МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Функционалды — құрылымды ұйымы 5
1.1 ДК негізгі блоктары мен олардың мәндерi 5
1.2 Машиналық iшкi жүйелік интерфейсi 11
2. Микропроцессорлар 14
2.1 Микропроцессорлар түрлері 14
3. ДК-дiң сақтау құрылғылары. 15
3.1 Жедел жад 15
3.2 КЭШ-жад 16
3.3 Арнайы жад 17
4 ДК-дiң негiзгi сыртқы құрылғылары 21
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 34
Кіріспе
Компьютер (ағыл. computer — есептеуіш) программаланушы электрондық құрылғы, өңдеу және есептеулер жүргiзе алады, сонымен қатар символдармен манипуляциялау, басқа мақсаттарды орындайды.
Компьютерлердің негiзгi екi класы бар:
— цифрлік компьютерлер, мәлiметтердi екілік сан кодтары түрінде өңдейдi;
— аналогтық компьютерлер, есептелетiн өлшемдердiң аналогтары болатын толассыз алмастырылған физикалық мөлшердi (электр кернеу, уақыт және т.б.) өңдейдi.
Қазiргi кезде комрьютерлердiң көбi цифрлiк болғандықтан, компьютерлердiң тек осы класын ғана қарастырамыз және “компьютер” деген сөздi “цифрлiк компьютер” мағынасында пайдаланамыз.
Компьютерлердің негізін аспаптар (HardWare) құрайды, олар негізінен электрондық және электр механикалық элементтердің және құрылғыларынан тұрады. Компьютерлердің әрекет принципі программалардың (SoftWare) орындалуында (алдын ала анық берiлген арифметикалық, логикалық және басқа операциялардың тiзбегi) анықталған.
Кез келген компьютерлiк программа бөлек командалардың тiзбегi ретiнде болады.
Команда — бұл компьютер орындауға тиісті операция бейнеленуi. Негiзiнен команданың өзiндiк коды (шартты белгiленуi), бастапқы мәлеiметтер (операндылар) және нәтижесi бар.
Мысалы, «екі санды қосу» командасында қосылғыштары операндлар болып келеді, ал қосындысы — олардың нәтижесi. Ал «стоп» командасында операндылары жоқ, ал нәтижесi программа жұмысының аяқталуы болып келеді.
Команда нәтижесі компьютер контрукциясында белгiленген берiлген команда ережелерiне сәйкес орындалады.
Берiлген компьютерде орындалатын командалардың жиынтығы осы компьютердiң командалар жүйесі деп аталады.
Компьютерлер өте жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді, және ол жылдамдық секундына миллиондаған – жүздеген миллион опреацияға тең.
Дербес компьютерлер басқа ЭЕМ-ның қандай болмасын түрінен жаңа компьютерлік ақпараттық технологияларға ауысуға көбірек жағдай жасайды. Оған тән нәрселер:
— тұтынушымен достық ақпараттық, программалық және техникалық интерфейс;
— ақпараттық процестерді тұтынушымен диалог режимiнде орындау;
— интегралданған деректер қоймасы негiзiндегi барлық процестердi тiкелей ақпараттық қолдау;
— «қағазсыз технология».
Компьютер — бұл ақпаратты жинау, өңдеу және беруге арналған көпфункционалды электрондық құрылғы.
Компьютер сәулеті ретiнде оның логикалық ұйымы, құрылымы және қоры, яғни берiлген уақыт аралығында мәлiметтердi өңдеу процесі болып қарастырылатын есептеуіш жүйе құралдарын қарастыруға болады.
Көптеген ЭЕМ құрастыру негізі 1945 жылы Джон фон Нейманнiң салған принциптрі бойынша iске асырылады:
1. Программалық басқару принципi (программа процессор көмегiмен автоматты түрде бiрiнен кейiн бiрi белгiлi ретпен орындалатын командалар жиынынан тұрады).
2. Жадының біркелкілік принципi (программалар мен мәлiметтер бiр жадыда сақталады; мәлiметтермен жасауға болатын әрекеттердi командалармен де жасауға болады).
3. Адрестiк принцип (негізгі жады құрылысы нөмірленген ұяшықтардан тұрады).
Бұл принциптерден құралған ЭЕМ классикалық сәулетті болады (фон Нейман сәулеті).
ДК сәулеті әрекет принципiн, ақпараттық байланыстар мен компьютердiң негізгі логикалық түйіндерін:
— орталық процессор;
— негiзгi жады;
— сыртқы жады ;
— шет құрылғылаын (перифериялы) анықтайды.
Процессор сәулетiн анықтайтын негізгі электрондық компоненттер компьютердiң жүйелiк немесе аналық (материнская, MotherBoard) деп аталатын негiзгi платасында орналасады. Ал қосымша құрылғылардың контроллерлерi мен адаптерлерi, немесе сол құрылғылардық өздері кеңейту платалары түрінде орындалады (DаughterBoard — қыздық (дочерная) плата) және кеңейту слоттары (ағыл. slot — саңылау) деп аталатын кеңейту разъемдары арқылы шинаға қосылады.
Курстық жұмыс / 35 бет