Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережесін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар. Салықтардың созылымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни мемлекет өзінің күнделікті суранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады. Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады. Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады. Салық салудың шындық принципіне сәйкес әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.
Салық салудың үнемділік принципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері салық
кодексінде белгіленген салық салу принцтеріне қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда.
- бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі,
- екінші, салық салудың айқындылығы,
- үшінші, салық салудың әділдігі,
- төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы,
- бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.
- Салық салудың міндеттілік принципі.
Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтардың негізі борышы, парызы болып саналады.
- Салық салушылардың айқындық принципі Қазақстан Республикасының
салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері. Әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс.
Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелерін туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген.
- Салық салудың әділдік принципі. Қазақстан Республикасының салық
салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
- Салық жүйесінің біртұтастық принципі Қазақстан Республикасының
салық жүйесінің Қазақстан республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
- салық заңдарының жариялылық принципі. Салық салу мәселелерін
реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді.
Олар мыналар:
— салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;
— салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс;
— әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
— өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс.
Бұл принциптердің қолданылуы салық салудың сора-қылықтарды жойып, салық салу жүйесін ретке келтірді. Сондықтан Адам Смит: «Салық төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» — деп жазды. Америка Құрама Штатының тәуелдіксіз декларациясы авторларының бірі Франклин: «Өмірде салықпен өнімнен қашып құтыла алмайсың» — деп атап көрсетті.
Салықты уақтысында төлеу міндет болып саналады. Себебі, уақытысында төленбеген салықтардың айыппұлы мен өнімпұлы өте жоғары болады. Осы дәстүр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.