Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы туралы қазақша реферат
Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер қолданылады. Олар Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты анықтап беруге көмектеседі.
Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
Жалпы Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштерді пайдаланамыз«ВиГ» ЖК-дің
негізгі көрсеткіштері төмендегі № 1 кестеде көрсетілген.
1-ші кесте
«ВиГ ЖК-дің
Қаржы— шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
2007-2008ж.ж.
(мың.тг.)
№ |
Көрсеткіштер |
Өл-шем бірлігі |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауыт-қулар |
Өсу темпы |
А |
Б |
В |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. | Сатудан түскен табыс | мың.тг |
43382000 |
45405901 |
2023901 |
104,6 |
2. | Өнімнің өзіндік құны | мың.тг |
41658945 |
43587448 |
1928503 |
104,6 |
3. | Жалпы табыс | мың.тг |
1723055 |
1818453 |
95398 |
105,5 |
4. | Кезең шығындары | мың.тг |
2875452 |
3049160 |
173708 |
106 |
5. | Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
2277119 |
2527787 |
250668 |
111 |
|
6. | Салық салынғанға дейінгі табыс | мың.тг |
1124722 |
1297080 |
172358 |
115,3 |
7. | Табыс салығы
|
мың.тг |
337416,6 |
317245 |
-201716 |
94,1 |
8. | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны | мың.тг |
885806 |
824190,5 |
-61615,5
|
93,1 |
9. | Қор қайтарымдылығы | мың.тг |
48,9 |
55 |
6,1 |
112,4 |
10. | Қор сиымдылығы | мың.тг |
0,02 |
0,01 |
0,01 |
50 |
11. | Активтердің айналымдылығы |
рет |
10,4 |
11,5 |
1,1 |
110,5 |
12. | Сату рентабельділігі | % |
3,9 |
4 |
0,1 |
102,5 |
13. | Активтер рентабельділігі | % |
15 |
14,9 |
-0,1 |
99,4 |
14. |
Таза табыс |
мың.тг |
787305,4 |
979835 |
192529,6 |
124,4 |
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасай отырып келесі мәліметтерді байқауымызға болады. “ВиГ” ЖК-дің
есепті жылы сатудан түскен кірісі 45405901мың. тг. болып, өткен жылмен салыстырғанда 2023901 мың. тг. яғни 4,6 % өскен. Ал, өнімнің өзіндік құны өткен жылы 41658945 мың.тг. құрап, есепті жылы 43587448 мың тг. болған. Ауытқу сомасы 1928503 мың. тг. құраған. Бұл есепті жылы өткен жылға қарағанда сатудан түскен кірістің ұлғаюы нәтижесінде болып отыр. Осыған байланысты кезең шығындары да 173708 мың. тг. жоғарылаған.
Кәсіпорынның салық салынғанға дейінгі табысы есепті жылы 1297080 мың.тг. болса, табыс салығы 317245 мың. тг. құрап, осы жылы табыс салық сомасы өткен жылмен салыстырғанда – 317245 мың.тг. Бұл табыс сомасы өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанмен салық салынатын табыс (шегерімдер алынған) аз болып отырғандығын көрсетеді.
Негізгі құралдардың орташа жылдық сомасы есепті жылы 824190,5 мың. тг. Ол өткен жылмен салыстырғанда — 61615,5 мың.тг. азайған. Тиісінше қор қайтарымдылығы 6,1 мың.тг. өсіп, қор сиымдылығы 0,01 айырмашылықты көрсетеді. Активтер мен сату рентабельділігіне қарап, Кәсіпорынның сату деңгейі мен активтерді пайдалану мөлшерінің пайдалылығының қаншалықты дәрежеде екендігін байқаймыз. Яғни активтер рентабельділігі өткен жылмен салыстырғанда –0,1 болып, сату рентабельділігі 0,1 құрайды. Бұған қарап Кәсіпорынның сату бөлімінің немесе менеджерлердің сатуды дұрыс жоспарламағандығын көреміз. Сонымен Кәсіпорынның таза табысы есепті жылы 979835 мың.тг. болған. Өткен жылға қарағанда 192529,6 мың.тг. өскен. Бұл жақсы көрсеткіш, өйткені осыған қарай өнімнің өзіндік құны өскенімен ол жалпы табысты көп өзгертпей, нәтижесінде таза табыстың артқандығын көрсетеді.