Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы

Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы қазақша реферат

       Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу Қазақстанның экономикалық өрлеуі, жаңғыруы мен бәсекеге жарамдылығы үшін маңызды. Қазақстан халықарылық стандарттарға сәйкес болуы және халықаралық сауда жүйесіне барынша қатысуы тиіс. ДСҰ-на мүшелік – бұл сонымен қатар серіктестік және ынтымақтасу туралы келісімге (осы қатынастарды реттейтін негізгі келісім) және ЕО-тың Жаңа тәсіл директиваларына сәйкес Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөлігі.

Қазақстан ДСҰ-на мүше болу туралы өтінішті 1996 жылы берді. Осы үрдісті басқару үшін Индустрия және сауда министрлігі жанынан Жұмыс тобы және Ведомствоаралық комиссия құрылды, сонымен қатар ДСҰ-на кіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, Сыртқы саудалық режим туралы меморандум әзірленген болатын. Көп тарапты келіссөздер (Қазақстанға деген елеулі экономикалық мүдделер бойынша он сегіз мемлекетпен) 1997 жылы Женевада басталды. Қазақстанның қалыпты сауда серіктестері (Ресей Федерациясы сияқты) де ДСҰ-ның мүшесі болуын көздегендіктен, бұл процесс қолайлы жағдайда өтуде. Мүшелік негізгі ұлттық басымдық ретінде қарастырылуда және ол Үкімет әрекеттерінің ресми бағдарламасына енгізілген. [2]

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұлттық заңнама, қолданыстағы өнім стандарттары, техникалық регламенттер мен сәйкестілікті растау рәсімдерінің арасындағы үйлесімділікті күшейту жөніндегі шараларды қажет етеді. Бұл Саудадағы техникалық тосқауылдарға және Фитосанитарлық шараларға енгізілген. Осыған қол жеткізу үшін Қазақстан түрлі мақсаттарға бағытталған реттеудің бұрынғы жүйесін жаңа заңдар, түрлі өнім стандарттарын қабылдау арқылы сәйкестендіруі және сәйкестілікті растау рәсімдерін қайтадан қарастыруы тиіс.

2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі іс – шаралар, жобалар

1999 жылы бекітілген Қазақстанмен Серіктесу және ынтымақтасу туралы келісімге сәйкес Еуропалық одақ экономикалық реформаларды күшейту жөнінде біршама жобалар мен тығыз экономикалық байланыстарға бастамашылық жасады. Осы жоба ДСҰ-ның және ЕО-тың айрықша талаптарына сәйкес болу үшін Қазақстанға құқықтық әрі техникалық көмекті қамтамасыз ету үшін әзірленді. Бұл өнім стандарттары мен сәйкестілікті растау рәсімдері бойынша ынтымақтастықты және оны іске асыру жөніндегі шаралардың күшейтілуін көздейді.

Жобаның негізгі серіктесі – Индустрия және сауда министрлігі, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет. Жоба командасы сонымен қатар Қазақстандық Стандарттау және сертификаттау институтымен және оның Ақпараттық орталығымен тығыз жұмыс істейді. Жоба осы тараптардың стратегиялық қажеттіліктеріне жауап беру үшін және барлық жұмысты нақты ұйымдастырып, олардың талаптарына сәйкес жүргізілуі үшін іске асырылатындығын атап өту абзал.

Осы жұмыстың негізгі мақсаттары, бұл:

  • Техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі осы заңнамалық ортаны ДСҰ-ның СТТ келісіміне және ЕЭҚ-ның тиісті заңнамасына сәйкес келтіру.
  • Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің, Қазақстандық Стандарттау институтының, ДСҰ Департаменті қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесін жақсарту және Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Ақпараттық орталығы мүмкіндіктерін арттыру.
  • Қазақстандық және Еуропалық Стандарттау, аккредитациялау, метрология жөніндегі органдар арасындағы кооперацияны күшейту.

Осы мақсаттарға  жету үшін, жоба батыл шаралар орындауда, ол:

  • Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарын қолдау арқылы заңнаманың үйлесімділігін күшейту, қолда бар қосымша 34 заңдар бойынша түсініктемелерді қамтамасыз ету, 150 өнім стандарттарын қамтамасыз ету және 600 техникалық стандарттарға шолу жасау.
  • Адам ресурстарын дамыту және техникалық регламенттерді, стандарттауды, аккредитациялауды құру рәсімдері бойынша оқыту және нарықты бақылау арқылы әлуетті арттыру, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Стандарттау және сертификаттау институтының Ақпараттық орталығы (МемСтандарт) үшін тренингтер мен құрал-жабдықты қамтамасыз ету.
  • Ақпараттық кампаниялар мен БАҚ үшін нақты тұжырымдалған жолдаулар арқылы ДСҰ-ның мәселелері жөніндегі ақпараттылықты арттыру.
  • Тестілер мен сертификаттарды өзара мойындаудан пайда алу үшін стандарттау және аккредитациялау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жекелеген топтарына Қазақстанның қатысуын және мүшелігін күшейту, Салалық жұмыс топтарға ықпал ету және ақпаратпен алмасу.

Жобаның іс-шаралары заң жобаларының әзірленуін, реттеу жүйесінің реформасы жөніндегі ұсыныстарды, техникалық-заңдық семинарлар ұйымдастыруды, ЕО-тың Директивалары мен техникалық стандарттар сияқты маңызды материалдар алуды, дербес және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша оқытуды, халықаралық қарым-қатынастардың күшейтілуін және оқыту сапарларын ұйымдастыруды қамтиды.

Еуропалық кеңес  1 миллион евро сомасында жобаны қаржыландырады. Оның іске асырылу кезеңі – 2005 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы шілдеге дейін. Еуропалық кеңестің Жобаға арналған техникалық көмегімен Қазақстан тез арада Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік жөніндегі белгілі бір негізгі талаптарға сәйкестікке жауап беретін болады және халықаралық сауда жүйесімен бірігеді.[5]
Қазақстан Республикасының  ДСҰ-ға кіруі ( SWOT-анализ).

Мүмкіншілігі Қауіп
1. Ірі державалармен өз тауарларын сату арқылы қарым-қатынас орнату/жоғары деңгейде/.

2.Аграрлық  бағыттан қайта өңдеу бағытына  ауысуға мүмкіндік.

3. Шетел мемлекеттерімен

тәжірибе алмасады, кадр-лық мүмкіндіктер береді.

4. Жаңа техника  және технологиялар алу.

5. Нақты бағалық  саясат.

6. Инвестицияның  тартылуы.

1. Сапасыз  тауарлардың нарықты жаулауы.

2. Шекараның ашық болу нәтижесінде көлеңкелі экономиканың дамуы.

3. Миграциялық  жағдайдың орын алуы.

Басымдылығы
1. Шикізат толық қамтылған.

2. Қолайлы орналасу   территориясы.

3. Өте  жоғары қарқынмен дамуы.

4. Тұрақты  саяси жағдай.

Әлсіздігі  
1. Қайта өңдеу саласының деңгейінің  төмендігі.

2. Теңізге  шығу жолының жоқтығы.

3. Кадрлық  әлсіздік.

4. Технологияның  көнерген ахуалда болуы немесе  жоқтығы.

5. Экономикалық жүйенің жоқтығы.