Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы туралы қазақша реферат
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi әлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. «Невада — Семей» қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.
Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дәрежеде дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.
1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.
Нәтижесiнде елде «Қазақстанның халық конгресi», «Алаш» партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, «Лад» республикалық славян қозғалысы және «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Мемориал» қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, «Бiрлiк» қозғалысы, «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған
негiзде шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28 түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi. 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi және, тиiсiнше, елдiң партиялық жүйесiнiң одан әрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мәдени орталықтар белсендi дами бастады. Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн iргетасқа айналды. 1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кәсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi. Бұқаралық ақпарат құралдарының, баспа кәсiпорындарының мемлекет иелiгiнен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттiк қаржыландыру мен дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерiстер болды. 1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi.
Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде «YЕҰ ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық және әдiстемелiк қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң («Epкiн де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен-күнге артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.
2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан әрi — билiк) өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн YEҰ күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дәрежесiне көтердi. 2002 жылғы шiлдеде қабылданған және күшiне енген «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi. 2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылы — Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасы қабылданды. 2003 жылы ел Үкiметi үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзiрлендi.
Сол жылдың өзiнде-ақ Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi өткiзiлiп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, әртүрлi конфессиялардың өкiлдерi қатысты, «Бейбiтшiлiк пен келiсiмге» декларациясы қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi
Орталық және жергiлiктi деңгейлерде «билiк — қоғам» серiктестiгiнiң ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн және түрлi үндесу алаңқайларын құру жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуiрде «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының принциптiк жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi.
2003-2005 жылдары бiрiн бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi. Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi тереңдету және саяси жүйенi жетiлдiру мен елде демократиялық қайта құруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады. Барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде елде әкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (бұдан әрi — ӘҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының тәжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi.
Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кәсiподақтар, ұлттық-мәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 БАҚ ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елдi одан әрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
Сонымен бiрге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрi өсуiне ғана емес, елдi әлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бiрқатар проблемалық мәселелер көрiнiс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан әрi үйлесiмдi дамытуды тежейдi, оның әр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар және өз шешiмiн талап етедi. Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрi — КЕҰ) мемлекеттiк органдармен тең құқылы азаматтық әрiптестiгi мәселелерi шешiмiн тапқан жоқ. Конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда КЕҰ-ның қатысуы үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап етедi. Өңiрлердегi, әсiресе ауылдық жерлердегi КЕҰ әркелкi дамуда.
Тiркеу тәртiбi күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымының мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар КЕҰ-дың әлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда
Әлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық және материалдық ресурстар, саяси партияларды тiркеу үшiн қол жинау мәселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру және қосу мәселелерi заңнамалық реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетiгi жетiлдiрiлмеген. Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын әзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер әлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналған жоқ. Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы нормативтiк-құқықтық және экономикалық ынталандыру болмағандықтан тежелiп отыр. Көптеген БАҚ-тың материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз және қаржылық қаражаты шектеулi, сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражатына қол жеткiзе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттiк органдардан ақпарат, өз хаттары мен өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде. Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуiне әкеледi.