1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған — Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана — Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің — брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.
1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі»ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын — «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.
Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 — 1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі — жергілікті жерлерде Ұлттық комиссияның аймактық белімшелерінің болмауынан.
1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Ұлттық комиссия Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік жэне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып саналады.
2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыкка сәйкес бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттык комиссия таратылып, онын барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа зандар қабылданды. Олар:
• 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы»;
• 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы»;
• 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы»;
• 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу және кадағалау туралы»;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындагы кредиттік бюролар жэне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы». 2003 жылдың 13 мамырында қабылданған «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы» қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:
1. Акционерлік қоғамды «ашық», «жабық» деп типке бөлу жойылған.
2. Жарғылық капиталының минимальды мөлшері анағұрлым өсірілген.
3. Акцияларды мемлекеттік тіркеусіз салықтық инвестициялық номер беру жолымен нарыкка шығару жойылған.
4. Жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет жүргізіледі.
5. Акцияларды жабық тәсілмен орналастыруга шектеу қойылған.
6. Дивидендтерді төлеу мерзімін өткізіп алганы үшін айыппұл төлеу енгізілген;
7. Соттың шешімі бойынша акцияны өтеу процедурасы енгізілген.
8. Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы органдарына сайлауға шектеу қойылган.
9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.
10. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген ( бүрынғы заңда ол туралы тек түсінік берілген болатын).
11.«Орналастыру бағасы», «ірі акционер», «төлем агенті» деген ұғымдар енгізілген.
12. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі бойынша шектеу қойылған.
13. Халықтық акционерлік коғам екенін білдіретін белгілердің саны азайған. Н.Құрылтайшы жиналысына қойылатын талаптар пайда болған.
Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.