Қатты денелер кинематикасы курстық жұмыс

Жоспар:

Кіріспе………..3
І – бөлім. Қатты дене статикасы………4
1.1. Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары……..4
1.2. Байланыс және байланыс реакциялары………6
1.3. Жинақталған күштер жүйесі……………8
1.4. Параллель күштері жүйесі……….4
1.5. Күштердің кез келген жазық системасы………6
1.6. С-1 есебі……………8
1.7. С-4 есебі…………9

ІІ – бөлім. Қатты дене кинематикасы………..10
2.1. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысы………..10
2.2. Қатты дененің тұрақты өсті айнала қозғалысы…….14
2.3. К-2 есебі………………..18
2.4. Қатты дененің жазық параллель қозғалысы……..21
2.5. Еркін қатты дене қозғалысы………….25

ІІІ – бөлім. Материялық нүкте динамикасы……27
3.1. Ньютон заңдары……..27
3.2. Материялық нүкте динамикасының негізгі теоремалары…..30
3.3. Д-2 есебі…………31
3.4. Материялық нүктенің салыстырмалы қозғалысы……35
3.5. Материялық нүктенің салыстырмалы қозғалысының дифференциялық теңдеулері. Инерция күштері…..38
3.6. Инерция күштерінің физикалық мағынасы. Классикалық механиканың салыстырмалы принципі………….40

Қорытынды……..50

Кіріспе

Мен осы курстық жұмысымда теориялық механиканың статика, кинематика, динамика бөлімдеріне тоқталдым.

Теориялық механика – материялық денелердің механикалық қозғалысының жалпы заңдылықтары, мен тепе – теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым. Өзара механикалық әсерлесу нәтижесінде бір материялық денелер басқа материялық денеге қарағанда қозғалысқа келтіріледі, яғни материялық денелер өзінің бастапқы қалпын өзгертеді (деформацияланады) немесе жоғарыда аталған екі жағдай қатар байқалады.

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі кезеңде отандық машина жасау өндірісін дамыту, жаңа өндірістік технологияларды халық шаруашылығына енгізу, космос кеңістігін игеру және тағы басқа техникалық шешімдерді анықтауды қажет ететін күрделі мәселелер механика ғылымының қарыштап дамуына өзінің ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Теориялық механика пәні статика, кинематика және динамика деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

Статика теориялық механиканың күштер (күштер жүйесі) түуралы ілім баяндалатын және осы күштер әсер еткендегі материялық денелердің салыстырмалы тепе – теңдік шарттары мен теңдеулері зерттелетін бөлім.

Егер дене басқа денелермен салыстырғанда тыныштық күйде болса, онда дене тепе – теңдікте болады деп айтуға болады. Дененің тепе – теңдік шарты дененің күйіне байланысты. Сұйық және газ тәрізді денелердің тепе – теңдігі гидростатика және аэростатика пәндерінде қарастырылады.

Кинематика деп материялық денелер озғалысының геометриялық сипаттамаларын (траекториясын, үдеуін, жылдамдығын), зерттйтін теориялық механика тарауын айтады. Осы зерттеулерде денелердің инерттілігі (массасы) және оларға әсер ететін күштер есепке алынбайды. Сондықтан да кинематиканы қозғалыс геометриясы деп те кейде оны «төрт өлшемді гещметрия» деп те, атайды. Өйткені Ньютон механикасында, яғни қазіргі кезеңдегі теориялық механиканың негізі болып саналатын классикалық механика да, материя (материялық дене) орын ауыстыратын кеңістіктің қасиеттері  үш өлшемді эвклидтік кеңістіктің аксиомалары мен теоремаларына тәуелді болады да, ал төртінші өлшем ретінде дәл кеңістік сияқты материяға тәуелсіз, абсолютті шама – уақыт алынады.

Динамика бөлімінде материялық нүктенің, қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалыстың себебі болатын әсер етуші күштер және материялық обьектілердің инерттілігі (масса) ескеріледі.

Осы курстық жұмыс арқылы теориялық механиканың әр түрлі өнеркәсіптердің негізі бола алатын ғылым ретінде таныдым.

 Курстық жұмыс / 50 бет