандық жекеменшік тасымалдаушылар. 2005 ж. бастап 2008 ж. аралығы мерзімде ҚР темірдың жолаушылар көлігімен 67,1 млн. жолаушы тасымалданды. Жолаушылар айналымы осы мерзімде 54 млрд. жолаушы-км құрады[3].
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Көлігі. Статистикалық жинақ. – Алматы: ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 1999. – 52 б.
- Қазақстан 1991-2002 жылдар Ақпараттық талдау жиынтығы.
- Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі.