Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қателардің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады.
Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси және өзге де факторларға байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда.
Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады.
Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер, әдетте, халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады.
Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де бар.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:
1) мемлекеттік жәрдемақылар;
2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар.
Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен сипатталады.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады.
Азаматтардың білім және медициналық көмек саласында қызметтер көрсетуге қол жеткізуі бұл Тұжырымдаманың шеңберінде қаралмайды, өйткені олар басқа бағдарламалық құжаттармен айқындалады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Мұнда нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
Табыс құрылуының нарықтық механизмі және әлеуметтік саясат.
Табысты нарықтық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктың механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде «берекелі мемлекетє деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісі реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.
Елбасымыздын жолдауы бойынша, әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралыє Заң қолданысқа енгізілуі тиіс. Келесі жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерін 6200 теңге етіп белгілей отырып, зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен ілгері оза индексациялау қажет. Зейнетақының орташа көлемі жоғарылатудан кейін 9252 теңгені құрайтын болады.
Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінеді.
Жоғарыда айтқандай, мемлекеттің қастерлі борышы жұмыс істеу немесе табыс табудың бірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлығы болып табылады.
Бұл азаматтарға көмектесу – біздің қоғамымыздың ізгілену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі, сіздер мен біздің борышымыз. Осынау борышымызды атқаратын мезгіл мен мүмкіндік туды.
Келесі жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 миллиард теңге жұмсай отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды едәуір көбейту қажет. Бұл негізінен 680 мыңнан астам адамда қамтиды.
Мынадай жәрдемақылар:
47 мың бірінші топтағы мүгедектерге – 3 айлық есептік көрсеткішке /2757 теңгеге/, /АЕК – 919 теңге/;
193 мыңнан астам екінші топтағы мүгедектерге – 2,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады /2297 теңгеге/;
125 мыңдай дерлік үшінші топтағы мүгедектер 2 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған жәрдемақы алады /1838 теңгеге/;
50 мыңнан астам 16 жасқа дейінгі мүгедектер 3 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады /2757 теңгеге/;
асыраушысынан айырылған 262 мың отбасы бір айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылатын жәрдемақылар алады.
Нәтижесінде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшін мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге немесе 50 пайызға жоғарылайды.
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақының орташа көлемі 20 пайызға, 6500 теңгеге дейін өседі.
Бірақ бұл ұлғайтулар бұған дейін жәрдемақының ең жоғары мөлшерін алып жүрген мүгедектердің бәріне бірдей қатысты емес. Олар үшін бағаның өсуін ескере отырып индексациялау жүзеге асырылатын болады.
Сіздер мен біздің әкелеріміз және аталарымыздың алдындағы парызымыздың тағы бір мәселесі бар, бұл біздің тарихи зердеміздің мәселесі.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына байланысты Үкіметке 2005 жылы соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 15 айлық есептік көрсеткішке дейін өсіруді және ардагерлерге 30 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық жәрдем көрсетуді тапсырылды.
Бұл іс-шараларға 6,5 миллиард теңге бөлу қажет.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік қамсыздандыруға 2004 жылы бюджет есебінен 217,2 миллиард теңге бөлінді, ал 2005 жылы бұл мақсаттарға арналған ығыстарды көбейту шамамен 33 миллиард теңгені құрайтын болады.
Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен қатар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда күнкөрісі кедейшілік деңгеінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.
Біз сондай-ақ елімізге халықтың одан әрі көп келуін ынталандыруға тиіспіз, сондықтан оралмандар иммиграциясының квотасын 2005 жылы 15 мың отбасына дейін көбейту керек. Олардың қайта қоныстануы мен тұрғын үй алуы үшін 9,8 миллиард 800 миллион теңге бөлу көзделіп отыр.
Біз еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіре береміз, Еңбек кодексінде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды көздейміз, еңбекпен қамтудың қазіргі заманғы үлгісін қалыптастырамыз.
Адам дамуының басым міндеттерін шешудің маңызы аса зор.
Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс.
2005 жылы ауылдық жерде білім беру, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету нысандарын салуға мемлекеттік бюджетте 15 миллиард теңге, ал облыс орталығы мен қалалардағы ерекше маңызды объектілер үшін 5 миллиард теңге қарастыру қажут.
Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады.
¬
Халықты әлеуметтік қорғауды кең және тар мағыналарына сәйкес функциялары. Кең мағынада әлеуметтік қорғау мына функцияларды жүзеге асырады: экономикалық, әлеуметтік, талдамалық, технологиялық, ақпараттық және еңбек.
Тар мағынада: құндылықты, өтемақылы, ынталандырушы, бейімделуші (сурет*)
Экономикалық функция — өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.
Әлеуметтік функция — адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету.
Талдамалық функция — халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды және аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.
Технологиялық функция — барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.
Ақпараттық функция — азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.
Еңбек функциясы – бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.
Әлеуметтік қорғау функциясы — нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталды. Нарықтық қатынастарды халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастап кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әрқилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Абсолюттік теңсіздік халықтың 20%, 40%, 60%-і және т.б. ешқандай табыс алмайтындығын, тек бір ғана ОF сызығындағы адамның барлық 100 пайыз табысты алатындығын білдіреді. ОFЕ сынық сызығы – абсолюттік теңсіздік сызығы.
Күнделікті нақты табыстың бөлінуі – ОАВСДЕ сызығымен көрсетілген. Бұл сызық көп ауытқыса немесе Лоренцтің қисығы ОЕ сызығымен ұлғайса, онда табыс бөлудегі теңсіздіктің көбейгені. Егер біз торланған аумақты ОFЕ үшбұрышының аумағына бөлсек, табыс бөлудегі теңсіздік деңгейін білдіретін көрсеткішті аламыз. Табысты бөлудегі теңсіздік рыноктық экономика қалыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық әдебиетінде бұл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретінде әр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек шығындарына сәйкестендіру керектігін көп жазуда. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну рыногының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.
Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т.б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т.б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу – мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту – рыноктың экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты – осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.
Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.
Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. (Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде ҚТҚ 70 пайызға дейін мемлекеттік бюджеттен, тек 25-30 пайызы ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын.) Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.
Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.
Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т.б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипендия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.
Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт – адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.
Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі – жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі «қосымшає табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді, оны өз қалауынша пайдалуға болмайды. Мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қоғамдық қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіктің шеңберінде ғана болады. Табысты бөлудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында мемлекеттік реттеудегі жаңа кейнсиандық қозғалыс тұсында тағы да қызу теориялық таластар туғызды. Проблеманың мәні мынада: қайта бөлу процестеріне мемлекеттік араласудың шегі бар ма?Трансферттік төлемдер көлемі өскенде жалпыэкономикалық қызметтің тиімділігі төмендемей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген ынтаны жоймай ма? Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік масылдар тобын өсірмей ме?