Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы қазақша реферат
Кеңестік Социалистік Республикалар одағы ыдырап, жойылуы нәтижесінде қазақ кеңестік Социалистік Республикасы (КазКСР-і ) дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.
Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы – жай процесс емес деп жазды Г.Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін силауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығаруы, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті.
Бұл 1970 жылы 28 қазанда қабылданған БҰҰ жарғысына сай мемлекеттер арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидалары декларацияда өрбиді.
А.К.Котовтың айтуынша Қазақстан әрқашан ел болды, алайда коммунистік партиялық- мемлекет ірі жүйе құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекет болып, халық өмірінің әлеуметтік экономикалық және қазақ жерінде өзінің барлық азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауға және қамтамассыз етуге қабілетті мемлекет ретінде дербес даму қажеттілігіне тап болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет пен оның барша азаматтарының өмірі қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қайта құру қажеттілігі туды. Бұл тұрғыда біраз шаруа атқарылды: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қорғаныс, сыртқы саясат, қоғамдық –саяси, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау салаларына қатысты көптеген заңдар мен жарлықтар әзірленді. Бұл заң актілерінің бәрі де тәуелсіз беделді халықаралық сараптамадан өтті.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алып, толық мемлекеттік егемендікке ие болғасын азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанды, Осылайша тоталитарлық құрылымдағы зорлық- зомбылық пен заңсыздықты жоюға мүдделігіне және гумманистік құқықтық құндылықтарды, адам құқығы мен бостандығын басымды деп санайтынын білдірді. Өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің негізгі институттарының саяси-құқықтық мазмұны өзгерді. 1995 жылы қабылданған Республика Конституциясына сәйкес парламенттік – президенттік басқару нысаны таза президенттік нысанға өзгертілді. Президенттік институты мемлекеттік жүйенің басты институты болып, елдегі ахуалға, биліктің барлық үш тармағының қызметіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына анықтаушы ықпалын тигізеді.
Заң шығару билігі институты да өзгерді. Кезінде бірқатар маңызды актілерді (мемлекеттік егемендік туралы Декларация, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң, 1993 жылғы Конституция, меншік туралы, азаматтық туралы және т.б. заңдар) қабыладанған бұрыңғы бір палаталы жоғарғы Кеңес қызмет тұрпаты өзгерген екі палаталы Парламентке орын берді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандығын заңды түрде қамтамассыз ету және оларға кепілдік беру бойынша, демократияны дамытуға, нарықтық қатынасқа өтуге, жеке меншікті енгізуге және кәсіпкерлік құрылымдарды қолдауға қатысты жұмысты жалғастырады.
Үкіметтің тікелей басқаруымен атқарушы билік қызмет атқарады. Оған экономикалық реформаларды жүзеге асыру, елді дағдарыстан шығару жөніндегі шараларды әзірлеу және асыру, заңдардың орындалуын ұйымдастыру, күнделікті мемлекеттік басқару жүктелген. Сот билігі де өзгеріске ұшырады. Жалпы және арбитражды соттар бір жүйеге біріктірілді. Бұл жүйені қазір жоғарғы сот басқарады. Үш жыл қызмет атқарған (1992-1995) бұрыңғы Конституциялық Соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылды. Құқық қорғау органдарының жүйесі қайта құрылуда.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттарын қалыптастыру аяқталып келеді, әскер бар, ұлттық гвардия құрылды, мемлекеттік символика бекітіліп, пайдалануда. Республика ұлттық валютаға көшті.
Құқықтық мемлекет – біздің болашағымыз, оған баратын жол жақын да, оңай да емес, бірқатар даму кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жұртшылықтан, халықтан елеулі күш –жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметке салаутты дем беру керек, жемқорлық жолына бөгет қою қажет, қылмыспен күресу керек, қоғамның заңы және моральды – адамгершілік негіздерін дамыту қажет. Құқықтың жаңартылуын жеделдету, оның өнімдерін қолдану және қорғау механизмдерін жетілдіру туралы қамдану, азаматтардың бойында оларды сыйлау қасиетін дарыту, қоғамдағы нақты құқықтық қатынас пен басқа да заңды байланыстарды құрайтынның бәрін жүзеге асыру шараларын белгілеу қажет.
Осындай кешенді тәсілдеме құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру міндеттерін жүзеге асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық қағидаларда анықталады. Мемелекетті ұйымдастырудың негіз құраушы қағидаларының бірі – мемлекет басшысын, парламент депутаттарын, жергілікті өкілетті органдарды сайлау. Демократиялық мемлекет қызметінің басқа бір негіз құрушы қағидасы – мемлекеттік өмірдің ең маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу. Референдум өткізу, Парламентте дауыс беру тәртібі осыған жатады.
М.Сәрсенбаев көрсеткендей, тәуелсіздікке қол жеткізілгеннен кейін қазақстандық мемлекеттің құрылысы, оның сыртқы саясатын әзірлеу, қазақ халқының тарихындағы тарихи, рухани тамырларын, оның ұлттық мемлекеттілігін зерделеу басталды. Біздің заманымыздағы жаңа болмыс тұрғысындағы осы ой ислам дінінің, мұсылман құқығының түркі тайпаларының олардың рухани, құқықтық мәдениетінің дамуында қазақ мемлекеттілігінің бастапқыда пайда болуында белгілі рөл атқарғанын көрсетеді.
Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты ресми, мемлекеттік діннің болмауынан көрінеді. Көптеген діни ілімдердің бір де бірі міндетті немесе артықшылықты болып танылмайды.
Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің істеріне заңсыз араласуға жол бермеуіне, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы қажет. Сондай-ақ діни негіздегі саяси партиялардың қызмет атқаруына жол берлімейді.
Діннің мемлекеттен бөлек болуы мемлекеттік оқу орындарында діни догмаларды оқытуға болмайды дегенді білдіреді.
Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты діни бірлестіктерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға жол бермеуден де көрінеді.
Дербестік жолға түскен Қазақстан құқықтық мемлекет идеясын бірден қабылдады. Құқықтық мемлекет — ұзақ тарихи дамудың жемісі. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ақырындап құқықтық мемлекет идеясына жақындайды. Конституцияның 1-бабы Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетті бекіту жолына түскенін, мемлекет құру жолына түскенін білдіреді. Қазақстан халқы алдына жоғарғы мақсат қояды – құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету оңай емес. Құқықтық мемлекетте заңдар белгілі бір бөлігінің емес, баршасының шынайы еркін білдіреді, онда заң үстемдік етеді. Ең жоғарғы лауазымды тұлғадан бастап қатардағы азаматқа дейін – барлық адам заңдардың барша халықтың мүддесі үшін қабылданып, әрекет ететінін, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайтынын, адамдардың оқуы үшін, отбасы құру үшін, жұмыс істеуі үшін, өздері таңдаған іспен шұғыладну үшін, лайықты өмір үшін пайда табуы мақстатында, өздерін ерікті сезінуі үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін қажет болатын қоғамдық тәртіп белгілейтін түсінулер қажет. Азаматтардың өзідері бұзылған құқықтарын қорғауға үйренулері керек. Ол үшін соттар обьективті болуы керек, азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну керек.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі заңның қоғам өміріндегі үстемдігі, жоғарлылығы. Қоғам өмірінің анағұрлым маңызды жақтары заңдар арқылы реттелуі керек.
Мемлекет тек дамыған ұлттық құқықтық жүйенің болуымен, оның шынайы жұмыс істеуімен ғана құқықтық мемлекет болып танылмайды. Мемлекеттің құқықтың сипатының деңгейі барынша демократиялық, прогессивті және гуманистік құқықтың идеялардан тұратын халықаралық құқық тұрғысында өзін қалай сезінетінімен анықталады. Конституцияда Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаларымен нормаларын құрметтейді деп жазылған. Қазақстан Рсепубликасының қолданылып жүрген құқығына республиканың халықаралық келісімі –шарттық және басқа да міндеттемелері кіреді. Республикамен ратификацияланған халықаралық келісім- шарттың және басқада міндеттемелері кіреді. Республикамен ратификацияланған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады және халықаралық шартқа сәйкес оның қолдануына заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа басқа уақытта тікелей қолданылады. Аталмыш конституциялық қағидалар құқықтық мемлекеттердің негізгі заңдарының деңгейінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасу процесінде.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің мемлекетіміздің әлеуметтік базасы — бүкіл халықтық, барша тұрғындар. Осылайша, әлеуметтік – экономикалық жағынан да халық (әлдебір тап емес) қоғамның жалғыз әлеуметтік субьектісі болып табылады. Сондықтанда қалыптасып келе жатқан мемлекеттік үлкен сенімділікпен әлеуметтік мемлекет деп атауға болады. Оған қосымша дәлел – конституцияның халықаралық құқығының жалпыға ортақ нормаларында көрсетілген жалпы адамзаттың құндылықтарға бағытталуы.
Мемлекеттік құрылым жағынан Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтың бірліктерден тұратын унитарлық мемлекет болып табылады.
Қазақстан Республикасының Унитарлық құрылымы оның аумағының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің біртұтас заңаманың және азаматтықтың бастамасы болып табылатын бірқатар принциптерге негізделеді.
- Қазақстан Республикасының аумақтың және мемлекеттің біртұтастығы;
- Мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі;
- Заңнама жүйесінің бірлігі;
- Бір азаматтық;
Қазақстанда басқарудың республикалық нысаны бекітілген. Басқарудың осындай нысаны таңдау үшін мынадай конституциялық қағидалар заңды негіздеме болады: парламентариум халықтың мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде қарастырылуы; мемлекеттік биліктің үш тармаққа (заң шығарушы, атқарушы және сот) бөлінуі; халық қабылдаған конституцияның үстемдігі мен жоғары заңы күші.
Басқарудың республикалық формасы жайғана халықтың еркіне негізделмейді. Ол мемлекеттік органдарға азаматтардың құқығы мен бостандығын, заңды мүдделерін қорғауға олардың мүдделерін мемлекет мүдделерімен үйлестіруге бағыт – бағдар береді. Бұл ретте адам құқығы мен бостандығының мемлекеттік мүдделерден басымдылығы қамтамассыз етеді. Мемлекет конституциясы тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде адамның, азаматтың құқығы мен бостандығын шектей алмайды.