Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қазіргі жай-күйін бағалау

Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қазіргі жай-күйін бағалау және мемлекеттік бюджеттің 2009-2011  жылдардағы салықтық түсіміне талдау туралы қазақша реферат

Республикамызда соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор.

Салықтар өте күштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сұранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге ұшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады. Тауар –ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.   Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк-салығын  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру.  Ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады. Салық салу механизiмi кез -келген  экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi [11].

Қазіргі мемлекеттік  бюджеттің   жай-күйін  талдайтын болсақ, мемлекеттік бюджет кірістерінің негізін салықтық түсімдер құрайды, шамамен 68-74% аралығында,  бюджеттегі үлесі бойынша келесі орында трансферттік төлемдер тұр, ол барлық түсімдердің шамамен 28-30% құрайды,  салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің үлесі өте аз 1-2%-ды ғана қамтиды. Ал 2011 жылы жалпы кірістер 5 370 826 млн тенгені құрап, оның ішінде салықтық түсімдер 3 982 338 млн тенгені құрап немесе  кірістің 74 пайыздық үлесін алып отыр.

Рыноктық экономика жағдайында салықтардың алатын рөлі өте маңызды, әлеуметтік өндірістің даму талаптарына жауап беретін дұрыс әрі тиімді салық жүйесі болмай, мемлекетте тиімді рыноктық экономиканың болуы мүмкін емес. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативтік актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Рыноктық  қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Яғни,  тұрақты салық жүйесі жәрдемімен мемлекет қоғамдық қажеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе – теңдікке қол жеткізеді.

Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады. Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салықтардың қазыналық қызметі – түрлі шағын және орта бизнес субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады.  Сонымен,  мемлекеттің  бюджет саясаты жүзеге асырылады [12].

Салықтық түсімдер — бұл мемлекет аралық қажеттiктi қанағаттандыру үшін мемлекетпен бекітіліп, мәжбүрлеп алынатын заңды және жеке тұлғалардың  бюджетке міндетті түрде төлейтін төлемдері.

Бюджеттің кірісіне түскен салықтық түсімдерді аймақтары, қызмет салалары мен салықтың жеке түрлері бойынша түсімдердің талдауын1-кестеде көрсетілді.  Қазақстан Республикасы  салық жүйесiндегi салықтардың түсімі  2009 жылы 2 228 682 млн  тенге болса, 2011жылы 3982338млн.тенгеге дейін өсті.Әкімшілендіругекелетін болсақ, қысқаша қорытындысы мынандай: ҚҚС қайтарымы 94,0 млрд.теңгені құрады, міндетті зейнет ақы жарналары 12,6% ұлғайды, сот шешімімен 88 кәсіпорын жалған болып саналды, жалған мәміле бойынша 11,7 млрд.теңге  қайтарылды, экономикалық контрабанда бойынша  258 қылмыстық – іс қозғалып 3,5 млрд.теңге  қайтарылды. Жалпы салықтық тексерулердің қорытындысы  бойынша 11,7 млрд.теңге алынды. Сонымен бірге, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий сақталып отырды. Мысалға, моратори кезінде 2008 -2009 жылдың 14 айы ішінде 3,3 мың  рейттік тексерулер жүргізілді (мораториды жариялануға дейін және акциздік өнімдерді тексеруден) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,7 мың тексерулер жүргізілді, немесе 14 есе көп. 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 3 998,2 млрд.теңгені құрады, Активтер 1 289,5 млрд.теңгеге өсіп, соның ішінде салық есебінен – 653,4 млрд.теңге және инвстициялық кірістердің – 634,9 млрд.теңгеге. Осы жылдары  барлық салықтардың ішінде2009жылыреспубликалық бюджетке    түсетін корпоративтік  табыс салығы болды643 669 млн тенге2010жылы 837233млн тенге және2011жылы 1050380тенгеніқұраған.  Осы статистикалық  деректерге қарасақ  2009 жылға қарағанда  2011 жылы салықтық түсімдер    +1753656 млн   тенгеге  немесе  178,6 пайызға  артқандығын  көреміз.

Экономиканы жеделдетіп әртараптандыру және Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытуға жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шараларын іске асыру үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға өткен жылы 921,5 млрд.теңге жіберілді.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы нысаналы индикаторларына сәйкес елді шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін геологиялық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындылары бойынша: алтын, қорғасын, мырыш, көмір, уран мұнай мен газ қорларының өсіміне қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға 309,6 млрд. теңге бөлінді, осыған байланысты ішкі нарықтың қажеттілігін толық жабуға, сондай-ақ экспорттық жеткізілімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.

2010 жылдағы  мемлекеттік бюджеттің кірістері жоспардағы   4 064,0 млрд. теңгенің  орнына   бюджетке нақты  4 299, 1 млрд. теңге  түсті немесе 105,7 %-ды құрады.

1-кесте

2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасы  салық жүйесiндегi салықтардың бюджетке түсімі

млн. тенге

Салықтардың  аталуы

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Салықтық түсімдер барлығы:

2 228 682

2 934 081

3 982 338

Корпоративтік табыс салығы

643 669

837 233

1 050 380

Жеке табыс салығы

268 725

312 331

376 245

Әлеуметтік салық

232 840

253 829

296 843

Мүлікке салынатын салық

91 851

107 917

117 399

Жер салығы

13 022

13 467

12 977

Көлік құралдарына салынатын салық

17 521

26 262

29 975

Бірыңғай жер салығы

578

761

818

Қосылған құн салығы, барлығы

515 933

677 229

865 213

Акциздер, барлығы

57 393

61 423

76 400

Табиғи және басқа да ресурс пайдаланғаннан түсетін түсімдер

201 186

231 273

298 039

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияға салынатын салықтар

152 226

373 800

813 790

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені №12,ақпан 2012 ж.

2010 жылдағы корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардағы 847, 9 млрд.теңгенің орнына бюджетке 837, 2 млрд.теңге түсті, орындау 98,7%-ды құрады. Жеке табыс салығы бойынша жоспар 103,7%-ға орындалды немесе жоспардағы  301,3 млрд.  теңгенің   жоспарда бюджетке  312, 3 млрд.теңге түсті.   Әлеуметтік салық бойынша жоспар 104,4 %-ға орындалды, жоспардағы 243, 0 млрд. теңгенің орнына бюджетке  нақты 253, 8 млрд.теңге түсті. Әлеуметтiк салықтардың  жылдан жылға аздап төмендеуі  Әлеуметтік салықтардың  жоспарларынан ауытқудың себебі, 2008 жылғы әлеуметтік салықтың регрессивтік ставкасының  2009 жылы тіркелген ставкаға өтуімен  және әлеуметтік аударымдардың жоғарылауымен байланысты болып отыр.

Қосылған  құн салығы бойынша жоспардағы  590, 4 млрд. теңгенің орнына  бюджетке   нақты 677, 2 млрд. теңге түсті немесе 114,7%, оның ішінде  ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығы  бойынша жоспар 134,8%-ға орындалды немесе жоспарланған 179, 0 млрд.теңгенің орнына бюджетке 241,3 млрд.теңге түсті. Жоспардың артығымен  орындалуына  леулі шамада бюджеттен  қосылған құн салығын  қайтару қарқынының баяулауы әсер етті[14].

2009-2011 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы  салық жүйесiндегi салықтардың орындалуы жылдан жылға өсуде. Бұл жағдай  еліміздің  экономикалық жағдайының біршама тұрақтануына немесе жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсер етеді. 2009 жылы жалпы ішкі  өнім  17008 млрд тенгені құраған,  2010 жылы  21816 млрд тенгені , ал 2011  жылы  27301 млрд тенгені құрап  Қазақстанның ішкі экономикалық   өсу жұмыстарының  нәтижесін осы деректерден  көріп отырмыз.      Бұл  ЖІӨ-нің соңғы 3 жылда артқанын мына 2-кестеден көреміз. 2009 жылы салықтар ЖІӨ-нің 13,1 %-дық  үлесін алған, 2010 жылы  13,4 %-ға, 2011 жылы  салықтық  түсімдер  ЖІӨ-нің  14,5 %-дық үлесін  құрап отырған.

2-кесте

Қазақстанда  2009-2011 жылдардағы  ЖІӨ-дегі салықтардың үлес салмағы

Аталуы

2009 ж

2010   ж

2011 ж

тенге %-үлес тенге %-үлес тенге %-үлес
ЖІӨ, барлығы:

млрд тенге

17008 100 21816 100 27301 100
Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер, барлығы, млн тенге 2 228 682 13,1 2 934081 13,4 3 982338 14,5

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені №12,ақпан 2012 ж.

Егер кірістердің түсу көлемін ағымдағы жылдың салық режиміне келтірілген өткен жылмен салыстыратын болсақ, мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер 74,4 млрд. теңге сомаға артық түсті.

2009 жылғы 3 желтоқсанда қол қойылған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі жобасы бойынша Азия Даму Банкімен Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы 2010 жылғы 31 наурыз (қарыз сомасы – 187 млн. АҚШ доллары);

2010 жылғы 31 мамырда қол қойылған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен Қарыз туралы келісімді (Даму бағдарламасын қолдауға кредит) ратификациялау туралы 2010 жылғы 15 шілде (қарыз сомасы – 1 млрд. АҚШ доллары).

2010 жылғы 12 шілдеде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен Қарыз туралы келісім (Салықтық әкімшілендіруді реформалау) (қарыз сомасы – 17 млн. АҚШ доллары);

Бұл салық  жүйесіндегі  салық заңнамасын жетілдіру бойынша қабылданған шаралардың дұрыстығын куәландырады.   2008-2011 жылдар аралығындағы  Қазақстан Республикасы  салық жүйесiндегi бюджетке төленетін салықтардың  түсу динамикасын диаграмма түрінде сурет-4  көре аламыз.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында бюджеттің кіріс бөлігінің толығуы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жағдайында өтті . (Анықтамалық: 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында тексерулер саны өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14010 тексеруге, оның ішінде шағын және орта бизнесті тексеру 7314 тексеруге азайды).

2011 жылдың 10 айы бойында мемлекеттік бюджет отандық экономиканы дамытудың оң үрдісінде атқарылып келді, ол туралы қол жеткізілген экономикалық қорытындылар куәландырады. 2011 жылдың 9 айында ЖІӨ (Жалпы ішкі өнімнің) өсуі 7,0%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісі 4,3%-ға, сыртқы сауда айналымы – 20,3%-ға өсті.

Осының барлығы, салықтық және кедендік әкімшілендірумен бірге салықтың барлық негізгі түрлері бойынша жоспарды артық орындауды қамтамасыз етті.   Мәселен, мемлекеттік бюджетке барлығы болып 4 327,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңге арналған     жоспардың 98,1%-ы республикалық бюджетке – 3 623,6 млрд.теңге немесе жоспардың 97,9%-ы түсті.

3- кесте

2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасы  салық жүйесiндегi салықтардың  үлесі

млн тенге

Салықтардың  аталуы

2009 жыл

үлесi %

2010 жыл

үлесi %

2011 жыл

үлесi %

Салықтық түсімдер барлығы:

2 228 682

100,0

2 934 081

100,0

3 982 338

100,0

Корпоративтік табыс салығы

643 669

28,8

837 233

28,5

1 050 380

26,3

Жеке табыс салығы

268 725

12,2

312 331

10,6

376 245

9,4

Әлеуметтік салық

232 840

10,4

253 829

8,6

296 843

7,4

Мүлікке салынатын салық

91 851

4,1

107 917

3,6

117 399

2,9

Жер салығы

13 022

1,0

13 467

1,2

12 977

1,0

Көлік құралдарына салынатын салық

17 521

1,0

26 262

1,1

29 975

1,1

Бірыңғай жер салығы

578

0,5

761

0,7

818

0,8

Қосылған құн салығы, барлығы

515 933

23,7

677 229

23,1

865 213

21,7
Акциздер, барлығы

57 393

2,5

61 423

2,1

76 400

1,9

Табиғи және басқа да ресурс пайдал.түсет.түсім

201 186

9,0

231 273

7,8

298 039

7,5

Халықаралық саудаға, сыртқы операция салық

152 226

6,8

373 800

12,7

813 790

20,0

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені №12 (156),  ақпан 2012 ж.

Еңбекақыдан  алынатын  салықтар бойынша жоспарлар 100%-ға атқарылды немесе өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы шеңберінде жұмыс орындарын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақыны 25%-ға арттыруға байланысты барлық өңірлер бойынша дерлік артығымен орындалды. (Анықтамалық: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдын ала деректері бойынша Жол картасы шеңберінде 258 585 жұмыс орны құрылды және орташа айлық жалақысы 29,7 мың теңгемен 182 738 адам жұмыспен қамтылды).   2009 – 2011 жылдар аралығында  қосылған құн  салығы  бойынша түсімдер 4,2 ретке өсті. 2009 жылы қосылған құн салығы  түсімдері күрт төмендеген еді, ол ең алдымен экономикалық дағдарыспен, кейіннен салық мөлшерлемесінің 13%-дан 12%-ға төмендеуі мен импорттың баяулауына байланысты болды. 2009 – 2010 жылдары қосылған құн салығы бойынша қайтару деңгейі қалпына келеді. Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша жоспар 40, 6 млрд.  теңгеге асыра орындалды немесе жоспардағы 190, 6 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде бюджетке 231,3 млрд. теңге түсті.

Артығымен орындау төлемдердің мынадай түрлері бойынша қамтамасыз етілді: мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардағы  97, 4 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде бюджетке 122, 1 млрд. теңге түсті немесе 125,4%. Жоспардың артығымен орындалуы негізінен әлемдік бағалар мен минералдық шикізат өндіру көлемдерінің ұлғаюы есебінен.  2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасы  салық жүйесiндегi салықтардың  үлесі  мына 7- кестеден көреміз.

2009 жылы  жалпы салықтық түсімдердің ішінде  корпоративтік табыс салығының алатын үлесі жоғары,  яғни  28,8%,  одан кейін қосылған құн салығы  23,7 %,  жеке табыс салығы  12,2 %-дық  үлестерін алып оытрған.  2010 жылы  жалпы салықтық түсімдердің арасында бұл жылы да   28,5 пайыздық ставкамен корпоративтік табыс салығы алып отыр,  одан кейін  қосылған құн салығы  23,1 %  және жеке табыс салығы  10,6 %.  2011 жылы  жалпы  салықтардың  26,3 %-  корпоративтік табыс салығы, 21,7 % -қосылған құн салығы,  9,4 %  -жеке  табыс салығының үлестеріне тиесілі болғаны белгілі.  2009-2010  жылдар аралығында  әлеуметтік салық және жеке табыс салығын алатын болсақ, 2009 жылы КТС  643669  млн тенгені құрап,  барлық салықтық түсімдердің   (2228682 млн тенге)  28,8 пайыздық үлесін,  одан кейін жеке табыс салығы   268725 млн тенгемен  барлық  салықтық түсімдердің 12,1 пайыздық үлесін, әлеуметтік салық бойынша   232840 млн тенге, үлесі   10,4 пайызды алып отыр.

Айта кететін жайт,  соңғы   екі жыл  2010 жылдан бастап халықаралық саудаға және сыртқы операцияға салынатын салықтар  2009  жылға   қарағанда  2011 жылы  813 790  млн тенгені құрап,  534,5 пайызға  өскен, 2010 жылмен салыстырғанда  2011 жылы  217  пайызға өскен.  Бұл  тез өсудің  негізгі себептері,  біріншіден  2010 жылдан бастап   Қазақстанның  Ресей және Беларусь республикасымен  Кедендік  Одаққа кіруі  Қазақстан 2 елмен  рұқсатсыз ашық  қарым-қатынаста болады,   кедендік бекеттер арқылы өткен кезде  төлемдерді көбейтіп  салықтық түсімдерге  әсер етеді, одан былай экономикамыздың өсуінеде оң әсерін тигізді деп айта аламыз.   Нақты дерек  ретінде  2011 жылғы нақты түсімдер мынадай көрсеткіштер көрсеткен: кеден төлемдерi кеден бажының  бірыңғай  ставкасын қолданумен жеке тұлғалардан өндіріп алынатын жеке пайдалануына əкелінетін  тауарларға салынатын кеден баждары, салықтары 33 821 млн тенге,  Ресей Федерациясымен бөлінген кедендік баж  261 228  млн тенге,  Беларусь Республикасымен бөлінген кедендік баж 10 790 млн тенге,  мұнайға салынатын кедендік əкету бажы 450 816 млн тенге,  кедендiк бақылауды жəне кедендiк рəсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер 18 951 млн тенге,  кеден бажының  бірыңғай  ставкасын  қолданумен   жеке  тұлғалардан  өндіріп алынатын  жеке  пайдалануына  əкелінетін  тауарларға салынатын  кеден баждары , салықтары     33 821  млн тенгені құраған.  Тағы да бір себебі, 2010 жылдағы 3 елдің Кедендік одаққа кіруіне байланысты  халықаралық саудалар,  ынтымақтастық  қатынастар күшейген деп ойлаймын.

2010 жылы  мемлекеттік мекемемен Ұлттық банктен басқаның барлығы, яғни заңды тұлғалар  төлейтін корпоративтік табыс салығы (тікелей республикалық бюджетке түседі  20 пайыздық ставкамен ) 837233 млн тенге, яғни барлық салықтық түсімдердің  28,5 пайыздық үлесін, жеке табыс салығы, ай сайын жалақыдан 10 пайыздық ставкамен  жергілікті бюджетке түсетін   312 331 млн тенге, барлық салықтық түсімдердегі үлесі 10,6 пайыздық үлеспен, әлеуметтік салық  бұл салық еңбекақы қорынан айсайын 11 пайыздық ставкамен алынады жергілікті бюджетке түсетін сомасы 253 829 млн тенге,  жалпы салықтардың арасындағы үлесі  8,7 пайыздық үлесті алып отыр.

Ал  2011 жылы жалпы кірістер 5 370 826 млн тенгені құрап, оның ішінде салықтық түсімдер 3 982 338 млн тенгені құрап немесе  мемлекеттік бюджеттің   кірісінің  74 пайыздық үлесін қамтып  және  осы жылғы барлық салықтық түсімдердің арасындағы ауқымды  үлесін   корпоративтік табыс  салығы  алып отыр (1 050 380 млн тенге,  26,3 %).  Қазақстанда  шағын және орта бизнес субьектілері төлейтін, бір декларациямен жеке табыс салығы және әлеуметтік салық.  2011 жылы барлық салықтардың ішіндегі үлесі ЖТС 376 245млн тенге немесе 9,4 %.  Әлеуметтік салық 296 843 млн тенге немесе  7,4 %.

4-кестеде, 2010-жылмен салыстырғанда 2011 жылы салықтық  түсiмдердiң  135,7  пайызға немесе 1048257 млн тенгеге артқанын  көрiп  отырмыз.  Яғни, 2010   жылы жалпы  барлық салықтық түсімдер 2 934 081 млн  тенге болса, ал 2011 жылы барлық жиналған салықтар 3 982 338  млн  тенгені  құрап  отыр.  Жеке  табыс салығы  2011 жылы  120,4  пайызға, яғни  63914 млн тенгеге  артқан,  сондай-ақ  салықтардың  iшiнде   халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтың  едәуiр  өскендiгiн   439990   млнтенге немесе  217,7 пайызға,  мүлiк  салығы  2011 жылы 108,5  пайызға немесе  9482  млнтенгеге,  табиғи және басқа да ресурстарды  пайдаланғаны үшін  түсетін түсім 128,8  пайызға  немесе  66766  млн  тенгеге өскен.Бірыңғай жер салығы 107,4  пайызға немесе 57 млн.тенгеге артқан. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспардың 19,8 млрд.теңгеге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 7,3 млрд.теңгеге асыра орындалуы жоспарланбайтын — бір жолғы түсімдердің түсуі мен  әкімшілік айыппұлдар түсімі есебінен болды.

2009 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру еліміздегі іскерлік және тұтынушылық белсенділік төмендеген жағдайда жүргізілді. Сонымен бірге 2009 жылы жаңа Салық кодексінің нормалары іске асырыла бастады, соған сәйкес негізгі салық түрлерінің ставкалары төмендетілген.

Сурет 5 де көрсетілгендей 2009 жылы салықтық түсімдердің құлдырауы орын алды, ол корпоративтік табыс салығы бойынша 30%-дан 20%-ға дейін және қосылған құн салығы бойынша 13%-дан 12%-ға дейін ставкалардың төмендеуімен, аванстық төлемдерді төлейтін (төлемдер жылдық декларация қорытындылары бойынша жүргізіледі) кәсіпорындардың корпоративтік табыс  салығын төлеу мерзімінің өзгеруімен және ҚҚС бойынша салықтық кезеңнің ай сайынғыдан тоқсанға өзгертілуімен түсіндіріледі.

Динамикада көрініп отырғандай 2001-2010 жылдардағы кезеңде ҚҚС бойынша түсімдер 4,2 артылды. 2009 жылы ҚҚС төмендеуі күрт азайды, ол бәрінен бұрын экономикалық дағдарыстың әсерімен,ставканың 13%-дан 12%-ға төмендеуімен және импорттың кідіруімен байланысты. 2009 – 2010 жылдары ҚҚС қайтару қарқыны қалпына келтірілді.

Салыстырмалы талдау көрсетіп отырғандай, 2008 жылмен салыстырғанда ІӨТ салынатын ҚҚС 31,9 млрд. теңгеге аз түсті, 266,4 млрд. теңге өтелді, бұл өткен жылға қарағанда 12,9 млрд. теңгеге көп, өтеуге жататын сома 197,8 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы енгізілген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде 4,3 млрд. теңге сомаға ҚҚС қайтару жүргізілген жоқ.

ҚҚС қайтарымы 94,0 млрд.теңгені құрады, міндетті зейнет ақы жарналары 12,6% ұлғайды, сот шешімімен 88 кәсіпорын жалған болып саналды, жалған мәміле бойынша 11,7 млрд.теңге  қайтарылды, экономикалық контрабанда бойынша  258 қылмыстық – іс қозғалып 3,5 млрд.теңге  қайтарылды.

Жалпы салықтық тексерулердің қорытындысы  бойынша 11,7 млрд.теңге алынды. Сонымен бірге, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий сақталып отырды. Мысалға, моратори кезінде 2008 -2009 жылдың 14 айы ішінде 3,3 мың  рейттік тексерулер жүргізілді (мораториды жариялануға дейін және акциздік өнімдерді тексеруден) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,7 мың тексерулер жүргізілді, немесе 14 есе көп.

2009 жылы республикалық бюджет кірістерінің 2008 жылмен салыстырғанда 538,4 млрд.теңгеге немесе 16,2%-ға төмендеген. Түсімдердің азаюына белгілі бір дәрежеде салық ставкаларының төмендеуі себеп болды, соның негізінде жиналған салықтар көлемі 620,4 млрд.теңгеге немесе 30%-ға азайған. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі – КТС) ставкасы 30%-дан 20%-ға дейін төмендегендіктен, бюджетке КТС – 177,9 млрд.теңгеге, қосымша құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) ставкасы 13%-дан 12%-ға дейін төмен­деп, ол 43 млрд.теңгеге аз түскен.

Қазақстан аумағынан әкетілетін шикі мұнайға салынатын кедендік баж салығы 2009 жылы қаңтарда алынып тасталғаннан кейін баж түсімдері 257 млрд.теңгеге кеміген.

Салық түсімдері бойынша болжамдық көрсеткіштер, негізінен, бастапқы бекітілген жоспарлы көрсеткіш төмендетілгеннен кейін, яғни нақтылау есебінен 105,0%-ға орындалды.

Жер пайдаланушылардан бюджетке мынадай арнайы салықтар түседi: пайдалы қазбалар өндіруге (ПҚӨС) салық, рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық (ҮПС) және өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі.2008-2010 жылдар кезеңінде жер пайдаланушылардан түсетін арнайы салықтардың түсімі 684 миллиард теңгеден 1580, 3 миллиард теңгеге (2,3 есеге) дейін артты. 2010 жылы түсімдердің алдыңғы кезеңге қарағанда күрт артуы мұнай секторы ұйымдарына салық салу бойынша салықтық заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізілуімен түсіндіріледі.

Төменде келтiрiлген диаграммадан салықтар бөлінісінде түсімдердің өзгерісін көруге болады.

2009 жылы ҮПС қоспағанда арнайы салықтар түсімдерін төмендету байқалады, яғни ҮПС алдағы жылғы қызметтің қорытындысы бойынша төленеді.

2008 жылы 2009 жылға қарағанда мұнай мен минералдық шикізатқа баға айтарлықтай жоғары болды.

2010 жылы ПҚӨС және рента салығы түсімдері мұнай мен минералдық шикізатқа бағаның артуына байланысты күрт артты. Осылай, 2009 жылы мұнайға дүниежүзілік баға орташа алғанда баррелі 61,9 АҚШ долларын, 2010 жылы — баррелі 79,6 АҚШ долларын құрады, дүниежүзілік баға 2010 жылы темiр рудасы бойынша 35,8 %, алюминий бойынша — 10 %-ға,  мыс бойынша — 21,5 %-ға, алтын бойынша — 18,6 %-ға, мырыш бойынша — 14%-ға артты.

Төменде берілген диаграммада 2008-2010 жылдар кезеңінде жер пайдаланушылардан арнайы салықтар мен экспорттық кеден бажының түсімдері көрсетілген. Мұнайға экспорттық кеден бажы 2008 жылы қолданылды, 2009 жылдан бастап 2010 жылды қоса алғанда баж алынған емес, өйткені нөлдік ставкасы белгіленген және 2010 жылғы 15 тамыздан бастап мұнай секторы ұйымдары тоннасына 20 доллар ставкасы бойынша мұнайға экспорттық кеден бажын төледі. Тиісінше 2010 жылы мұнай секторы ұйымынан түскен түсімдер айтарлықтай артты.  Мемлекеттік бюджеттің кірістері көлемінде салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша бересі 3%-ды немесе 100,3 млрд.теңгені құрады. 2009 жылдың басымен салыстырғанда бересі сомасы 19,4 млрд. теңгеге немесе 24,0%-ға артты. Бересінің негізгі өсімі корпоративтік табыс салығына келеді – жылдың басынан 14 182,1 млн.теңгеге артты (бересінің жалпы көлеміндегі үлесі — 56%) және іште өндірілетін тауарларға салынатын ҚҚС – салық органдары тексерулерінің актілері бойынша соманы жете есептеуге байланысты 3 387,6 млн.теңгеге артты (бересінің жалпы көлеміндегі үлесі – 31%).

Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінде акциздердің болмашы ғана үлесі бар. Осылай 2001 жылы салықтық түсімдерде акциздер үлесі 3,4% құрады, ал 2010 жылы үлесі 2% дейін қысқартылды.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы — 527,3 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша — 554,8 млрд.теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызы деңгейінде қалыптасты, бұл жоспардан 248,8 млрд.теңгеге аз.

Үкіметтің қарыз алуы бюджеттік бағдарламаларды уақытылы қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен ішкі қарыз алударды жүзеге асыра отырып, Қаржы министрлігі, халықаралық тәжірибе талап еткендей, бюджет тапшылығын қаржыландырумен қатар, қарыз құралдары нарығын қолдау міндеттерін шешеді. Сыртқы қарыз алу саласында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы институттарынан қарыздар тарту жүзеге асырылды. Бұдан басқа, есепті жылы Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыруға  Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі қаражаттары тартылған болатын.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша үкіметтік қарыз деңгейі және оған көрсетілетін қызмет пен оны өтеу бойынша жол беруге болатын және қауіпсіз деңгейде тұр.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкіметтік борыш  2 222,0 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 11,5 пайызын құрады. Қазіргі кездегі инфляция мен пайыздық ставкалар деңгейінде, жылдың басында 10,6 пайызды құраған қарыздық жүктеменің лимиті (көрсетілетін қызметтерге және қарызды өтеуге арналған шығыстар республикалық бюджеттің кірісінің 15 пайызынан аспауы тиіс)  байқалады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау, ортамерзімдік кезеңде Қазақстан өзінің қарыздық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ете алмайтын шарттардың жоқ екенін көрсетті. 2011 жылдың 10 айы бойында мемлекеттік бюджет отандық экономиканы дамытудың оң үрдісінде атқарылып келді, ол туралы қол жеткізілген экономикалық қорытындылар куәландырады. 2011 жылдың 9 айында ЖІӨ (Жалпы ішкі өнімнің) өсуі 7,0%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісі 4,3%-ға, сыртқы сауда айналымы – 20,3%-ға өсті.

Осының барлығы, салықтық және кедендік әкімшілендірумен бірге салықтың барлық негізгі түрлері бойынша жоспарды артық орындауды қамтамасыз етті.   Мәселен, мемлекеттік бюджетке барлығы болып 4 327,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңге арналған     жоспардың 98,1%-ы  республикалық бюджетке – 3 623,6 млрд.теңге немесе жоспардың 97,9%-ы түсті. Түсімдер жоспарының 100%-ға орындалуына қол жеткізе алмауымыз Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің 1 010 млрд.теңге сомаға толық тартылмауының әсерінен немесе бюджеттік бағдарламаларды орындауға бюджетте қаражат жеткілікті болуына байланысты жоспардағыдан бар-жоғы 84,2%-ы ғана тартылуынан болды.

Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері 2 390,5 млрд.теңгені немесе есепті кезеңге арналған жоспардың 102,9%-ын құрады.Толық игермеу себептері: 1,4 млрд. теңге – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу; 8,7 млрд. теңге – еңбекақы төлеу қоры бойынша,  демалыс кестелерінің өзгеруі, салықтар бойынша аударымдар, сапарлар мен іссапарлар бойынша үнемдеу; 2,2 млрд. теңге — мемлекеттік сатып алу бойынша өтпей қалған  конкурстарға  байланысты; 115,7 млрд. теңге — конкурстық рәсімдердің уақтылы өткізілмеуі, оларды өткізу мерзімінің көшірілуі, өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, орындалған жұмыстардың актілерінің, шот-фактураларының уақтылы ұсынылмауы,сондай-ақ 2011 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоспарлы мақсаттардың қайта бөлінуі; 3,7 млрд. теңге – ҚР мемлекеттік органдарының іс-шаралары неғұрлым кештеу мерзімге ауыстырылуынан; 29,6 млрд. теңге – бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы себебінен болды.