Жоспар
Кiрiспе 3
1 Саят. Инвестициялық саясат 5
1.1 Инвестициялық саясат 5
1.2 Мемлекеттік инвестициялар 6
1.3 Ғылыми–техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 10
2.Индустриялық–инновация құрылымының сипаттамасы мен даму институтттары 12
2.1 Инновацияның ұғымы 12
2.2 Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары 16
3. Индустрия–инновацияны қаржылық ресурстар мен қамтамасыз ету және ғылыми–техникалық прогрестің тиімділігі 29
3.1 Ресурстарды және оларды қаржыландыру көздері 29
3.2 Жаңа техникасы мен технологияның тезникалық деңгейінің көрсеткіштері 31
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Кiрiспе
Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.
Қурстық жұмысының өзектілігі — Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Қурстық жұмысының негізгі мақсаты – Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту
Қурстық жұмысының негізгі міндеті – Индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыру көздерін жаңару және даму мәселелерін қарастыру
Қурстық жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қурстық жұмысының бірінші тарауында Индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі,кәсіпорындағы инновациялық потенциал, Индустриальды-инновациялық менеджмент, инновациялық әрекет сипатталған.
Екінші тарауында Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
Үшінші тарауда Индустриялық-инновациялық дамудың кейбір мәселелері, кадр саясатын жетілдіру бағыттары сипатталған.
Әдіснамалық негізі: Қазақстан Республикасының заңдары, заңнамалары, сонымен қатар көптеген отандық және шетелдік авторлардың соның ішінде: Мухамедьяров А.М. Фатхутдинов Р.А., Аньшина В. М., Дагаева А.А., Шумпетер Й. т.б. басылымдары қолданылды.
Курстық жұмыс / 35 бет