Жоспар:
Кіріспе……3
1. Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы……4
1.1 Азаматтық құқық ғылымы….16
1.2 Қазақ азаматтық құқығы әдебиеттерінің қысқаша очеркі…..19
1.3 Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты…..24
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары……..26
2.1 Азаматтық заңдардың құрамы……28
Қорытынды………..31
Қолданылған әдебиеттер тізімі…….32
Кіріспе
Азаматтық құқық ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Ғылыми зерттеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылыкдарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі, дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.
Қазақстаңдағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде Азаматтық құқық ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналды. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. ¥лттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. Әділіне жұгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, кереметтей қарапайымдылығымен азаматтық құқық теориясын сомдап берді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық құқықтың биік шыңына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретін азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы заң білімінің қалыптасуын және даму тарихын зерттеу
Міндеттер:
— Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихына талдау жасау;
— Азаматтық құқық ғылымына сипаттама жасау;
— Қазақ азаматтық құқығы әдебиеттерінің қысқаша очеркіне талдау жасау;
— Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипатын айқындау.
Курстық жұмыс / 32 бет