Білім беру Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының маңызды басымдықтарының бірі. Білім беру реформаларының жалпы мақсаты – жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға осы жүйені бейімдеу.2011 жылы қабылданған Мемлекеттік бағдарлама Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруда.
2010 жылы Мемлекет басшысы «Жаңа онжылдық– Жаңа экономикалық даму– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің стратегиясын жаңғыртуды іске асыру ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына байланысты деп атап көрсеткен болатын. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізі болып табылады.«Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру бәсекеге қабілетті сапалы адамзат капиталын құруды қамтамасыз ететін жүйені жасауға мүмкіндік береді. Жоғары білімді қазақстандықтардың жаңа буыны онжылдықтардың күрделі мәселелерін шешуге қабілетті болады», — деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысында.
Республикада 6960 балдабақша жұмыс істейді, оған 481 мың бала барады. «Балапан» бағдарламасының аясында 2011 жылы 514 мектепке дейінгі ұйым ашылған (222 балабақша, 292 шағын орталық).Педагог мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. А.ж. 1 қыркүйектен бастап ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту мұғалімдері және шеберлеріне біліктілік санаттары үшін 100 пайыз үстемақы қосылады.Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртудың базалық кешенін құру жұмысы басталды:Ұлттық педагогтердің біліктіліктерін арттыру орталығы, Педагогикалық ЖОО жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары, Назарбаев Университеттегі «Білім» факультеті. Назарбаев интеллектуалдық мектептері» АҚ «CENTER OF EXCELLENCE» біліктілікті арттыру жүйесін құру мәселесіне кірісті (Педагогикалық шеберлік орталығы).Сондай-ақ, Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған онлайн семинарлар өткізу бойынша ілкі жоба іске асырылады. Семинарларды Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері өткізетін болады. Жыл бойы 48 семинар өткізіледі.2011-2012 оқу жылдары семинарлардың тақырыбы «Критерийлік бағалау», 2012-2013 оқу жылдары — «Сыни тұрғыдан ойлау» деп белгіленген.
Қазір «Назарбаев Интеллектуалдық мектептері» базасында электрондық оқытудың жаңа білім жобалары іске қосылуда. 7-11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математика сабақтары бойынша онлайн-сабақтар ұйымдастырылатын болады. Бұл ретте сабақтар оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталатын болады. Сондай-ақ, тәжірибелік және зертханалық сабақтар ұсынылатын болады. Жыл бойы Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері 340 онлайн-сабақтар өткізеді.Қазақстандық білім берудің маңызды бағыттарының бірі 12 жылдық оқыту моделіне көшу. Қазір Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға оқыту бағдарламаларын әзірлеуде.
Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың ажырамас бөлігі болып табылатын кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту жобасы іске қосылды. Қазір республикада Атырау, Екібастұз, Өскемен қалаларында 3 өңіраралық орталықтың және Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауылында 2 кәсіптік лицейдің құрылысы жүргізілуде. Оған 600 млн теңге қарастырылған. Даму стратегиясында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында әлемдік деңгейдегі 4 колледж салу қарастырылған.
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінде 147 ЖОО жұмыс істейді, онда 620 мың студент оқиды. Биыл республикалық бюджет есебінен 350 магистрант ТМД, Еуропа, Азияның Оңтүстік Шығысына барады. Сондай-ақ, биыл 1493 шетел ғалымы және оқытушылары Қазақстанның 27 жоғары оқу орнына жұмысқа тартылады.
2.2. Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңы
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап.Қазақстан республикасының білім беру саласындағы
заңнамасы 3-бап.Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
2-тарау. Білім беру жүйесін басқару
4-бап.Қазақстан республикасы үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
5-бап.Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және
атқарушы органдардың құзыреті
7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық
қамтамасыз ету
8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
3-тарау. Білім беру жүйесі
10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы
11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
12-бап. Білім беру деңгейлері
4-тарау. Білім беру мазмұны
13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы 14-бап. Білім беретін оқу бағдарламалары 15-бап.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім
беретін оқу бағдарламалары 16-бап.Бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім
берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 17-бап.Техникалық және кәсіптік білім берудің білім
беретін оқу бағдарламалары 19-бап. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 20-бап.Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары 21-бап. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары 22-бап.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
кәсіптік оқу бағдарламалары 23-бап.Қосымша білім берудің білім беретін
оқу бағдарламалары 24-бап.Ересектерге білім беру 25-бап.Эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары
5-тарау.Білім беру қызметін ұйымдастыру
26-бап.Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру
ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
27-бап.Білім алу нысандары
28-бап.Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру 29-бап.Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру 30-бап.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
31-бап.Бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім беру 32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру 33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру 34-бап. Жоғары техникалық мектептер
35-бап. Жоғары білім беру
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
37-бап. Қосымша білім беру
38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы 39-бап. Білім беру туралы құжаттар
6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері
40-бап. Білім беру ұйымдары
41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы
42-бап.Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру
және тарату
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
45-бап.Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы
басшысының жауапкершілігі
46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер
47-бап.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі
48-бап.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің
денсаулығын сақтау
49-бап.Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің
құқықтары мен міндеттері
7-тарау. Педагог қызметкердің мәртебесі
50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі
51-бап.Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен
жауапкершілігі
52-бап.Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне
ақы төлеу жүйесі
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
8-тарау.Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
54-бап.Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің
мақсаты мен нысандары
56-бап.Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары
57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау
58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
60-бап.Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
адамдардың құқықтары мен міндеттері
9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету
61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері
62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру
Бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының мөлшерінен кем болмайды.
63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар
(жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы
64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық
базасын дамыту
10-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет
65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет
66-бап.Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу
қажеттіліктерін қанағаттандыру
11-тарау.Қазақстан республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
67-бап.Қазақстан республикасының білім беру саласындағы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
12-тарау. Қорытынды ережелер
68-бап. Осы заңның қолданысқа енгізілуі
Қазақстан республикасының президенті
Қазақстан республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 заңы
Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ол республикадағы жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі» ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.
2.3.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңдері
Қазіргі заманауи жағдайларда стратегиялық ресурс адами капитал болып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық гүлдену мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс.
Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізу негізі болып табылады.
Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады: 2011 – 2015 жывлдар мен 2016-2020 жылдар.Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеумен, оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қаута құрулар мен сынақтардың басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.
Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) құрал-жабдықтарды сатып алуды, инвестицияларды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын жаңарту және өзге көршығынды жұмыстар) көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларын әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз етуге басымдық беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.
Әрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылуын және бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.
Күтілетін нәтижелер:
2015 жылға дейін өтпелі кезең аяқталып, Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару тетіктері мен қаржыландыру дамыған елдер моделіне сәйкес келетін болады.
Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан басым шептерге ие болады.
2020 жылға дейін білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі түрінде нәтиже беретін болады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін мынадай әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі:
1.Адами капитал сапасы мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің артуына байланысты туындаған мемлекет экономикасының тиімділігінің және бәсекеге қабілеттілігінің артуы.
2.Білімдерді жобалау, құру және реконструкциялаудың жаңа ұстанымдарын есепке ала отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Білім берудің ескірген және апатты нысандарын жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту (асханалар мен спортзалдарды, автопарктерді, компьютерлік техниканы және т.б. Жаңарту).
3.Бюджет құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
4.Білім беру саласының қолжетімділігін, ашықтылығын, сапасын арттыру, корпоративтік басқару ұстанымдарын енгізу.
5.Жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын нормативтік-жанбасылық ұстанымдар негізінде, біліктілік арттыру жүйесін ваучерлік негізде қаржыландыру.
6.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік түрлерін енгізу, балалардың мектепке білім алуға деген жоарғы дайындылығын қалыптастыру, олардың ерте позитивтік әлеуметтенуін қамтамасыз ету. 7.Бейіндік оқыту ұстанымдарына негізделген «Бейіндік мектеп» жоғарғы мектебінің моделін, оның ішінде оқушылардың жеке оқу траекториясын пайдалана отырып құру.
8.Оқушылардың барлық әлемдік білім берудегі ақпараттық ресурстарына оn-line қолжетімділігін қамтамасыз ету.
9.Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.
10.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған мектептік және кәсіптік білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін «инклюзивті» оқыту жүйесін құру. 11.Жаңа фармациядағы мұғалімдердің қажетті санда және тиісті біліктілікте қалыптастыру. Білім беру қызметкерлері еңбегінің экономикалық және әлеуметтік ынталандыру жүйесін, елдегі орташа жалақы деңгейіне шығатын және жұмыс сапасын ынталандыратын оқытушылар жалақысының икемді жүйесін басымды енгізу.
12.Ішкі нарықтағы білім берудің салыстырмалы үлесін арттыру, елдің білім беру жүйесінің білім беру қызметтерін экспорттаудағы көлемі мен құрылымын ұлғайту. 13.Еңбек нарыының сұраныстарына сәйкес келетін, азаматтардың кәсіби, қызмет жолдында және жеке өсуіне ықпал ететін үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру.
14.Білім берудегі мемлекеттік-жеке әріптестікті енгізу.
15.Кәсіптік білім беру бағдарламаларының санын, сондай-ақ халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ның санын ұлғайту.
2.4.Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану. Нарықтық экономика заңдылықтары елімізде терең тамырланған кезінде қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. ҚР жас азаматтарының кәсіби оқу процесін 2000 жылғы деректерге қарағанда 722 оқу орны жүзеге асырылып отыр.
Жоғарғы оқу орны 2009-2011 жыл арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындар саны 99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғарғы білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 1999-2000 оқу жылының өзінде ақ ҚР жоғарғы білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстарғанды 3675 адамға өскенін байқатты, бірақта, «саны да сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғарғы білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғарғы білім ұяларында алған білім сапасына күмән тудырады.Жастардың алдындағы аса маңызды сын таңдау еді. Сондықтан да мемлекетіміздің жастары келешегін ойлап, қандай мамандыққа артықшылығын беретінін «Қазақстан жастары 2000: жағдай, тенденсиялары , болашағы» атты ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлкеттік баяндамасында айтылған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады.Жастардың заңгер мамандығын 20,2%, экономистер мамандығы 14,2%, банк қызметкерлері 9,6%, шетел салық инспекторлығын 4,5% иеленгісі келетіндігі мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдау жастардың кедонистік және шығармашылық альтуристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етеді.Сонымен жоғарыда аталған көптеген шешілмеген мәселелер жас азамттардың білім алуға конституциялық құқығының толық қамтамасыз етілуіне тежеу жасап тосқауыл қойып отыр. Ал тіпті жетім балалар денсаулығы, мүмкіндігі шектеулі балалар, тұрмыс деңгейі төмен отбасылар, деңгейі төмен отбасылар балаларының білім алуға құқығын жүзеге асыруы күрделі мәселеге айналғандығына біршама адамдардың көзі жеткені сөзсіз.Бұл жайттар қанша уақытқа дейін жалғаспақ бұндай мәселелерді шешуге, олардың алдын алу шаралары неге өзінің оң нәтижелерін бермеуде? Осы сияқты риторикалық сұрақтар әлі біраз уақыт бойы өз өзектілігін сақтап қалатын секілді.Білім беру салаларындағы бағдарламалаларда білім беруді ақпараттандыру және қаржыландыру мәселелеріне де көп көңіл бөлінуде, сол айтылған мәселелерге тоқталатын болсақ, мысалы, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлектеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 100% компьютерлендірілуі аяқталды. Орталық комуникациялық торап құрылып оған білім және ғылым министрлігінің орталық ақпараттарының торабы және облыстық білім беру департаменттерінің телекомуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулықтар баслымдары мектеп пәндерінің 225%-ін қамтиды.Қашықтан оқыту спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған.Сонымен қатар, ақпараттық және комуникациялық технологияларды дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіліктен әлде қайда артта қалуда.Қазақстанда әр компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар 2002 жылы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйым елдері бойынша бұл көрсеткіш 13-ке теңеледі, Литвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиісінше 5, 9 және 15 құрады.
2008 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде бір компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та төрт.
Қазіргі таңда интернет желісіне қосылуға Қазақстан мемлекетінің 24%-ғана қол жеткізген. Финляндияда 2008 жылы 90%-дан мектеп, 2011жылы Эстония мемлекеттерінің 100%, Австраля, Канада, Исландия мектептерінің 80%, Венгрияда 58%, экономикалық-ынтымақтастықтың және даму ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52% интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген.Кәсіптік мектептер мен колледждерде бір компютерге тиісінше 30-35 оқушыдан келеді. Интернет желісінде кәсіптік мектептердің 39% және колледждердің 51% қосылған.
Жоғарғы білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.Жекеленген жоғарғы оқу орындары оқудың технологиясын еңгізгенде кейбірінде талдау жасалған технология экспериментік режимде іске асырылуда.
Білім беруді қаржыландыру.Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өседі.
Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰТБ), мемлекет аралық бақылау (МАБ) енгізілді.
Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың обьективті құралы бола алмайды.
Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, оьективті мониторинг жоқ.
Білім беру сапасын басқару компаненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты және міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаға Қазақстан қатыспайды.Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистикалық жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұны әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.Жаңа жүз жылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ « Білім » бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғарғы елдердің озық тәжірбиесіне сәйкес маманадарды даярлау жөніндегі шаралар қолдануды қажет етеді.Білім берудегі қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстары (7 кесте), Қазақстандық білім берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға қажетті қосымша шығыстардың жалпы соммасы 2011 жылдың базалық бағасында 430 852,0 млн. теңгені құрайды. Бағдарламаны 2011-2020 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланатын болады.