Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы қазақша реферат

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жұйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі  ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда,  материалдық өндірістің  ақша қатынастарын  қамтитындықтан, олар  қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. өйткені нақ сонда жиынтық  қоғамдық   өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық  шығындары, ұлғаймалы  ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден  бір көздер.

Мемлекеттегі  сияқты, кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қаржысы  тауар – ақша қатынастары  мен  құн заңының  нәтижесінде  құралады. Тауар — ақша  қатынастарын  қоғамдық еңбек бөлінісі,  меншіктің  алуан формалары  айқындайды.  Жеке   тауар  өндірушілердің  еңбек бөлінісінің  дәрежесі  әр тұрлі, дербес  кәсіпорындарды, олардың құрылымдық  бөлімшелерін  айқындайды. Жекеленген  тауар өндірушілер  өздерінің  еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды  немесе  тауардың  құнын көрсететін  ақшаға сатады. Бұл қатынастар    жиынтығы  тауар – ақша  қатынастары  болып табылады.

Кәсіпорындардың  қаржысы  ақша түрінде  ұлғаймалы  ұдайы өндірістің негізгі  процестерін  көрсетіп,  экономикалық  заңдардың  талаптарына  сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту ұшін қажетті ақшалай   табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға  қолданады.  Кәсіпорындар, ұйымдардың  дұрыс жолға  қойылған  қаржысынсыз   экономикалық   дамуы  мұмкін  емес. Кәсіпорындардың  қаржысы  халық шаруашылығын  басқару  жұйесінің, экономиканы  өзгертудің  аса  маңызды құралы.  өндірістік  қатынастардың  бір бөлігі ретінде  олар  басқа өндірістік  қатынастармен  бірге  халық  шаруашылығын  басқаруға  төменгі  буындардың  шаруашылық  қызметінің  тиімділігіне  тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың қаржысы  мыналар:  кәсіпорындар, ұйымдар,  бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа  шаруашылық   органдардың, өнеркәсіп,  ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық  барлау,  жобалау тұргын ұй – коммуналдық  қызметін  жұзеге асырушы  шаруашылық  аралық,  салааралық, кооперативтік  ұйымдардың ( оның ішінде  ұжымдық шаруашылықтардың  халыққа қызмет  көрсетудің,  байланыстың, қоғамдық  тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.

Халық  шаруашылығындағы  әрбір  саладағы  қаржының  техникалық  экономикалық  ерекшеліктерінен  туындайтын  айырмашылықтары  бар. Сонымен  бір  мезгілде  халық  шаруашылығындағы   салалардағы  кәсіпорындардың қаржысын  ұйымдастырудың негізгі принциптері  бірдей. өйткені,  бірыңғай  экономикалық  заңдар,  ортақ  принциптерге  негізделген. Мұның  өзі  олардың  барлығын  бір  бастапқы   буынға  біріктіруге  мүмкіндік  береді.

Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қаржысының  өзіндік  мәні  және  көрінісінің  сыртқы  формалары  бар  және олар  сан алуан.  Олардың беріктілігі  біркелкі  емес.  Қаржының  сыртқы  формалары  жиі  өзгертілуде. Мысалы,  кәсіпорындардың  мемлкеттік  бюджетпен  қарым – қатынас  формасы  жиі  өзгертіліп,  жетілдірілуде:  көп  арналы  төлемдерден  пайда  салығына  көшіріледі: қаржының  бюджеттен  шаруашылық   мұқтаждықтарын  қаржыландырудың кері  қозғалысы  өзін – өзі  қаржыландырумен   ауыстырылды; кәсіпорындардың  ішкі  қаржы  қозғалысының  формалары  өзгереді;  бұл  қатынастар нормативтік сипат  алып  шаруашылық  коммерциялық негіз  алуда.  Қаржы  ресурстарының  құрылымы,  әдістері, жұмсалу  бағыттары  да  өзгеруде. Қаржының  мәні  де  өзгеруде, ол  өндірістік  қатынастары, олардың  даму  барысы,  мемлекеттің  шаруашылық  мәдени,  әлеуметтік өмірлегі  роліне  байланысты.  Қаржы  қатынастары, ең алдымен  бөлістік  қатынастар. Олардың  бөліс  жүйесінің  өзгерістерге  ұшырап,  өндірістің  тиімділігін  ынталандыруға  ролі артуда.  Қоғамдық  өнім  мен  ұлттық  табысты  бөлу  әдістері  мен формаларының  өзгеруі  кәсіпорындардың  мемлекеттік  бюджетпен  және  несие жүйесімен  нарыққа  алу  процесінде  қаржы  қатынастарын  өзгертіп,  олардың  ғылыми – техникалық  прогресті  жеделдету  өндірістің  өнімділігін  артыруда ынталандырушы  ролін баса  көрсетуде.

Кәсіпорындар  қаржысының  мәні  жөнінде  әзірге  ортақ  пікір   жоқ.  Кәсіпорындардың  қаржысын  айқындайтын   экономикалық  қатынастар  жүйесіне  не  кіреді?  Бір  қатар  ғалымдар  тауарларды сатып  алу, сату  кезінде  және  еңбекақы  кезінде  пайда  болатын  ақша  қатынастарын  қаржы  қатынастары  деп  қарауға  болмайды,  өйткені  олар  бұл  қатынастардың  элементтері  емес  деседі.  Алайда  өндірістік  қағиданың  жақтаушылар  керісінше  пікірде.  өйткені  өндірістегі  қаржы  қатынастары  ұдайы  өндіріс  кезеңдерін  көрсететін  экономикалық  категория.  Мысалы  айырбас  кезінде өнімді  өткізуден  түскен  түсімнен  өнім  беруші  кәсіпорын  тұтыну  және  қорлану қорларын  құрайды.  Оның  барысында  өнім  беру  шартының  талаптары  орындалмаса,  екі  жақ  бір-біріне  қарыздар  болса,  тиісті  қаржы  айыптары  қолданылады.  Еңбекақы, сыйлықтар  төлеу  барысында  туындаған  ақша  қатынастары  арнайы  қорлар  (тұтыну, еңбекақы, айналым   қаражаттарын) құрып,  жұмсау  арқылы  жүргізіледі.  өндіріс  қағидасын  жақтаушылар  қаржы  қатынастары  өндіріс  процесінің  барлық  кезеңін  қамтиды  деп  санайды.

Осыған  байланысты  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қаржысы  бөлу,  бақылау  және  ұдайы  өндіріс  қызметін  орындайды  деп  тұжыруға  болады.  Ұдайы  өндіріс  қызметінің  мазмұны  жай  және  ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  кезінде  материалдық  және  қаржы  қозғалыстары  айналымын  қамтамасыз  ету. Бұл  ұшін  кәсіпорын  өндіріс  жоспарлары,  болжамдары  негізінде  өнімдерді  өткізу,  нақты  мерзімдерге  сай  белгіленген  экономикалық  нормативтері,  кірістер  мен  шығыстар  көлемін  белгілейді,  шығындардың  меншікті  қаржы  есебінен, уақытша  алынған  басқа  кәсіпорындар  мен  өз  қызметкерлерінің  қаржысы  банк  несиелері,  айрықша  жағдайда  бюджет  есебінен  ақталуын  анықтайды.

Кәсіпорындар  қаржысының  бөлу  қызметінің  ерекшелігі – жиынтық  қоғамдық  өнімнің  құны  айналым  қаржысы процесінде  белгіленген  экономикалық  нормативтер  негізінде  бөлінуі.  Мұның өзі  ұдайы  өндіріс  процесінде  құнның  бөліске  және  қайта  бөліске  түсуіне  қаржының  қатысуын анықтайды. Ақшалай  бюджеттер  мен  қорлардың  экономикалық  негізінде  бөлінуі  қаржының  ұдайы  өндірістегі  қызметінің  басты  шарты.

Кәсіпорын  экономикасында  қаржының  бақылау  қызметі  маңызды  рол  атқарады.  Есеп  пен  бақылаусыз  шаруашылықты  жұргізуге  болмайды.  Кәсіпорындардың  қаржысы  басқа  да  экономикалық  тұтқалармен  бірге  экономиканы  жоспарлы  басқару, өндірісті  ұлғайту,  еңбек, материалдық  табиғи, қаржы  ресурстарының  ұтымды  пайдалануына  бақылау  жасауды  қамтамасыз  етуде  маңызды  рол  атқарады.  Үнем  мен ұқыптылық  режимін  өмірде  дәйектілікпен  жүргізу  маңызды  міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Кәсіпорынның  ішінде  ғана  емес,  оның  басқа  кәсіпорындар, ұйымдар,  қаржы – несие  мекемелерімен  өзара  қарым-қатынасында  теңге  бақылауы  пайдаланады. Кәсіпорын  ішінде   еңбектің  саны  мен сапасы,  негізгі,  айналым  және  ынталандыру  қорларының  құралуы,  пайдалануы  бақылауға  айналады.  Кәсіпорындардың  өзара  қарым – қатынастарында  берілетін  тауарлар,  көрсетілген  қызметтер  орындалған  жұмыстар,  шарттардың  орындалуы  бақыланады.  Қаржы  және  несие  органдарымен  іс- қимыл барысында  бюджет  алдындағы  міндеттемелердің  орындалуы,  банк  несиелерінің  алынуы,  қайтарылуы  кезінде  бақылау  жүзеге  асырылады.

Кейбір  экономистер  кәсіпорындар  қаржысына  үш  қызмет  жіктейді:

1)    ақшалай  ресурстармен  айналым  қаражаттарына  қызмет  көрсету;

2)    ақшалай  табыстарды  бөлу;

3)    кәсіпорындардың  өндірістік – шаруашылық  қызметіне  бақылау  жасау.

Халық шаруашылығы  салалары,  бірлестіктері,  кәсіпорындардың  экономикалық  қызметі саласында  өндірістік  қатынастардың  өзіндік  ерекшеліктері,  қаржы  қатынастарының  басқа  ақша  қатынастарымен  астасуы,  олардың  өндірістік  қорлар  айналыммен  тығыз  байланысы,  кейбір  ғалымдардың  пікірінше,  халық шаруашылығы  салалары,  бірлестіктері,  кәсіпорындары  қаржысының  жалпы  мемлекеттік  қаржыдан  ерекшеленуіне  әкеп  соғады.

Қаржы  саласындағы  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  сан  қилы  қатынастары ірілендірілген  топтарда  жинақталады;  бұл  қатынастар  ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  процесінде  мыналардың  арасында  пайда  болады:

Мемлекет  пен  өндірістік  кәсіпорындар  арасында  мемлекеттік  бюджеттен  қаржыландырғанда,  сондай- ақ  бюджетке  төлемдер  төлегенде,  валюта  қорларын  қалыптастырғанда:

—         шикізат, материалдар, отын  т.с.с.  төлеу  ұшін  өзара  қатынастарға  тұскен  әр  тұрлі  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  арасында;

—         кәсіпорындар  мен  ұйымдар  арасында  акциялар  мен  құнды  қағаздар  шығару  және  өткізу  кезінде  бірлескен  кәсіпорындар  құру  барысында  несиелеу  мен  ұлестік  қатыста;

—         кәсіпорындар  мен  несие  жұйесі  ұзақ  және  қысқа  мерзімде  несиелер  берілгені  ұшін  проценттер  төлегенде  және т.б.

Кәсіпорындар  мен  ұйымдар  қаржысының   негізгі  белгілері:

1)                қаржы  қатынастарының  көп  қырлылығы,  олардың  формалары  мен  мақсатты  арналымының  сан  алуандығы;

2)                өндірістік  қорлардың  міндетті болуы,  олардың  құралуы, тұрақты  толықтырылуы,  көбеюі,  бөлінуіне  байланысты  қатынастар   туындауы.  Өндірістік  қорлар —  өндірістің  серпінді  элементі. Олар,  өндірістің  өзі сияқты,  ұдайы  қозғалыста  болады;  оның  ұстіне  құн  формалары  ұнемі  өзгереді.  Кәсіпорынның  өндірістік  қорлары  оның  қызметі  кезінде  материалдық – заттық  және  ақша  формасы  қалады;

3)                жоғары  белсенділік,  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметінің  барлық  қырларында ықпал  жасау  мұмкіндігі.

Сөйтіп,  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қаржысы – халық  шаруашылығындағы  ақшалай  табыстарды,  жинақтарды  және  қорларды  жасауға,  бөлуге  және  пайдалануға  байланысты  туындайтын  экономикалық  қатынастар.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын 2 кестеде көруге болады. Қаржы ресурстары меншікті капиталдан,қарызға алынған капиталдан, тартылған ресурстардан, сонымен қатар бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа қорлардан түсімдерден құралады.

Кесте 2 — Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Қаржы ресурстары

Қаржы ресурстарын құру көздері

Ескерту

1

2

3

1.Меншікті капитал

1.1  Амортизация

1.2  Жалпы табыс

1.2.1        өнім өткізуден түскен кіріс

1.2.2        Басқа да өткізуден болған кіріс

1.2.3        өткізуден тыс операциялардың сальдосы

1.2.4        Резервтік қор

1.3  Жөндеу қоры

1.4  Басқалары

2. Қарызға алынған капитал

2.1. Банк несиелері

2.2 Банктік емес мекемелердің несиелері

2.3 Бюджеттен алынған несиелер

2.5 Кредиторлық қарыздар

2.6 Басқалары

 

  1. 3.      Тартылған ресурстар

3.1 Инвестициялық қызметтерден алынған қаржылар

3.2 Құнды қағаздардың эмиссиясынан алынған қаржылар

3.5 Франчайзинг, селенг, жалгерлік бойынша түскен төлемдер

 

4. Бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа қорлардан түсімдер

 

өнім өткізуден түскен түсім

өнім өткізуден түскен түсім

Басқа өткізулерден түскен түсім

өткізуден тыс кірістер

 

 

Таза табыс

өнімнің өзіндік құны

 

Сәйкес кредиторлардың несие ресурстары

-//-

 

-//-

 

-//-

 

Сәйкес инвесторлардың қаржылары

 

-//

-//-

Бюджеттік қаржыландыру қаржылары

 

 

Егер амортизациялық қор құрылмаса, амортизация пайдадан көрініс табады

 

 

 

Жарғылық қордан 15% мөлшерінде

 

 

Соның ішінде – лизинг

 

Соның ішінде мерзімі кейінге қалдырылған салықтар

 

 

 

 

 

Соның ішінде қайырымдылық, спонсорлық көмек, және бюджеттен төленетін дотациялар мен субвенциялар