Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппараты қызметкерлерінің негізгі міндеттері

Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппараты қызметкерлерінің негізгі міндеттері туралы қазақша реферат

Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және занды мшдеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.

Мемлекеттік аппарат, мемлекеттік органдардың жүйесі болғандықтан ұйымдасуында және қызметтерінің бәріне бірдей принциптермен байланысты болады. Мұндай принциптер — мемлекеттік органдарды құру  және қызмет әрекеттерін белгілейтін негізгі идеялардың шығу жолдары.

Ондай принциптерге мыналарды жатқызуға болады:

1) Адамның және азаматтың  бостандығы мен еркіндік құқықтарының  басымдық принципі. Онда мемлекеттік қызметкерлердің сай міндеттілікті мойындап, сактай және қорғайтындығы көрсетіледі;

2) Демократизм принципі. Онда мемлекеттік органдардың қызметтерінің құрылуындағы және ұйымдастырылуындағы азаматтардың кең көлемдегі қатысуы көрсетіледі;

3)    Биліктің бөліну принципі (заң шығару, атқарушы және сот), онда билік органдарымен лауазымды адамдар жағынан болатын басынушылықты азайтатын тетіктер белгіленген;

4)  Заңдылық принципі дегеніміз, барлық мемлекеттік қызметкерлермен Конституцияны, заңдарды және қосымша заң актыларын сақтау міндеттілігі;

5) Ашықтық принципі арқылы, мемлекеттік органдардың күнделікті әрекеттері туралы құқық субъектілерінің хабардар болуы қамтамасыз етіледі.

6)  Федерализм принципі, мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін көрсетеді.

7) Кәсіптік принцип, мемлекеттік аппараттың қызметіне көбірек маманданған адамдарды тартуға қолайлы мүмкіндіктер беріп, еліміздің мүддесі үшін, жоғарғы деңгейдегі, негізгі мемлекеттік мәселелерді шешуге кепілдік жасайды.

8)    Алқалық және жеке басқаруды үйлестіру принципі, онда мемлекет аппаратындағы демократиялық және бюрократиялық ара-қатынастары өз жөнінде қамтамасыз етіледі.

9) Сайлау мен тағайындауды үйлестіру принципі, мемлекеттік басқарудағы бір ортаға біріктірмеу мен біріктірудің (децентрализация мен централизацияның) қолайлы арақатынасын көрсетеді.

10) Төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну (иерархиялық) принципі — органдар мемлекеттік аппаратта әртүрлі деңгейдегі орындарға иемденеді (бір орган басқасына бағынады, жоғарғы органдардың, шешімін төменгілерінің орындауы міндетті).

Мемлекеттік органдарды құру процесінде және қызметтерінде, жоғарыдағы көрсетілгендерді есепке алу, мемлекет пен қоғамды  басқару процесін тиімді жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешелікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмамдалуына ие болады. Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:

• барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конституцияны, заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы басты талабы болып табылатын зандылық принципі;

•      мемлекеттік тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде және оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың иерархиялық принципі және олардың өзара қарым-қатынасы;

•       мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудың қажеттіліктерін анықтау және оларды мемлекеттік-құқықтық нысандарда тұлғалап білдіретін жедел басшылықтың,  меңгерудің және бақылаудың принципі;

•   мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын кәсіпкойлық пен құзыреттілік припципі;

• жариялылық принципін жүзеге асырудың нәтажесінде мемлекет механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы;

• мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру принципі.

Жоғарыда аталған принциптерді санап шығу — бүгінгі таңда мемлекет механизмінің қызметі ұйымдастырылып, толық жүзеге асырылды деген сөз емес. Сөйтсе де олардың маңызын кемітуге болмайды, өйткені олар мемлекет механизміне кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар қол жеткізуге тырысатын жетістіктерге эталон ретінде қызмет етеді [7, 32-37б].