Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы туралы қазақша реферат
Біраз алдыңғы уақытқа дейін Қазақстанда бұрынғы одақтан қалған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болатын. Былайша барлық жүйе мемлекеттік болатын және өзі екі блоктан құрылатын: әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету.
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институтардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.
Құрамына Қазақстанда кіретін халықаралық еңбек ұйымы әлеуметтік қорғау жүйесін қолданылатын шаралар жиынтығы деп қарастырады, оған мыналар кіреді: лайықты төленетін, тұрақты еңбек қызметін қалыптастыру; әлеуметтік сақтандыру механизмдері арқылы негізгі әлеуметтік қауіп-қатер туындаған жағдайда оның алдын алу немесе пайданың жартысын тәркілеу; әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшелегіне енбейтін әлсіз топтарға әлеуметтік көмек механизмдерін ұсыну; азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері белгілі бір дәрежеде экономикалық даму деңгейіне, ал екі жақтық өзара келісімге келу деңгейі, мемлекеттік институттық қатысуы және қалыптастыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық моделге байланысты.
Бірдей дәрежеде дамып келе жатқан елдерде тарихи, мәдени, саяси және басқа да факторлар тұрғысынан әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыруда екі жақтық өзара келісімге келу деңгейлері мен мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі әр түрлі дәрежеде болады.
Әлеуметтік қорғауға ие болу құқығын алу жарнаға емес, қауіпті жағдайдың туындау уақытына байланысты болғанкезде, екі жақтық толықтай ынтымақтастығы жарна мен төлеме арасындағы байланысты болдырмауы мүмкін, қаржылық қысымды барлық салықтөлеушілер көтереді, ал әлеуметтік көмек алуға барлық азаматтра құқылы. Мұндай жүйеде пайданы бөлу механизмі және бірден-бір қаржы көзі мемлекттік бюджет, ал үйлестіруші мемлекет болады.
Толықтай ынтымақтастық қағидасына негізделген жүйелер барлық азаматтарға бірдей, төмен деңгейдегі әлеуметтік көмек көрсетеді.
Ынтымақтастық шектеулі болған жағдайда төлем алу құқығы адамның енгізген жарнасына байланысты. әдетте, мұндай жүйе жұмысшылар мен жұмыс берушілердің салымы есебінен қаржыландырылады, жарна көлеміне байланысты төлем ақы алу құқығына салым салған азаматтар ғана ие болады (немесе жұмыс берушісі олар үшін ақша бөлсе). Әдетте, мұндай жүйелер белгілі бір әлеуметтік топтарға қосымша көмек береді. Мысалы, жұмысшыларына немесе нақты бір еңбек ұжымына.
Сонымен қатар, әрбір азамат жеке алымдардан алынатын, сондай-ақ әлеуметтік қауіп төнгенде төленетін төлемдермен байланысты жүйеде ынтымақтастық көрінбейді.
Әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі толық ынтымақтастық иеленудің қағидасы мен мемлекеттік қатысудың жоғарғы деңгейі мен төмен құлшыныстармен сипатталады.
Толық ынтымақтастықтың қағида негізнде мүгедектерді, жұмыссыздарды асыраушысынан айрылғандарды жасының ұлғаюына байланысты адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Барлық Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар мен Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты тұрып жатырғандар әлеуметтік қауіп жағдай туындағанда жұмыс істеу мүмкіндігіне және жарнасқа қарамастан, барлығына бірдей мемлекеттік төлемдер беріледі, заңмен және халықаралық келісімшартта қарастырылмаса ғана жүзеге аспайды. Сондай-ақ экономикалық нормативтердің жоқтығынан төлемақылардың арақатынасы жойылады. Нәтижесінде көрсетілетін әлеуметтік көмекке қарағанда жұмысқа жарамды бөлігі төмен көмекақы жүйеге қатысы жоқ азаматтарға алады.
Республикамызда ынтымақтастықты шектейтін және жұмыс жасаушылардың қосымша қорғанысын қамтамасыз ететін жүйе жоқтың қасы.
Ынтымақтастығы зейнетақы жүйесі – қарттық кезеңдегі қамтамасыз ететін жалғыз түрі, ол жүйеге қатысты белгілі бір құлшыныстары бар қатысушылардың негізінде құрылған.
Заңмен белгіленгендей, сондай-ақ қажетті таратуды қажет етпейтін факторға байланысты әлеуметтік қауіп төнген жағдайда ерікті қамсыздандыру қарастырылған.
Қаржылық және әлеуметтік қоғаудың жалпы қалыптасқан жүйесі мемлекет негізінде жүзеге асырылады. Заңға байланысты белгілі бір топ адамдарына мемлекет есебінен әлеуметтік көмек ұсынылады, жүйеге қатысу деңгейі жинақтаушы зейнетақы жүйесін есептемегенде төмен дәрежеде әлеуметтік қорғаудың ағымдағы жүйесі мен оның тиімді жүйеге асуына кедергі келтірген негізгі кемшіліктер:
1) жетілдірілмеген заңнама: әлеуметтік саланы реттейтін заңнама, әлеуметтік қатерлер мен төлемдерге негізделмей, көбіне әлеуметтік төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған, сондықтан күрделі және анық емес;
2) әлеуметтік көмекті алу құқығын жүзеге асыратын, экономикадағы формальды сектордың қызметкерлерінің басымдықтарының жоқтығынан жеткіліксіз әділдік пен төмен деңгей туындайды;
1) айқындықтың жеткіліксіздігі: дербес сәйкестендіру жүйесі немесе жәрдемақыларды алу мен бөлу процесін қадағалау үшін дерекқордың қалыптасу сатысында болуы.
Қолданылып жүрген жүйені сақтау қызмет параметрлерінің нашарлауына және әлеуметтік қорғау міндеттерінің төмендеуіне апарып соғады.