2001 жыл ішінде саяхат қызметін жүзеге асыратын 690 кәсіпорын (оның ішінде туристік фирмалар саны 531) есеп берді. Олар жыл бойы 146,9мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсеткен (1999 жылы сәйкесінше 425 кәсіпорын есеп берді және олар 228,3 мың адамға қызмет көрсетті)
Саяхатшылар жалпы саны 1999 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1.6 есеге қысқарды, соның ішінде жекелеген турист категориялары бойынша қысқару мөлшері әртүрлі болды: бізге келген туристердің саны 2,1 есеге шетке шыққан туристер саны 1,6 есеге, ел ішінде демалғандар саны 1,3 есеге қысқарды. Төменде туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристердің саны туралы диаграмма келтірілген.
1 -123047 Ұлттықтуризм 2000жыл. 2- 178166 Ұлтық туризм 1999 жыл.
3- 91228 Халықаралық туризм 2000 жыл.
4- 156232 Халықаралық туризм 1999 жыл.
5- 55687 Ішкі туризм 2000 жыл. 6-72088 Ішкі туризм 1999 жыл.
Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында (356), Қарағанды облысында (56), Астана қаласында (48) және Шығыс Қазақстан облысында (42) орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер мен экскурсанттардың 86 пайызына қызмет көрсетті.
2000-шы жылы туристердің көп бөлігіне жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан төмен фирмалар қызмет көрсетті. Олардың жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 92,6 пайызды құрады, бұл 1999 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 4,1 пайызға аз.
Ірі кәсіпорындар санының үлесі артқанымен де, олардың қызмет көрсеткен туристер саны азайып келеді.
Ірі фирмалардың есептік жылдағы негізгі атқарған қызметі- алыс және таяу шетелдерге шығу визасын дайындау болды.
Қазақстан Республикасының туристік фирмалар мен агенттіктер қызметінен түскен табысы 2000 жылы 1340,3 млн.теңгені және 277000 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда сәйкесінше 1,4 және 2,9 есеге аз.
Халықаралық туризм адамдардың елдер арасындағы қозғалысын білдіреді. Оның дамуын талдау кезінде оның транспорт индустриясымен өзара байланысын анықтаудың маңызы зор.
Бей резидент туристердің көпшілігі сапарға шығу кезінде әуе транспортын пайдаланады, оның үлесі 85,4 пайыз, темір жол транспорты мен туристердің 7,2 пайызы, халықаралық автобустарымен- 3,3 пайыз және тағы басқалары құрлық транспорт құралдарымен-4,1-і сапар шеккен.
Резидент- туристер де көбінесе әуе транспортын таңдайды. Халықаралық автобустарды олардың 21,9 пайызы, темір жол транспортын -6,8 пайызы, басқа да құрлық транспорт құралдарын- 1,1 пайызы қолданған.
Жыл ішінде бейрезидент-туристердің негізгі бөлігі республикаға Германиядан -11194 адам (46,9 пайыз), Ресейден -1628 адам (6,8 пайыз),АҚШ-тан -1730 адам (7,2 пайыз), Ұлыбританиядан-1659 адам (70 пайыз) және Қытайдан -309 адам (1,3 пайыз) келді.
Келген туристердің республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16 күнді құрады( ТМД-дан келгендер үшін-3-4 күн, ал ТМД-дан тыс елдерден келгендер үшін — 17 күнге дейін). Бұл негізінен іскерлік мақсатпен-89,9 пайыз , дем алу үшін -4,8 пайыз, таныстарымен туыстарын көру үшін-1,4 пайыз және тағы басқа мақсаттармен-3,9 келген адамдар.
Республикаға келген туристердің (23868 адам) ТМД-дан тыс елдерден келгендер саны 86,3 пайызды, бұл 1999 жылдың (88,4 пайыз) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға төмен. Есептік жыл ішінде 67360 адам туристік жолдама алды. Олардың 8027-сі ТМД елдеріне сапар шекті, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2 есе артық шама.
Қазақстандық туристердің ТМД елдерінде сапарда болу ұзақтығы орта есеппен 4-5 күнді құрайды. Біздің жерлестеріміз көбінесе Қырғызстанға-4950 адам (61,7пайыз), Ресейге-3039 адам (37,9 пайыз) жол жүрген. 2000-шы жылы ТМД-дан басқа елдерге шыққан Қазақстандық туристердің жалпы саны 59333 адамды құрады, олардың саны өткен жылға қарағанда (102174 адам) 1,7 есе азайды.
2000 жылы ТМД-дан тыс елдерде болу ұзақтығы 5-6 күнге созылды. Туристердің неғұрлым көп бөлігі Туркияға — 20462 адам (30,4 пайыз), Қытайға-12913 адам (19,2 пайыз), Германияға — 13110 адам (19,5 пайыз) және Біріккен Араб Эмираттарына — 4595 адам (6,8 пайыз) жол жүрген. Қалған елдердің алатын үлесі елеусіз. Есеп берген 159 мейманхананың 1/3 бөлігінен астамы облыс орталықтарында орналасқан. Олардың ең көп бөлігі Алматы және Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.
Есеп берген мейманханалардың көпшілігі -138(87 пайыз) жекеменшік формасында. Мемлекеттік меншікте мейманханалардың 14-і (9 пайыз).
Қонақүйлердің 23 бөлігі кәсіпорындар болып табылады, жұмысшылардың саны 0-50 ге дейін, олардың үштен бір бөлігінде 50-ден 250 ге дейін жұмысшылар қызмет етеді, тек 5пайызында ғана 250 ден жоғары жұмысшылар бар.
2000-шы жылы қонақүйлерге бір уақытта орналасу орны 16389, ал барлық номерлер саны 9124 болды. Бір номерге орташа сыйымдылығы екі адам.
2000-шы жылы туристерге қызмет көрсету бойынша қонақ- үйлер мен басқа кәсіпорындардағы қосымша қызмет пен эксплуатациядан түскен табыстар төменгі кестеде келтірілген.
Кесте 3
Эксплуатациядан түскен табыс млн.теңге | Қосымша қызметтерден түскен табыс млн.теңге | |||
Барлығы млн.теңге | Бейрези-
денттерден түскен табыс |
Барлығы млн.теңге | Бейр- езидент-тер ден түскен табыс | |
Барлығы : | 6976,5 | 3991,1 | 1474,4 | 885,1 |
Мейманхана-лары бар қонақүй | 6532 | 3950,3 | 1377,6 | 884,3 |
Мейманханасы жоқ қонақүйлер | 378,1 | 33,9 | 96 | 0,8 |
Студенттік жатақхана және таулардағы турбазалар | 19,8 | 0 | 0 | 0 |
Кемпингтер | 6,9 | 6,9 | 0,6 | 0 |
Басқа да тұратын орындар | 39,7 | 0 | 0,2 | 0 |
Республика бойынша қонақүйлік кешендегі эксплуатациядан түскен табыс 6976,5 млн. теңге. негізінен мына облыстардағы кешендерден табыс алынған: Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан. Ең көп кері сальдо мына облыстарда қалыптасты: Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда.