Қазақстан Республикасының әлемдік нарықтағы орны мен ролі курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе……..3

1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері

1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары…..5

1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат

2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі

2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16

2.2 Қазақстанның халықаралық  экономикалық ұйымдарға кіруі……19

2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы……21

3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі  мәселелер мен жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер…..24

3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты……26

Қорытынды……..28

Пайдаланылған әдебиеттер……30

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.

Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.

Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы  экономикалық жүйенің  басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың  біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интегра-циялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты –  әлемдегі  жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық  әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның  негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде  анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақыры-бының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:

— Қазақстанның Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңдегі экономикасын қарастыру;

— Қазақстанның  Кеңес дәуіріндегі 1918-1940 жылдардағы экономи-касына тоқталу;

-Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгі (1991) Қазақстанның экономикасын қарастыру;

— Қазақстанның халықаралық  экономикалық ұйымдарға кіруіне тоқталу;

— Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық

кеңістіктің дамуын қарастыру;

-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелерге тоқталу;

-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясатын қарастыру.

курстық жұмыс / 30 бет