«Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамы 1994 жылы құрылды, ҚР-дың әрбір облысында облыстық орталық телекомының директоры, ал Астана мен Алматы қалаларында МТО – Мемлекеттік Телекоммуникация Орталығы, яғни «Қазақтелеком» ААҚ-ның филиалдары бар. «Қазақтелеком» ААҚ телефон байланысын орнатумен, магистралдық телефон желілерін салумен айналысады. «Қазақтелеком» ААҚ мен оның филиалдары қолда бар тораптарда қызметтердің жаңа түрлерін енгізе отырып, ҚР-дың астанасы мен оның өңірлерінде телекоммуникацмя тораптарын жаңғыртуды жүзеге асырады, сондай-ақ мүдделі адамдарға мынадай телекоммуникация қызметтер тізбесін ұсынады: жергілікті, қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерін ұсыну, ISDN қызметтерін (бейнетелефон, бейнемәслихаттар т.б.), ІР аса тез деректерді беру телефоны, Интернетке ену, сымсыз ену жүйесі, радиофикация, зияткерлік торап қызметтерін, аудио мәтін, таксофония, телеграф байланысы, спутниктік және кабелдік теледидар жүйесін орнату және күйін келтіру, ашық және жабық алаңдарда дыбыс ұлғайту ұсынады.
Жұмысты ұйымдастыруды жақсарту үшін телекоммуникациялық қызметтерге арналған банк төлемдерін қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі, байланыс және азаматтық құрылыс объектілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға арналған үздік ұсынысқа тұрақты тендерлерді баспасөз беттерінде жариялайды.
«Қазақтелеком» ААҚ-ның қаржы жағдайын бағалау үшін бұл қоғамның 1998-2000 жылдар ішіндегі деректері пайдаланылатын болады, олар теңгерім, қаржы қаражатының қозғалысы туралы есеп, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп (1,2,3 қосымша). Есептерде 1998 жыл базалық жыл болып табылады.