Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.
ДТҰ – ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм Ұзиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.
Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:
1.Іле (Алматы қ., Түрген с., Есік қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.).
2.Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.).
3.Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелі қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).
4.Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі с.).
5.Солтүстік Жоңғар (Достық с.,Алакөл көлінің маңы, Лепсі с., Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты)
6.Жамбыл (Тараз қ., Мерке с., Мойынқұм ауданы)
7.Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с., Отырар с., Шәуілдір с., Баба-ата с., Кентау қ., Шаян с.).
8.Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с., Арыс қ., Шардара қ., Сарыағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с.).
9.Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с., Беріл с., Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы).
10.Маңғыстау (Фетисово с., Ақтау қ., Ералиев-Құрық а.п.).
Бұдан басқа , басымдықты игеру объектілеріне жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктері (МҰТП): “Іле Алатауы” МҰТП, “Алтын Емел” МҰТП (Алматы облысы), “Ақсу-Жабағылы” МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), “Баянауыл” МҰТП (Павлодар), “Қарқаралы” МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы “Бурабай” және “Көкшетау” МҰТП, “Қорғалжын” мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейімен сипатталады.Орталық Азия аймағында туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалы туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі, Қырғызстан; Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.
Қазақстандық өнім орталық азия турөнімінің құрамында тиімді ұсынылса, жетістікке жетеді. Осыдан төмендегідей қортынды шығарамыз.
Біріншіден , турөнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде келісілуі тиіс.
Екіншіден, біздің турөнім көршілеріміздің турөнімдерінен кем болмауы керек. Оның бірден бір шарты- баға мен сапаның қатынасында.
БУРАБАЙ-Дискета «Формат»!!!