Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің семантикалық парадигмасы курстық жұмыс

Жоспары

Кіріспе 3

І Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
Фразеологизмдер ….. 5
І.1. Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы ….. 5
І.2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің жасалу жолдары ….. 11
І.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары …. 12

ІІ. Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік парадигмалар ….. 14
ІІ.1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы . 14
ІІ.2. Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен байланысы … 16
ІІ.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің контексте орын алуы …. 19

Қорытынды …. 22
Қолданылған әдебиеттер ….. 23

Кіріспе 

  Жалпы кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде түсіндіріледі. Аталмыш ұғым туралы ғылыми бастама ежелгі замандарда ғылымдардың атасы философия ілімінде өте күрделі категориялар қатарынан орын алған. Сөйтіп ғылымның психология, логика, лингвистика салаларында өзіндік сипатқа ие болды. Тілдегі қарама-қарсылық ұғымының пайда болуының негізі философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңынан” бастау алады.

Тілдегі антонимия құбылысы психолингвистикалық, семантикалық, гносеологиялық аспектлерде кеңінен зерттелді. Тұрақты сөз тіркестері де антоним қасиетіне ие бола алады. Тіл біліміндегі қарсы мәнді фразеологизмдердің туындауына адамның ой-санасында объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды салыстыру және осы ұғымдарды бір-біріне қарсы қою секілді қабілеті әсер еткен. Дегенмен, фразеологиялық антонимдер лингвистиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет ететін дүниесі. Аталмыш мәселенің тіл біліміндегі өзектілігі жөнінде академик І. Кеңесбаев былай дейді: “Фразеология саласында басы ашылмаған, тіпті, күн тәртібіне қойылысының өзі принцптік тұрғыдан шешілмеген мәселе антонимия. Жеке сөз лексема көлемінде айдан анық көрінетін, осы құбылыс тиянақты сөз тіркесі аясында көмескеленіп айқын аңғарылмайды. Әйтсе де, фразеологизмдер табиғатында «сырт» тұрпаты жағынан да «ішкі» ұғымы жағынан да қарсы мағына сипатындағы тіркестердің бары анық. Алайда бұл да танылып жетпеген категория. Фразеологизмдер ішінде өзара қарсы мағына беретін сыңарлардың бары анық болса да, олардың типтері әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді қажет етеді. Арада жарты ғасырдай уақыт өтсе де, қарсы мәнді фразеологизмдердің қыр-сыры ашылып, топтастырылмағаны баршаға аян” [2, 10].

 Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда синонимдік фразеологизмдердің семантикалық категорияларына қатысты мәселелер ғана қарастырылған, ал қарсы мәнді фразеологизмдер оның ішінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік фразеологизмдерді салыстыра зерттеу назардан тыс қалған тақырып. Сол себепті, жеке сөз, лексема көлемінде анық байқалатын антонимия құбылысын екі тілдік фразеологизмдердің ауқымында қарастыру жан-жақты талдауды қажет ететін тың мәселе. Олай болса, ана тіліміздегі мағыналары қарама-қарсы мәнде жұмсалатын антоним фразеологизмдердің топтарын, тілдік ерекшеліктерін ағылшын тіліндегі антонимдік фразеологизмдермен салыстыра зерттей отырып, ұлт, тіл, мәдениет пен өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау өзекті мәселелер қатарына жатады.

 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – екі тілдегі антонимдік тіркестердің мағыналық сипатын ашу, контексте қолданылу ерекшеліктері мен олардың қызметін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттерді шешу көзделді.

– қарама-қарсылықтың тіл біліміндегі зерттелу тарихына шолу жасау;

– семантикасын басшылыққа ала отырып екі тілдегі фразеологизмдердің қарсы жұбын табу, олардың жасалу жолдарын айқындау;

– екі тілдегі антонимдік тіркестердің жасалу жолдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

– екі тілдегі қарсы мәндегі тұрақты сөз тіркестерінің болымсыздық категориясымен байланысын айқындап көрсету;

– екі тілдегі қарсы мәнді фразеологизмдердің полисемия құбылысымен байланысын ашып көрсету;

– қос тілдегі қарсы мәнді фразеологизмдердің контексте берілу сипатын

– анықтау.

Зерттеу объектісі: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер.

Зерттеу пәні: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің семантикалық парадигмасы.

Жұмыстың зерттеу әдістері: Тақырыптың мақсатына сәйкес екі тілдегі антонимдік фразеологизмдердің жұбын табуда топтастыру, жинақтау, статистикалық, жүйелеу әдістері және салғастырмалы әдіс басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  Курстық жұмыс / 24 бет