Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы туралы қазақша реферат
“Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде біріккен кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, біріккен кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және біріккен кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі — тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:
— жетілген салық жүйесі;
— оңайлатылған валюталық режим;
— бюджет жүйесі;
— кедендік режим;
— тиімді есеп беру мен есепке алу;
— жетілген банк жүйесі;
— шаруашылық басқару органдарын жаңарту;
— жетілген сақтандыру жүйесі;
— әкімшілік басқару органдарын жаңарту;
— жетілген сақтандыру жүйесі.
Әлемдік тәжірибеде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге біріккен кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:
- инвесторлар басының және меншігінің қорғауды қамтамасыз ету;
- қаржылық валюталық, салықтық, тарифтік және тарифтік емес реттеуде құқықтық негізін жетілдіру;
- шетел инвестициясын сақтандыру және кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;
- инвестицияны реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік және аймақтық органдар ықпалын шектеу; әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.
Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.
Бұл заң Қазақстан территориясында шетел инвестицияларының ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан — құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.
Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:
- біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;
- екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.
Қорытынды.
Біріккен кәсіпорын құру кезінде қазақстандық серіктестер белгілі бір мақсаттарды қарастырады:
- тауардың нарықтағы, саладағы бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы;
- қосымша қаржы және материалдық ресурстардың тартылуы;
- алғы шетел техникасы мен технологиясын қолдану;
- бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және өткізу процесін жақсарту үшін серіктестерінің тауарлық белгісін қолдану;
- өндірістік процесс пен кадрларды басқару өрісінде тәжірибелерін қолдану;
- қаржылық тоқырау кезінде шетел серіктесімен коммерциялық тәуекелді бөлісу.
Біріккен кәсіпорын формасында тікелей шетел инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.
Біздің кәсіпорындардың өздері-ақ болашақта өріс алатын жобаларды ұсына алады. Ол үшін әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайларды, ережелерді, шарттарды ескере отырып, үйлесімді бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі кезде технологиялармен айырбас жөнінен келісім-шарттарының қатаң сақталуын, өнеркәсіптік меншік иелері құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін жүйе керек. Бұл мәселені шешу үшін интеллектуалды меншік әлемдік ұйымының көмегіне және халықаралық сауда палатасының тәжірибесіне сүйенуге болады.
Қазақстан тек қана шикізат пен материалдарын ғана емес, сонымен қатар жоғарғы технологиялы дайын өнімдер (электроника, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар және т.с.с.) экспортына маманданғанда ғана халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде беделді орынға ие бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.
2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.
3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.
4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.
5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 №5.
6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.
7. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы, 2000 г.
8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.
9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.
10. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.
11. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2003, 5 сәуір.
12. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2005, 18 ақпан.
13. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы, 1998.
14. Селезнев А. Макроэкономические факторы роста производства // Экономист. 1999 №5.
16. Статистический сборник: Промышленность РК и ее регионов 2003-2004, Алматы, Агентство РК по статистике. 2004.
17. Сидоров М.Н., Федотов А.А. Национальный доход: факторы роста. Структура. Методы прогнозирования.
18. Тодаро М.П. Экономическое развитие. Москва, 1997 г.
19. Оразәлі С. ХХІ қандай экономикамен келем. – Алматы. – Қазақстан. — 1996 ж. 120 б.
20. Общий обзор социально-экономического развития. Агенство РК по статистике // Банки Казахстана 2004 №4.
21. Уровень жизни населения. Агентство РК по статистике, 2004г. Алматы.
23. Экономическая теория. Учебник. Под.ред. И.П. Николаевой. М, 1998 г.