Кәсіпорынның марктетингтік қызметін жетілдіру курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫНДА МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Кәсіпорында маркетингті ұйымдастырудың түсінігі, рөлі мен мәні 5
1.2 Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері 12
2. КӘСІПОРЫНДА МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ («АЛТЫН ДИІРМЕН» АҚ МЫСАЛЫНДА) 17
2.1 «Алтын диірмен» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 17
2.2 Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің экономикалық тиімділігі 22
2.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттінің талдау 28
3 КӘСІПОРЫНДА МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ32
3.1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды құру 32
3.2. Кәсіпорын лоялдығының бонустық бағдарламасын құрудың тиімділігі 37
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 43

КІРІСПЕ

Нарық қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жургізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б. с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.

Маркетинг деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерінде ХІХ-ХХ ғасырдан бастап қолданыла бастады. Маркетинг концепциясының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл концепцияның өмірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірілуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделене түсуінде. Сондықтан да ХХ ғасырдың басында маркетингті өтім әдісі ретінде қолданып, маркетинг жөнінде коммерциялық түсінік орын алды. Яғни өндіруші, демек сатушы сатып алуға жеткілікті шамасы бар сатып алушыны тауып, өнімін шығаруы тиіс еді. Яғни маркетинг теориясын басқару жүйесінде қолданып, оның басты принциптеріне сәйкес тек сенімді түрде сатылатын өнімді өндіру және фирмаға осыған сай ұйымдастырылуы тиіс еді.

Сондықтанда маркетингтің мәні оның алдына қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленеді десек те болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп өзгерді. Оның мәнінің өзгерісі өнімді шығару және өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда алу үшін нарықтың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (тауарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда есте болатыны маркетингке сүйене отырып фирманың түбінде пайдалы әрекетін ұйымдастыру үшін, алғашқы оның қадамдары уақытша кездесетін қиыншылықтар болып табылады. Одан кейін мол табыс әкелетін, немесе фирманың қанағатты пайда тауып нарықта тұрақты іс-әрекетін көздеген маркетингтік нысанасы орын алуы тиіс. Осы тәрізді маркетинг нысанасы тек пайданы көбінен табу ғана емес, керісінше әлеуметтік, тұрақтылық, фирманың іс-әрекетінде қауіпсіздік т.б. с.с. нысанасы болуы мүмкін.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда маркетингті енгізу қажеттігі басқару теориясы мен тәжірибесін дамытудағы жалпы әлемдік тенденциялардан туындап отыр. Сонымен қатар,  маркетинг қоғамның даму бағдарын, уақыт пен сыртқы ортаның ерекшеліктерін көрсетеді. Сол себептен, маркетинг саласындағы батыс тәжірибесі бірқатар өлшемдері бойынша қазақстандық шарттарға сәйкес келмейді. Оның үстіне, отандық тәжірибе маркетингтің экономикасы дамыған елдерге тән емес, беймәлім тұстарын ашып берді. Біздің шарттарда маркетингтің классикалық сызбасын пайдалану және енгізу процесі өте қиын әрі баяу жүзеге асады. Өйткені, отандық аграрлық кәсіпорындарда маркетингті қалыптастыру шарттарының өзіндік ерекшеліктері бірқатар мәселелердің туындауына алып келуі және маркетингтің дамыған үлгісінің қолданысына кедергі келтіруі мүмкін.

Сонымен, маркетинг туралы шетелдік және отандық әдебиеттерді зерттеуге және нақты кәсіпорындарда маркетинг қызметін ұйымдастыру процесінің ерекшеліктері бойынша мәліметтерді сараптауға негізделген осы тақырып бойынша жұмыс істеу оның нәтижелерін отандық кәсіпорындардың іс-жүзінде әрі қарай пайдалануы тұрғысынан өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу мәселесінің өзектілігі әзірге қолданбалы материалдары мен ілімдік негіздері жеткіліксіз Қазақстан үшін жаңа бір мәселе болуымен де айқындалады. Жұмыс нәтижелерін маркетинг қызметінің даму бағыттарын анықтау үшін қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметінде іс-жүзінде қолдану мүмкіндігі де осы тақырыптың маңыздылығын күшейте түседі. Осылайша, аталмыш мәселенің өзектілігі мен тақырыптың ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз өңделгендігі зерттеу мақсатын, пәнін және нысанын таңдауда негіз болып табылады

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін аша отырып, «Алтын диірмен» АҚ-дағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру жағдайына талдау жасау және оны жетілдіру жолдарын анықтау.

Менің курстық жұмысымның мақсатына сай келесідей тапсырмалар қойылады

— Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың мәні мен рөлін ашу;

— Кәсіпорында маркетингті ұйымдастырудың түрлері мен ерекшеліктерін қарастыру;

— Маркетинг жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржылы-экономикалық талдау;

— Кәсіпорында маркетингтік қызметті қалыптастырудың қазіргі жағдайы мен оған талдау жасау;

— Кәсіпорындағы маркетингтік қызметке талдау жасау;

— Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру жолдарын жетілдіру;

— Кәсіпорынның маркетингтік бөлімінің қызметін жетілдіру шараларын ұсыну және маркетингтік қызметті күшейтуге ұсыныстар жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 48 бет