Қазақстан өнеркәсібінің қалыптасу тарихы туралы қазақша реферат
Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты.
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 – 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. 2-бесжылдықта (1932 – 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 – 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 – 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.
2- ші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды үш міндетті шешті, олар:
-КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен зауаттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу;
-өнеркәсіпті одан әрі дамытып, жаңа объектілер салу;
майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номенклатурасын қайта қарау. Соғыстан кейінгі 4-5 (1946 – 1950) республика өнеркәсіпі бейбіт жағдайға бейімделіп қайта құрылды. Өнеркәсіп өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. Бесжылдықта (1951 – 1955) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артты, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машиналар мен механизмдер, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.
6-шы (1956 – 1960) және 7-ші (1961 – 1965) бесжылдықтарда өндірістің құрылымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске қосылды. Қарағанды металлургия зауатыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылуына байланысты қара металлургия өнеркәсіпінің негізі қаланып, онан әрі дами түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылды; көмір өнеркәсіпінде жаңа технологиямен жабдықталған оннан астам жаңа шахталар мен қималар іске қосылды; химия өнеркәсіпіАқтөбе хром қосындылары зауаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауаты, Қаратау кен-химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауаттар салынып, шығарылатын өнім түрі көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсіпін өркендетуде елеулі қадам жасалды. Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында аумақтық-өндірістік кешендер қалыптаса бастады.
8-ші (1966 – 1970) және 9-шы (1971 – 1975) бесжылдықтар кезінде өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны 2,2 есе, 10-бесжылдықта (1976 – 1980) 18%-ға артты. 1980 жылдардың аяғында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1928 жылмен салыстырғанда 265 есе өсті. Мұнда өнімнің 75%-ы “А” тобынан (өндіріс құрал-жабдығын өндіру) өндірілді. Бұл кезеңде электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу салалары жедел дамыды. 1980 жылы барлық өнеркәсіп өнімінің 1/4 бөлігі осы салалардың үлесіне тиді.
11-бесжылдық (1981-1985) өнеркәсіп
Бұдан кейінгі 11-бесжылдықта (1981 – 1985) неркәсіп өнімінің көлемі 19,4%-ға өсті. Павлодар – Екібастұз, Қаратау – Жамбыл, Маңғыстау өндірістік аумақтық кешендерінің маңызы артты. 400-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Олардың арасында Екібастұз 1-ші МАЭС пен “Восточный” қимасы және Қарағанды кен-металлугия комб-ндағы қаңылтыр цехы, Шымкент мұнай өңдеу зауатыты сияқты өндіріс алыптары бар.
12-бесжылдық (1986 – 1990) кезеңінде Екібастұзда бүкілодақтық энергетика орталығы қалыптасты, оңтүстікте фосфор өндірісі өркендеді, батыста еліміздің мұнай базасын жасау, мұнайдың, газдың, полиметалл және темір кентастарының жаңа кен орындарын игеру қолға алынды. Минералдық тыңайтқыштар, түсті және қара металдар өндіруде республиканың одақтағы маңызы арта түсті.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы (1946-1960)
1.Республиканың индустриялық дамуы.
1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді.
Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта күру басталды: халық комиссариаттарының максаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нүсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артык жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалық бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды. Соғыстан кейінгі құрылыстьң болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды. Зауыттар, кәсіпорындар, өндіріс салалары арасында социалистік жарыс ұйымдастырылды. Қарағанды көмір бассейннің кеншілері еңбекте қомақты табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары еңбектің озық төсілдерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең құлаш жайды. Жоспарды орындаудың, үлкен жетістіктерге жетудің жолдары қоғамдық жиындарда жиі-жиі талқыланды. Кез келген жаңсақтық немесе жетістіктен тиісті қорытындылар жасалып отырды. Адамдар да болашаққа, Компартияға сеніммен қарады. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш- жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің аркасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және кемір өнер- көсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Осы жылдары қара металлургия өндірісі кендяен дамыды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 1965 жылға қарай елімізде 19,5 тонна көмір шыға ратын өндірістік қуат іске қосылды. 1954 жылдан Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады. 1965 жылы Екібастүзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды.
Республиканың батысында жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды.
Мәселен: Мұнайлы, Ембі бассейндерін және баска да кәсіпшіліктерді өндіріске косу арқылы 1950 жылы мұнай өндіруді соғыска дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға арттыруға мүмкшдік туды. Осы кезеңде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың соңына қарай 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. Дегенмен де тамақ өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркөсіп өндірісінің 17%-ын ғана қамтыды. Бұл сала одан әрі жетілдіре түсуді қажет етті. 1950 жылдары қайта жабдықталған Семейдегі май зауыты, Петропавлдағы «Комсомол» тігін фабрикасы өнім бере бастады, Жамбыл (қазіргі Тараз), Қызылорда, Павлодардағы тері зауыттарының қүрылысы аякталды. Бұл жылдары Қазақстанның өзінің қуатты ауыр өнеркәсіп базасы қүрылды. Жүмысшылардың ішінде ерекше кезге түскендері жоғарғы еңбек марапаттарына ие болды. Атақты кеншілер Т. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов, П. Акулов Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ алды. Елімізде экономикалық дамудың қарқыны одан әрі артты. 1954- 1958 жылдары республикамызда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынып, іске қосылды. Олардың қатарында Жезқазған кен байыту, Өскемен таукен жабдықтарын жасау зауытының, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды, Семей және Шымкент цемент зауыттары болды. Осының бәрі 1958 жылы Қазақстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. 1960 жылдардың ортасына қарай республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарга қосылды. 60- жылдардың соңына қарай тағыда 445 ірі кәсіпорын мен цехтар іске қосылды. Жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылып, озық техникамен жарақтандырылды. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыты етіп өндірісті механикаландыру таңдап алынды. Қазақстандағы экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы табының жаңа мамандарын даярлауды талап етті. Еңбек резервтерінің жүйесі бір бесжылдық ішіінде ел экономикасына аса қажетті мамандықты меңгерген 50 мың жұмысшы даярлады. Дегенмен мамандар даярлаудың бұл жүйесі өсіп келе жатқан қажеттшіктерді қанағаттандыра алмады. Жұмысшылар қатары республикадан тыс жерлерден келгендер есебінен толығын отырды. Бұл құбылыс әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент, Жамбыл, Ақмола және Алматы өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалды. Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының артуына алып келді. 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлер саны 1 044 мың адам (оның ішінде 304 мыңы — өнеркәсіпте) болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш тиісішпе 1 403 мың және 366 мыңға жетті. Жоғары маман жұмысшылар үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындарда шоғырланды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті. Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде есіп, 1959 жылы 44%-ға жетті. Осы жылдары Қазақстанның қартасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды. Өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте жүмыс істеу үшін республикадан тыс жерлерден жұмысшы күшін тарту көлемі артты. Күштер мен ресурстардың ауыр өнеркәсіпте шектен тыс шоғырлануы, адамдардың қалаға толассыз келуі әлеуметтік саясатқа, халықтың тұрмыстық деңгейіне елеулі әсерін тигізді. Тұрғын үй, тұрмыс жағдайлары өте ауыр болды, түрғын үй салу үнемі артта қалып отырды. Мындаған жұмысшылар жатақханада, олардың көбі вагондар мен палаткаларда тұрды. Тұрғын үйдің, тауар, азық-түліктің жетіспеуішлігіне қарамастан жұмысшылар белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа тартылды, демалыссыз жұмыс істеді.