Қазақ халқының музыкалық фолъклорына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды-көпті қамтылған. Олардың қатарында А.Е.Аллекторов,А.Э.Бимбоэс,Г.И.Гизлер,Ә.А.Диваев, И.Д.Добровольский, А.И.Левшин,П.С.Паллас,РА.Пфенниг,В.В.Радлов,С.Г.Рыбаков,Н.Ф.Савичев, Ш.Уәлиханов, АФ.Эйхгорн, т.б. атауға болады
Өзінің «Қырғыздар мен сарттардың халық әндері» атты мақаласында: Р.А.Пфенниг: «Бұлхалықтардың бірде—біріжиынтойдыәнсізөткізбейді«‘, — деп жазды. Ол негізінен тұрмыс-салт және салттан тыс фольклорды сөз еткен.
Бақсылық үрдіс тұсында ол: «Мұндадәрігерлердің міндетінежелгішаманизмніңқалдығы — бақсыларорындайды. Оларшамандардайбарабанұстамайды,екі ішектіскрипкатәріздес, кішкенеқоңыраулар, қаңылтыртемірлерілінгенқобыздепаталатынаспаптарпайдаланады » ~ деген мәліметгер келтірген. Р.А.Пфеннигтің «Музыкальные инструменты народов Средней Азиии Казахстана»(СПб., 1885) атты кітапшасында Орта Азия мен Қазакстанның оңтүстігінде тараған музыкалық аспаптар туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Автор мұнда әрбір аспапқа, оның құрылысы, орындалу ерекшеліктеріне арнайы тоқталған.
Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеуге елеулі үлес қосқандардың қатарында Түркістан генерал-губернаторының әскери капельмейстері А.Ф.Эйхгорн да болды. 1871 жылы оған жергілікті халықтардың әндері мен музыкалық аспаптары туралы мәліметтер жинауды тапсырады. Осы салада атқарған еңбегі үшін ол кейін үлкен күміс медальға ие болған. А.Эйхгорн еңбегі ұзақ жылдар бойы жарық көрмей, тек 1963 жылы ғана Ташкентте басылған «Музыкальная фольклористика в Узбекистане» атты жинақка енген. Алғашкы бөлімі — «Музыка киргизов», екіншісі — «Музыка узбеков» деп аталады. Бірінші бөлімінде А.Эйхгорн домбыра, кобыз, сыбызғы аспаптарының сипатгамасын жазьш, одан әрі 30 әннің нота жазбасын берген. Бірақ әндердің әдеби мәтіндері жоқ. Жинаушының назарынан айтыс өнері де тыс қалмаған.
Белгілі ориенталист А.Э.Бимбоэс «Музыкальная этнография» (Л.,1926) деген айдармен қырғыздың 25 әнін бастырған. Қазан төңкерісіне дейін орыс ғылыми әдебиеттерінде қазақтардың қырғыз деп аталғаны мәлім болса, мұның бәрі қазақ әндерінің көркем үлгілері болатын.
Бұлардан басқа орыс ғалымдарының еңбектерінде де қазак халқының музыкалық фольклоры туралы мәліметтер кездесіп отырады. Мысалы, қырғыз-қайсақ тайпаларының даласы мен ордаларын сипаттаған А.И.Левшин өзінің «Описание киргиз-кайсацких орд и степей» (1832) атты тарихи еңбегінде екі әннің нотасын жариялаған. Сол сиякты Георгий, Андреев, Готовицкий, тағы басқалардың жазбаларында қазақ халқының әншілік, күйшілік, жыршылық дәстүрІне байланысты деректер аз емес. Солардьщ қатарында Құрманғазы туралы естелік қалдырып, оны жойқын күйші ретінде суреттеген Н.Савичев жазбасын ерекше атап өтуге болады.
Қазақ музыкасы туралы мәліметтер өз топырағымыздан шыққан ағартушылардың да назарын аударған. Әйгілі Шоқан қазақ поэзиясының түрлерілене арналған мақаласында эпикалық жанр — жыр туралы қызықты ойлар айтқан. Сол сияқты халқымыздың музыкалық аспаптарына қатысты деректер де келтірген. Қазақта қобыздың сүйемелдеуімен ең соңғы жыр айтқан жырау — Жанақ деп көрсеткен де сол.
Абайдың музыка фольклорына байланысты арнайы еңбектері жоқ. Бірақ оның:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-
деген поэзиясынан ән-күйге деген ынта-ықыласы анық көрінеді. Ал:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-дегең тұста ол музыканың халық өмірінен алатын орнын айқын көрсетіп кеткен.
Шетел, орыс ориенталистері қазақ музыка фольклорына назар аударса да, оның жүйелі түрде жиналуы әйгілі этнограф А. В. Затаевич шығармашылығымен байланысты. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында жүргізген музыкалық-этнографиялық қызметінің нәтижесінде ол алғаш рет «Қазақ халқының 1000 әні» (Орынбор,1925) жинағын шығарды. Бұл еңбекті сол тұстағы Р.Роллан, М.Горький секілді мәдениет қайраткерлері жоғары бағалаған. Әрине, жинақтың кемшілігі де болды. Соның бастысы — жинаққа енген әндердің әдеби мәтінсіз жариялануы еді. А.В.Затаевич Қазақстанның барлық аймақтарында болған. Бірақ оның назарын музықалық-эпикалық жанрлар пәлендей аудара коймаған секілді. Кейін Қазақстан ғалымдарының қайта даярлауымен бұл жинақ толықтырылып, көптеген әндердің мәтіндері қалпына келтіріліп екінші рет басылды (Москва, 1963).
Қазақ музыка фольклорын жинауда А.В.Затаевичтің «Қазақтың 500 ән-күйі» атты этнографиялық жинағының маңызы да зор болды. Алғаш 1931 жылы Алматыда жарық көрген жинақ 2002 жылы екінші қайтара басылды. Мұнда Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек, т.б. халық күйші-композиторларының шығармалары қамтылған. А.В.Затаевичтің архивінде жарық көрмеген 1500-ге жуық халық шығармалары қалған. Оларды жариялау ісі алдағы күннің міндетіне- кіреді.
Қазақ музыка фольклорының кәсіби негізде зерттелуі А.Жұбанов, Б.Ерзакович, Л.Хамиди, Е.Брусиловский ізденістерінен бастау алады. Б.Ерзаковичтің «Песенная кулътура казахского народа» (Алматы, 1966) атты еңбегі қазақ халқының музыкалық фольклорын теориялық деңгейде зертгеудің үлкен бір көрінісі болды.
Қазақтың әншілік және күйшілік дәстүрін бергі жерде зерттеген ғалымдар санатына М.Ахметова, А.Темірбекова, Ә.Мұхамбетова, Б.Қаракұлов, С.Елеманова, т.б. қосуға болады. Бүгінде фольклортану ғылымының алдында тұрған басты міңдет- халық ән-күйлерінің тарихилығы, қазақ этногенезінің қалыптасуына тигізген ыкпалын анықтау болып табылады.