Қазақстанда туризм дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар оң ықпал етуі тиіс. Оны елдің экономикалық дамуына қарап айтуға болады.
Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды желбіреткеніне де бірталай уақыт болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы – туризм индустриясын құрып, дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы «туризм» ұғымын екі тұрғыдан, біріншіден, адамдардың дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту, екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның кішкентай Бахрейн, Кувейт секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас бөлігі ретінде өрістету үстінде.
Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының ағылуына, бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, халықтың өмір деңгейі мен кірістің ұлғаюына әкеліп соқпақ.
Еліміздегі туризмның қазіргі халі мәз емес. Ескірген материалдық-техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік инфрақұрылымы халықаралық деңгейге жете қоймаған. Сол себептермен Қазақстан әзірше әлемдегі мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына қосылған жоқ. Бірақ қайталанбас, сұлу табиғат жағдайларына бай жеріміз дүйім дүние туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түсіруі әбден мүмкін.
2004 жылғы және 2005 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалықдамуын қысқаша қортындылары мынадай.
Қазақстанда 2004 жылдың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) көлемі жедел алынған деректер бойынша 5.542,5 млрд теңгені құрады. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2003 жылмен салыстырғанда 109,4 % болды.
ЖІӨ-нің 9,4%-ға өсуі экономиканың барлық салаларындағы нақты көлемнің өсуіне байланысты болып отыр: өнеркәсіпте -10 ,ауыл шаруашылығында – 0,1 %, құрылыста – 11,2% , көлік және байланыста – 12,2%, саудада – 10,4% және басқа қызметтерде – 10,4% құрады.
2004 жылы дефлятор- индекс жалпы экономика бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 109,9% құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде – 116,2% , қызмет көрсетуде – 115,6% жетті.
2004 жылы ЖІӨ құрылымында тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 44,9% және 50,7% құрады. ЖІӨ құрылымында негізгі үлесті (31,1%) өнеркәсіп алады.
Сыртқы сауда айналымы. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы кеден статистикасының ұйымдаспаған сауда есебінсіз деректері бойынша 2004 жылы 32877,5 млн . АҚШ долларын құрады және өткен жылмен салыстырғанда 54% –ға өсті, соның ішінде экспорт — 20096,2 млн. АҚШ долларын құрап, 56 % –ға өсті.
Ағымдағы жылдың қаңтарында ақылы қызмет көрсету саласының бағасы мен тарифтері 1%-ға , 2004 жылдың қаңтарында -0,2%-өға өсті. Жолаушылар көлігіндегі жол ақысы 2,3% –ға көтерілді (темір жол көлігінде-7,8% –ға, автомобиль көлігінде -1,1%-ға ,әуе көлігінде – 0,8% –ға). Тұрғын үй-коммуналдық саласында 2004 жылдың қаңтарында олардың 0,1 -ытөмендеуіне қарағанда, бағаның өсуі өткен айда 1 құрады (газбен жабдықтау-2, сумен жабдықтау және тұрғын үйді ұстау – 0,9-1 ). Сондай-ақ , халықтың табысы ең төмен топтарына арналған тұтыну бағаларының индексі 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,9, табысы ең көп топтарына -100,7 құрады
Ағымдағы жылдың қаңтарында экономиканың тұтыну секторында баға өсімінің қарқыны, дефляция байқалған өнеркәсіптегі олардың өзгерістерінен едәуір асып түсті.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. 2004 жылы )алдын-ала деректер бойынша) республика эканомикасында 7,2 млн адам жұмыспен қамтылған болатын, бұл өткен жылғыдан 180,7 мың адамға немесе 2,6 %- ға өсті . Жұмыспен қамтылған халық санында еркектер 3,7 млн адамды (51.8%), әйелдер – 3,5 млн адамды (48,2%) құрады.
Жұмыспен қамтылған халық құрылымында соңғы жылдары жалданып жұмыс істеушілер басым болып отыр, 2004 жылы олардың саны 4,5 млн адамға жетті (барлық жұмыспен қамтылғандардың 62,2% ).
Жалдамалы қызметкерлердің басым бөлігі қалалық жұмыспен қамтылған (олардың жалпы санынан 68%). Ауылда жұмыспен қамтылғандардың арасында жартысынан көбі өз бетінше жұмыспен қамтылғандар құрайды — 55% (1,7 млн адам).
2004 жылықызмет көрсету саласында 3,7 млн адам жұмыс істеді (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 49,1 %), бұл өткен жылғыдан 181,3 мыңға көп, өнеркәсіпте – тиісінше 1,3 млн адам (17,5 %), 72 мың адамға. Ауыл және балық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар – 2,3 млн адам (33,4 %), бұл 72,6 мың адамға аз.
Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 2004 жылы 657,4 мың адамды құрады. Бір жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайыздық пункке қысқарды және 8,4 % құрады. Жұмыссыздардың жалпы санынан қалалық жерде 415,9 мың адам тіркелген , онда жұмыссыздық деңгейі 9,4 % құрады, ауылдық жерде – тиісінше 241,5 мың адам және 7,1 %.
Жұмыссыздардың жалпы санының кемуі барысында олардың құрылымындағы әйелдер мен жастар (15-24 жастағы) басымдылығын сақтап қалған. 2004 жылы жұмыссыз әйелдер саны 376,9 мың адамды (барлық жұмыссыздар санынан 57,3 %), жастар – 191,1 мың адамды (29,1 %) құрады. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық 9,8 %, жастар арасындағы – 14,3 % құрады.
Жұмыссыздар арасында 1 айдан 6 айға дейін жұмысы болмағандар саны 144 мың адамды (22,6 %), 6 айдан 12 айға дейін- 83,5 мың адамды (13,1 %) құрады, ал 257,7 мың адам (40,3 %) бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеген . Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – 5,4 %.
Жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 2005 жылғы қаңтардың соңына 120,1 мың адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 26,5 мың адамға немесе 18 %–ға кем. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан көбі (75 мың адам) — әйелдер, 49,1 мың адам – ауыл тұрғындары. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі аталған кезеңде 1,5 % құрады (2004 жылғы қаңтарда – 1,9% ).
Ақшалай табыстар. 2004 жылдың халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 152932 теңгені құрады., ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,0 % — ға жоғары. Осы кезеңдегі нақты ақшалай табыс 13,2 % — ға өсті.
Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша), айына орта есеппен жан басына шаққандағы.
Тәуелсіз Қазақстанда көптеген туристік фирмалардың жұмысы кең етек жайды. Олар сан алуан түрлі қызмет көрсету арқылы ұсыныстарды молайтады. Бүгінгі күнде фирмалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарын алыс шет елдерге аттандырады және де олардың дені негізінде шоп-туризммен айналысуда. Бұл құбылыстың белгілі себептері көп, солардың бастысына өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыс нәтижесінде жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен өңдеу салаларының құлдырауы жатады. Шоп-туризм арқасында халық тұтынатын тауарлардың бізге толық мөлшердеимпортталуы байқалуда жәнебазардың арзан өнімдерге толуы өріс алуда. Кіру туризміне көз жүгіртсек, оның өте баяу дамып келе жатқанын көреміз.
Жалпы туристік ағынның 69,2 %-і шығу туризмі де, 11 % –і кіру туризмі, ал 19,8%-ін ішкі туризм құрайды. Бір қызық жайт, шығу туризмінде алыс шет елдердің үлес-салмағы үстем (96,1 %), ТМД – ға 3,9 % ғана. Кіру туризмінде де ТМД – дан келушілер 26,2 % қана.
Сатылған жолдамалар құны шығатын туристерге шаққанда 95 % болса, кіру мен ішкі туризмге 3,5 % пен 1,5 % сәйкес келеді. Осы мәліметтерді қорытындылар болсақ, алыс шет жақтарға сапар шегу әрі қолайлы, әрі арзанға түседі. Резидент емес және өз азаматтарымыздың келуі мен республика ішінде қозғалысы айтарлықтай пайда әкелмейді.
Ал Қазақстан экономикасында туризм әлі сауда балансының теріс сальдосын көрсетуде.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (БТҰ) анықтауынша,елдер ең алдымен туристерді жеткізіп беруші және қабылдаушы болып екіге бөлінеді. Қазақстан осының алғашқы тобына жатады (2 қосымшадағы мәліметтер) . Күллі әлемде «жеткізіп беруші елдерге» жоғары дамыған, ірі өнеркәсіпәлеуетіне ие елдер кіреді. Біздің республикамыз «қабылдаушы елдер» санатына кіруі керек еді (Марокка, Непал, Оман, Түркия сияқты). Алайда өндірісіміздің құлдырауы, тұрақты дәстүрлі қатынастардың үзілуі, сонымен қатар адамдардың арзан тауар көздерін іздеп, шет жақтарға ағылуы нәтижесінде «шоп-туризмның» күрт өсуі бәсеңсір емес.
Ал туристер мен экскурсанттарға 1998 жылғы қызмет көрсету кестесін Қазақстан Республикасының 5 экономикалық ауданына бөліп құрастырғанда (3 қосымша), жағдай былай боп шығады.
Резидент еместер | резиденттер | |||||
адамдар | Сатылған жолдама құны,мың | Түсім, мың тенге | адамдар | Сатылған жолдама құны,мың | Түсім, мың тенге | |
Қазақстан Республикасы | 100
|
100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Солтүстік Қазақстан | 3,9 | 1,0 | 4,771 | 11,5 | 10,0 | 5,85 |
Батыс Қазақстан | — | — | — | 8,5 | 6,13 | 5,5 |
Оңтүстік Қ. | 0,6 | 5,0 | 0,06 | 8,0 | 1,574 | 4,84 |
Орталық Қазақстан | 2,0 | — | 0,2 | 7,3 | 4,2 | 28,0 |
Шығыс Қазақстан | 15,0 | 4,6 | 1,7 | 3,8 | 0,3 | 1,7 |
Алматы қаласы | 77,0 | 89,3 | 93,0 | 69,0 | 78,0 | 54,0 |
Қазақстанның 5 экономикалық ауданындағы туристерге қызмет көрсету мөлшерін қарастыра отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: резидент еместер (Қазақстан Республикасының азаматтары емес) мен резиденттердің (Қазақстан Республикасының азаматтары) көп бөлігіне Алматы қаласында қызмет көрсету деңгейі тиісінше 77 һәм 69 процент екен. Түсімнің де қомақты бөлігіАлматы қаласы үлесіне тиген, яғни резидент еместерден 93 , ал резиденттерден 54. тек аз ғана сыбағасы (28) Орталық Қазақстанэкономикалық ауданының резиденттеріне (7,3) келсе, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының бір Ақмола облысының өзі 5,9 резиденттерді қамтыды. Бұл ауданның барша резиденттер санының жартысы болып тұр. Шетел туристерінің кейінгі атбасын тіреген жері Шығыс Қазақстан өңірі (15). Осыдан ұғынарымыз, шетелдіктердің басымы оңтүстік астанамызды шоғырланса, өз азаматтарымыздың дені «шоп-туризмді» солтүстік астанаға қарай өрістетіп, дамытып отыр.
Қазақстанның табиғат ерекшеліктері кез-келген туристі бей-жай қалдырмайтынына біз кәміл сенеміз. Ендігі ой-мақсатымыз жоғары тиімді туризм индустриясын дұрыс жолға қойып, дамытудың кейбір міндеттерін ашып көрсету . Олар:
-республикадағы бүкіл туризм инфрақұрылымын жүйеге келтіріп, болашаққа бағыт-бағдарын анықтау қажет;
-туризм объектілеріне көлік пен коммуникация қолайлылығын жақсарту;
-қонақ үйлер , кемпингтер, мотельдердісалу барысында маусымдық ерекшеліктеріне көңіл бөлу;
-туризмдегі жарнама мен үгіт-насихат жұмысын озық технологиялық әдістерді пайдалана отырып жүргізу;
-шетелдік және отандық инвестицияларды туризм саласына тартудың көзін табу.
Қазақстанда дербес және тиімді телекоммуникациялар жүйесін құру қажеттігі туып отыр. Жалпы, туризмнің өркендеуі осындай инфрақұрылым түрімен тікелей байланысты. Туризм индустриясында байланыс шапшаңдығы маңызды қызмет ретінде қарастырылады. Сол себепті ақпарат жылдамдығы әлемдік деңгейге сай келуі шарт.
Туризмде көлік байланысының рөлі орасан зор. Темір жол, автомобиль және әуе қатынасының дамуы Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін аңғартуы тиіс. Трансазиялық темір жол магистралінің негізін қалау мақсатымен, 1991 жылы Достық-Алашанькоу темір жол өткелін іске қосқан еді. Ал 1996 жылы Серахс – Мешхед темір жол аралығын енгізгеннен кейін, Ұлы Жібек жолымен жаңа үлгідегі қатынас өрлей түсетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының көлік жүйесінде темір жол ең арзан қызмет көрсету нысаны ретінде халыққа танымал. Әсіресе ішкі туризм дамуында оның рөлі айрықша. Қазіргі таңда осы көліктіңқозғалысын үнемді пайдалану мақсатымен Жезқазған – Қызылорда ( ұзындығы 419км), Семей – Павлодар (184 км), Өскемен – Шар (143 км) тәрізді темір жол тармақтарын салу қолға алынулы. Туризм индустриясының көлік инфрақұрылымында автомобиль жолдары да өте зор маңызға ие.
Туристік байланыс жүргізу барысында автомобиль магистральдары дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанда бүкіл жолдар ұзындығы 87,7 мың километрге тең немесе аумағымыздың 1000 километріне шаққанда 32,2 км келіп тұр. Олардың 17,4 мың шақырымы республикалық маңызы бар автотрассалар, ал бұның 11,8 мың километр жолы халықаралық жағдайға жетпек.
Сыртқы экономикалық байланыстарымыздың өсуі нәтижесінде туризмнің қалыптасу кезінде басымдық бағыттардың ішінде теңіз қатынасының өрлеуі айқындалуда. Қазақстанның әзірге жалғыз Ақтау теңіз портының реконструкциясы мен кеңейтілу жүргізіліп жатыр. Оның жаңа мәнге бетбұрысы круизді туризмнің өркендеуіне мүмкіндік берері хақ. Бұл тұрғыда әуе көлігі туризм инфрақұрылымының ең жаңа элементі ретінде туризм индустриясының ажырамас және жылдамдығы жағынан елеулі болып саналады. Туристік компаниялар, фирмалар әуе компанияларымен көптеген шарт жасасып, екі жаққа да түсімнің ортақ үлесін бөліседі. Қазақстанның туристерді жеткізіп беруші елдерден қашық орналасуы әуе көлігін өркендетіп, дамытудың маңыздылығын дәлелдей түспек. Болашақта әлемдік деңгейдегі әуе порттарын республикамыздың барлық облыс орталықтарында салып, ұйымдастырылуына шүбә келтірмейміз.
Аталған көлік жүйесімен қатар, туристік инфрақұрылымның ішіне орналастыру мен тамақтану базалары жатады. Қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер жаңадан бой көтеріп келе жатыр. Оларды халықаралық деңгейге жеткізу болашақта тұрған күрделімәселелердің бірі. ДТҰ-ның мәліметі бойынша, әлемдегі қонақ үй қорының 49 % -і Еуропада орналасқан. Ресейлік қонақ үй қоры (4878 қонақ үй) Еуропаға шаққанда 3%-ін ғана құрайды. Ал Қазақстанда әзірше орналастыру объектілерінің саны 25 болса, олардағы орын саны 4040 болып белгіленген. Сонымен бірге, қонақ үйлер, мотельдер мен пансионаттардан басқа, қосымша орналастыру мекемелері қалыптасу шағында. Оларға жастар турбазалары, отбасы демалысана арналған рекреациялық орталықтар, тау лашықтары және жалға берілетін пәтерлер, саяжай үйлері және фирмалар, т.б қосылады.
Тамақтану базасы салыстырмалы түрде жақсы дамыған. Бірақ жалпы туристік қызмет көрсету дәрежесіне толық жетпеген. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы туристерге қолайлы ресторан, кафе, бар тәрізді мекемелерді жол бойында, шалғай аудандарда да салып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде бой түзеген тамақтану орындарын көбейте берген абзал.
Қазіргі кезде «Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» , «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы» , Қазақстан Республикасының «Туризм туралы Заңы» сияқты Үкімет қаулылары бар. Оларға жүгіне отырып, болашаққа арналған Қазақстандағы туризм дамуының басымдық бағыттары анықталған:
-туризмді экономиканың басқа салалары деңгейіне теңдестіріп, оның бір қалыпты өрістеуін бақылау;
-туристік инфрақұрылымды қайта жабдықтау және жаңа талаптағы объектілерді салу;
-шет елдің алдыңғы дамыған туристік компанияларымен, корпорацияларымен қатынас жасап, тәжірибе алмасу;
-туризмдегі көлік пен коммуникациялар жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;
-халықаралық туризм үшін кадрлар даярлап, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру;
-ғылым мен техникадағы жетістіктерді туризмді басқару мен үйлестіру мақсатында пайдалану;
-туризмге жанама қатынасты кешендердің барлығын аталмыш саланы дамыту ойымен жұмылдыру.
Үкімет шетелдік және отандық салаға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтеді, сондай-ақ ел туралы кешенді туристік ақпарат дайындауға және оны кең таратуға мүмкіндік береді. Барлық қабылданған бағдарлама, жоспарлар Қазақстанда туризм индустриясын құрып, дамытуға септігін тигізеді деп кәміл сенімдемін.
2.3 Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.
2003 жылы туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсету туралы мәліметтерге жүгінсек, олар төмендегідей:
2003 жылы 713 туристік фирма мен агенттік 229,0 мың турист пен экскурсантқа қызмет көрсетті . Ал 2002 жылы 612 фирма мен агенттік есеп берді және 171,4 мың адамға қызмет көрсетілді. Есеп берген туристік фирмалар мен қызмет көрсетілген туристер туралы деректер төмендегідей:
2003 |
2002 |
|||
Есеп берген туристік фирмалар мен агенттіктер саны, бірлік |
Қызмет көрсетілген туристер, адам |
Есеп берген туристік фирмалар мен агенттіктер саны, бірлік |
Қызмет көрсетілген туристер, адам |
|
Барлығы |
713 |
229014 |
612 |
171427 |
Ақмола
Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы
|
10 11 29 13 22 13 4 25 5 3 10 25 7 5 37 494
|
14125 2264 21300 1624 17597 5630 367 6147 1374 271 7877 4119 2610 4005 39499 100205
|
10 10 18 4 23 5 2 25 7 2 4 17 4 4 23 454 |
5231 2058 14532 1395 4313 2790 1762 6500 822 497 7336 1351 2332 2271 38918 79319 |
Еліміздегі туризм даму динамикасын қарастыруға 2001-2003 жылдар аралығын алайық. Келу, шығу және ішкі туризм мәліметтеріне жүгінсек, одан шығатын қортынды мынадай:
Өткен кезең ішінде туризмнің барлық типтері бойынша туристер санының өсуі байқалады, келуші туристердің саны 1,5 есе, шыққандар – 1,3 есе артты. Ішкі бағыттағы туристердің саны сондай-ақ 1,3 есе өсті және 89,3 мың адамды құрады.
2003 |
2002 |
2001 |
||||
Қызмет көрсетілген экскурсанттар мен туристер |
||||||
адам |
Жалпы көлемдегі үлес |
адам |
Жалпы көлемдегі үлес |
адам |
Жалпы көлемдегі үлес |
|
Барлығы |
229014 |
100 |
171427 |
100 |
154502 |
100 |
Келу туризмі |
44990 |
19,7 |
29771 |
17,4 |
2507 |
1,6 |
ТМД |
2701 |
|
1209 |
|
792 |
|
ТМД-дан тыс |
42289 |
|
28562 |
|
1715 |
|
Шығу туризмі |
94692 |
41,3 |
74728 |
43,6 |
37942 |
24,6 |
ТМД |
10156 |
|
8376 |
|
4541 |
|
ТМД-дан |
84536 |
|
66352 |
|
33401 |
|
Ішкі туризм
|
89332 |
39,0 |
66928 |
39,0 |
114053 |
73,8 |
2003 жылы туристік рыногтың барлық ұйымдарының 94,5 % — астамы жеке меншік нысандағы кәсіпорындар үлесінде болды, 2002 жылы-96,5% ы. Басқа мемлекеттердің , олардың занды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігі , тиісінше, 5,1% — және 2,8% — ды, ал мемлекеттің – 0,4% — ды және 0,7% – ды құрады.
2003 жылы жеке меншік нысандағы туристік кәсіпорындар туристердің 97,6 – ына (223493 адамға) қызмет көрсеткен, ал одан түскен табыс 14,1 млн теңгені және 389,9 мың АҚШ долларын (республика бюджетіне туристік ұйымдар қызметінен түскен табыстың 97,5 –ын) құрады.
Туристік ағынның 2,1 – ы (4796 адам) және табыстың 2,5 – ы (43,3 млн теңге) басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігі болып табылатын туристік ұйымдардың үлесінде.
Мемлекеттік туристік ұйымдар туристер ағынның 0,3 – ына (725 адамға) қызмет көрсетті. Олардың қызметінен түскен табыс 0,4 млн теңгені құрады.
Туристік қызметте шағын кәсіпорындар 98,3 – ды құрады және 180,2 мың туристке қызмет көрсетті (2002 жылы 98 ), орта кәсіпорындар – 1,3 – ды құрады және 47,1 мың туристке қызмет көрсетті (2002 жылы – 1,5 ) және ірі кәсіпорындар 0,4 – ды құрады және 1,7 мың туристке қызмет көрсетті (2002 жылы – 0,5 ).
Мемлекет бюджетіне ең көп кіріс әкелген туристік фирмалар Астана және Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында орналасқан.
2003 жылы Қазақстанның 94,7 мың азаматы туристік жолдама сатып алды, 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың саны 1,3 есе өсті (2002 жылы – 74,7 мың адам).
Шығу туризмі туристік фирмалардың негізгі табыс көзі болып табылады, оның үлесі 61,2 – ды құрады. 2003 жылы қазақстандық туристер шетелге шыққан туристердің жалпы санынан 41,3 – ды құрады, одан ТМД елдеріне – 10,7 , алыс шетелдерге – 89,3 . төменде 2003 жылы туризм түрлері бойынша туристік қызметтен түскен табыс диаграммасы кесте түрінде берілген (1 қосымша).
Әуе көлігі қызметін туристер – резиденттердің 61,7 – ы пайдаланады, 2002 жылмен салыстырғанда олардың саны 1,2 есе өсті, халықаралық автобусты туристердің 28,5 – ы (1,5 есе өсті), теміржол көлігін – 8,2 – ы (1,3 есе өсті), өзге де құрлық көліктерін – 1,6 – ы (туристер саны 1,3 есе азайды) пайдаланады.
Талдау кезеңі ішінде қазақстандық туристердің ТМД елдерінде тұру күндерінің орташа саны 4 күнді құрады. Біздің отандастар туристік фирмалар арқылы Қырғызстанға – 5192 адам (51,1 ), Ресейге – 2973 адам (29,3 ), Өзбекстанға – 979 адам (9,6 ) және басқа елдерге шыққан
2003 жылы ТМД –дан тыс елдерге барған қазақстандық туристер саны 84536 адамды құрады, олардың саны 2002 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өсті.
Төменде ТМД елдеріне және ТМД –дан тыс елдерге шығатын туристер саны (адам) кесте түрінде берілген:
ТМД – дан тыс елдерде тұру күндерінің орташа саны 2-3 күнді құрады. Қытай — 30105 адам (35,6 ), Түркия – 21682 адам ( 25,6), Германия – 11736 адам (13,9), БАЭ – 5465 адам (6,5) және Литва – 2879 адам (3,4), бұрынғыша, туристер ең көп баратын елдер болып табылады, ал басқа елдердің алатын пайызы мардымсыз ғана.
Туристер – резиденттердің 42,8 –ы коммерциялық мақсатпен, 36,0 –ы демалу үшін, 9,8 – ы таныстары мен туыстарына бару үшін шетелге шығатын болса, басқа мақсатта шетелге шығатындардың пайызы мардымсыз ғана.
Келу туризмінің құрылымынан Қазақстанның туристік фирмалары қызметін әлемнің 70 астам елінің 44990 турист – резидент емесі пайдаланғандығын байқауға болады.
Келу туризмі бойынша деректерде көрсетілгендей, 94,0 — ды алыс шетелден келген туристер кұрады, 2003 жылы олардың саны 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті, ТМД елдерінен келетін туристер келетін туристер үлесің өсуі өткен кезеңмен салыстырганда 1,9% — ды құрады.
Төменде ТМД елдерінен және ТМД – дан тыс елдерден келген туристер санының диаграммасы берілген:
Туристтер — резидент еместердің басым бөлігі Германиядан – 21596 адам ( 51,1% ), Қытайдан — 3649 адам ( 8,6% ), АҚШ — тан — 2745 адам
( 6,5% ), Түркиядан — 1004 адам ( 2,4% ) және Ұлыбританиядан — 1837 адам ( 4,3% ) келген. ТМД елдері ішінен Ресей Федерациясынан келгендер басым ( 1824 адам ), бұл 67,5% — ды құрады.
Сапар мақсаты бойынша туристтер – резидент еместер 44,1 % — ы таныстары және кәсіби мақсатпен, 18,3% — ы демалу үшін келетіндігін көрсетті, ал өзге мақсатпен келушілердің пайызы мардымсыз ғана.
Туристтер – резидент еместердің жартысынан көбі әуе көлігін пайдаланады, оның үлесі 91,7% -ды құрады. Темір жол көлігін туристердің 4,7 % — ы, қалааралық автобустарды – 0,9 %- ы және өзге құрлық құралдарын — 2,7 % — ы пайдаланды.
ТМД – дан келген туристтер – резидент еместердің елде аялдау мерзімі қысқара түсті. Есепті кезең ішінде ТМД – дан келген туристердің біэдің елде тұру күндерінің орташа саны 2 күнді құрады, 2002 жылы – 3 күн болатын, ал ТМД – дан тыс елдерден келген туристердің болу мерзімі сол қалпында қалды ( 0,5 күн ).
2003 жала Қазақстан Републикасы бюджетіне келу туризмін ұйымдастыру жөніндегі туристік фирмалардың қызметінен табыс өткен кезеңмен салыстырғанда 1,3 есе өсті және 254,0 млн. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта ішкі бағыттағы туристер санының өсу үрдісі байқалады. 2003 жылы Казақстан Республикасы бюджетіне ішкі туризмді ұйымдастыру жөніндегі туристік фирмалардың қызметінен түскен табыс 2002 жылмен салыстырғанда 2,3 пайыздық пунктке өсті және 412,3 млн. теңгені құрады.
2003 жылы республика аумағында 239 қоңак үй жұмыс істеді, олардың 84,5 % — ы жеке меншік нысанда, 8,4% — ы мемлекет иелігінде және 7,1 % — ы басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалпры мен жеке азаматтарының меншігінде.
Негізінде қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары (69,0 % — ы ) шағын бизнес субъектілеріне жатады ( 2002 жылы олар 64,1 % — ды құрады), Қалғандары былайша бөлінді: 23,4% — ы — орта ( 26,1 ) және 7,6% — ы – ірі ( 9,7 % ).
Қонақ үйлердің бір жолғы сыйымдылығы 2003 жылы 22172 төсек – орынды құрады ( 2002 жылы — 19179 төсек- орын ): барлық нөмірлер саны – 11104 ( 2002 жылы – 9838 нөмір ), яғни бір нөмірдің орташа сыйымдыоығы — 2 адам.
Төмене 2002 – 2003 жылдардағы қонақ үйлер мен басқа тұру орындарын пайдаланудан түскен табыстар көрсетілген.
Пайдаланудан түскен табыстар, млн теңге | ||
2003 | 2002 | |
Барлығы |
14540,1 |
11372,5 |
Мейрамханалары бар қонақүйлер |
12371,3 |
9578,8 |
Мейрамханалары жоқ қонақүйлер |
2006,1 |
1678,8 |
Жастар жатақханасы мен тау турбазалары |
64,9 |
44,4 |
Тұруға арналған автофургондар және автотіркемелер үшін тұрақтар көрсететін қызметті қоса кемпингтер, мотельдер |
3,0 |
0,8 |
Басқа да тұру орындары |
94,8 |
69,8 |
Республика бойынша 2003 жылы қонақ үй кешенін пайдаланудан түскен табыс 2002 жылмен салыстырғанда 1,3 өсті, бұл14540,1 млн теңгені құрады.
Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында қонақ үй кешендерін пайдаланудан ең көп табыс түсті және республика бюджетіне ең көп кіріс әкелді.
Туристер –резидент еместердің 26,5 % -ы санаты жоқ қонақ үйлерге тоқтағанды тәуір көреді, ал олардың 20,5 %– ы 3 жұлдызды қонақ үйлерде, 21 %–ы 5жұлдызды қонақ үйлерде орналасқан, ал қалған шамалы ғана пайызы басқа қонақ үйлерге тоқтаған. Туристер-резиденттердің 70% –ы санаты жоқ кен қонақ үйлерде, 15%-ы 3 жұлдызды қонақ үйлерде орналасқан, ал қалған шамалы ғана пайызы басқа қонақ үйлерге тоқтаған.
Қазақстан Республикасына шет ел азаматтарының келуі және Қазақстан азаматтарының шет елге шығуы.
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
|
Келген резидент емес азаматтар | 284346 | 256752 | 393602 | 1682547 | 2692590 | 3677921 | 3236788 |
Туристік индустрия қызметін қолданған | 27683 | 34542 | 50154 | 23868 | 2507 | 29771 | 44990 |
Шетелге шыққан резиденттер | 419404 | 502358 | 398634 | 1246731 | 2293728 | 2274702 | 2374021 |
Туристік индустрия қызметін қолданған | 174071 | 145716 | 106078 | 67360 | 37942 | 74728 | 94692 |
2002 жылы шетел азаматтарының Қазақстанға келуі және Қазақстан азаматтарының шетелге шығуы.
(адам)
Қазақстанға келген шетел азаматтарының саны | Шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны | |
Барлығы соның ішінде ТМД ел-і
елдер бойынша Азербайжан Армения Белорусь Грузия Қырғызстан Ресей Федерациясы Молдова Тәжікстан Түркмения Украина Өзбекстан басқа елдер бойынша: Австралия Австрия Бельгия Болгария Бразилия Ұлыбритания Венгрия Германия Грекия Дания Египет Израиль Индия Иран Ирландия Испания Италия Канада Қытай Корея (КХДР) Латвия Ливан Литва Малайзия Монголия Нидерланд Жаңа Зеландия Норвегия БАЭ Пакистан Польша Румыния Корея Сауд Аравиясы Сингапур Словакия АҚШ Тайвань Таиланд Түркия Филиппин Финляндия Франция Чехия Швейцария Югославия Эстония Япония Тағы басқалары |
29771 1209
13 2 4 5 112 938 10 11 22 32 60 28562 90 228 26 6 4 535 9 8740 150 13 3 877 147 421 3 156 285 133 1713 70 55 10 936 20 14 362 5 13 34 7251 2 119 26 10 3 1530 86 3 261 4 14 504 23 104 2 7 4 245 10299
|
74728 8376
— 2 — 3 6762 863 — — 2 1 743 66352 4 97 1 74 3 438 149 15186 307 — 945 49 107 245 2 375 319 11 17045 6 57 — 1467 38 — 47 — — 4082 289 473 17 51 10 64 7 66 — 1243 19098 — 9 1865 603 106 2 — — 44 1351
|
Бұл мәліметтерді 2001 жылмен алып қарасақ, онда 2002 жылы Қазақстанға келген туристер саны – 29771; 2001 – 2507 адам. Ал енді шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны, 2002 жылы-74728; 2001 жылы – 37942 адам.
Бұл мәліметтерден Қазақстан Республикасының резиденттерінің шет елге шығу көрсеткіші , шет елден келген азаматтардан жоғары екенін көреміз. Тағы бір айтарлықтай мәселе, резиденттер арасында алыс елдерге сапар шегу анық байқалады. Бұл ақпараттардан қорытынды шығарсақ, келу туризмі әлі өз деңгейіне жетпеген. Бұл өте өзекті мәселе. Себебі,осы туризм түрі ең табыс көп түсіретін болып саналады.
2002 жылы туристерге қызмет көрсету туралы мәліметтерді сараптасақ та дәл осындай мәселелер байқалады. Яғни , нағыз табысты туризмның түрлері келу туризмі және ішкі туризм дұрыс дамымаған.
3-ТАРАУ. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.
3.1. туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары.
ДИСКЕТА «ФАКТОР(қызыл түсті)»
3.2.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары.
Сұлу табиғатымен ерекшеленетін Қазақстан үшін туризмды дамыту тиімді қызмет саласы болмақ. Ертеден қалыптасқан пікір бойынша, көп оқулықтарда Қазақстан Республикасының туристік ресурстары туралы ештеңе жазылмаған, соларды оқып, бұл қателікті түзету керек деген ой туындайды. Ол үшін біз өзінің сапасымен, өзектілігімен ерекшеленетін жаңа туристік өнім ұсынуымыз керек. Сол турөнім арқылы басқа мемлекеттерде Қазақстан жайлы мәліметтер пайда болар деген ойдамын. Еліміздегі туризмның болашағы зор.
Қазақстанның бизнес-туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Бұл ең алдымен Астана, Алматы, Атырау қалалары . Себебі елдегі саяси жағдай мен табиғи шикізат-ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конференцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл қалалардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға келеді. Алматы қаласы ертеден қалыптасқандықтан, республика үшін стратегиялық қақпа деп айтуға болады. Әртүрлі жиындар өткізуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерінен басқа, қалада ойын-сауық құру үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар қала маңында тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Ел ордасы Астана да осындай стратегиялық аймақ. Жаңадан салынып жатқан ,жас астанамыз адамдардың күннен-күнге қызығушылығын арттыруда, бұл қалада халықаралық және ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік беретін болады.
Туризм индустриясының маңызды бір саласы- көлік. Туристерді қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта авиа тасымалдаушының жағдайын күшейту және дамыту маңызды мәселе болып табылады.
Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейінгі пайызын ішкі туристік рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде еліміздегі ішкі туризм дұрыс ұйымдастырылмаған. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмауда, мәдени-тарихи ескерткіштердің көбіне әлі де болса назар аударылмауда.
Болашақта ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.
Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:
-Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
-Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
-Қосымша мүмкіндіктер бере отырып , төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
-Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
-Германия ,АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
-Рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
-Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
-Ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
-Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
-Ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;
-Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.
Қазақстандық туризм болашағының әлеуеті өте зор, оған жету үшін елдің туристік ұсынысын, өнімін, бейнесін қалыптастыру керек. Себебі болашағы жарқын болу үшін, Қазақстан туристік бағыт ретінде әлемге әйгілі болуы керек.
Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан жайлы білетіндер шамалы.
Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді. Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмдідамытудың маңызы зор
Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ – ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару мен белсенді түрде тарату қажет.
Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB –сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.
Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріңе арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.
Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс – шаралар өткізу ықпал етеді.
Қазақстанның туритік беделін калыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ак, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық тоблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылу өз септігін тигізеді.
Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлеенттің туристік әлеуетінің әлемдік туристік рыноктағы тұсаукесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000 – 2003 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына іске асыруды қамтиды.
Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.
Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты. Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа , баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.
БТҰ сарапшыларының болжамы бойынша, туризмның әлемдік индустриясы саяхаттар көлемі мен экскурсиялардың әрдайым арту кезеңіне енуде. Осымен қатар туристік өнімдерді қолданатын , ол жайлы жақсы хабардар тұтынушылыр көбеюде. Қазіргі заман туристері өз назарын ұсынылған туристік өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне аударады. Туристік өнімнің айтылған соңғы қасиеті өте өзекті, себебі туризм өте жақсы дамып , тіпті «ғарыштық турист» ұғымы пайда болғанмен де, әлемде әлі күнге дейін қарақшылық мәселесі бар. Бұған дәлел, 1999 жылы қарақшылардың 285 шабуылы тіркелді, бұл көрсеткіш 1998 жылдан (202 оқиға) 40 % және сегіз жыл бұрынғы көрсеткіштен үш есе артық (1991 жылы 107 оқиға). Әлемдік теңіз бюросының жыл сайын берілетін баяндамасында, ең қауіпті аймақ ретінде Оңтүстік-Батыс Азия, әсіресе Индонезия және Бангладеш бойындағы сулар аталады.
Сарапшылардың болашаққа болжамына келетін болсақ, атап өтетін мәселе, бұл әлемдік туристік нарықтың дамуы жаңа енгізілген ақпараттық технологиялармен анықталады.
Әлемде тағы бір атап өтетін мәселе