Кассадағы ақша қаражаттарының есебі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…….. 3

1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі….. 5

2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу… 12

3. Кассалық кітапты жүргізу  және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі        16

4. Кассадағы  ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі.. 23

5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру………… 32

ҚОРЫТЫНДЫ……………. 39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………… 41

КІРІСПЕ

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.

Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса – бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.

Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.

Ақша қаражаты – кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.

Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар – шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
  2.  Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.

Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:

—      Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;

—      Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;

—      «Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.

Ақша қаражаты мен операциялар тұрақты атқарылып тұрады, олар ұтқыр әрі бұзылуларға бейім болады, сондықтан да ақша қаражатының тиімді пайдаланылуының проблемасын шешуде, есеп жүргізу мен аудитті жетілдіруді қажет етеді. Осы аталған жағдайлар диплом жұмысының актуальдығын анықтайды.

Курстық жұмысының мақсаты – қазіргі кездегі ақша қаражатының есебін жүргізудің жайы және оны жетілдірудің ұсынбаларын әзірлеу болып табылады.

Курстық  жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып аудит және есеп жөніндегі нормативтік актілер, осы зерттеліп отырған мәселе бойынша оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды. Ақша қаражаттарының есебін жүргізудің жай үйі «Қазпошта» АҚ мысалы ретінде алынды. Сонымен қатар қаржылық есеп берудегі алғашқы құжаттары мен есеп жүргізу жөніндегі тізім көрсеткіштері пайдаланылды.

курстық жұмыс / 42 бет