МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ
1.1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері
1.2 Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері
1.3 Өнімді стандарттау және сапаны басқару
2. «Нурлыбаев К» ЖШС-нің ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 Кәсіпорынның баға саясатын талдау
2.3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау
3. ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ
КІРІСПЕ
Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу экономикалық жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Жекелей алғанда «Өнімнің бәсекелестік қабілеті» ұғымы кең қолданысқа түсті. Өнімнің сапа және бәсекелестік қабілеті мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде. Өнімнің бәсекелестік қабілеті ұғымында негізінен оған нарықта сәтті өндірілуі мен таратылуына жағдай жасайтын барлық шарттар қарастырылады. Кей кездері бәсекелестік қабілет ұғымы тек экономикалық объект қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар сапаны бағалау сипатында қолданылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау әдістемесін меңгеру.
Соған байланысты өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.
Кез келген өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан Республикасы үшін үлкен маңызға ие. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алған қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырады.
Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі оның техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен тауар өндірудегі технологиясынық сапасына және қолдану қасиеттеріне (сенімділігі, төзімділігі) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың айналадағы ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сәйкестігіне бас назар аударылуда. Бұған қоса, шетке шығарылатын тауарлар міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.
Тауардың бәсекеге төзімділігін бағалағанда оның сату немесе сатып алу бағасы қарастырылады. Осыған қатысты мына жайттар ескерілгені жөн: нарықты және ақырғы тұтынушылардың сұранысын зерттеудің сапасы, тауарды нарыққа жеткізу мен оны сатуды ынталандырылып отыру, жарнама және тауардың өмірлік цикілін есепке алуға байланысты жүргізілетін жұмыстың тиімділік дәрежесі, баға стратегиясын таңдап алудың дұрыстығы, тауар өткізу мекемелері мен тауардың қозғалу бағаттарын белгілеу кезінде тауардың бәсекелік артықшылығы мен кемшіліктерін (маркетингтік құрастырушыларды) анықтау.
Экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан қарағанда тауардың бәсекеге төзімділігі оның қолданысқа түсіуіне дейін жұмсалған шығындарға қатысты алғанда пайдалы немесе пайдасыз (залалды) екеніне қарап анықталады.
Тауардың өтімділігі мен бәсекелік дәрежесін оны өндіретін, жеткізу және оны сатумен айналысатын фирмалардың, сондай-ақ коммерциялық және сауда саласындағы мамандардың имиджі (тауардың, кәсіпорынның, елдің т.б. тіпті сол тауарды шығаратын мемлекеттің халықаралық деңгейдегі беделі) айқындайтыны белгілі.
Тауардың бәсекелік деңгейін анықтайтын деректер мен факторлар жинақтала келіп, тауардың тұтыну бағасын белгілейді. Бұл – тек тұтынушының тауарды сатып алатын бағасы ғана емес. Ондай баға тауардың қолданылу процесіндегі тиімділігі мен тауарлық таңбасының қадірлі дәрежесі жағындағы түсініктерді де қамтып отырады. Баға жөнінде саудаласу барысында, яғни тауардың сату немесе сатып алу бағалары белгіленетін тұста алдағы уақыттардағы қолданылу процесіндегі тиімділігі мен тауарлық таңбасының қадірлі дәрежесі жағындағы түсініктерді де қамтып отырады. Баға жөнінде саудаласу барысында, яғни тауардың сату немесе сатып алу процесіндегі тауардың тиімді немесе тиімсіз жақтарын мүмкіндігінше көрсетуге ұмтылады. Әрине, әсіресе, тауар сатушы өз өнімінің экономикалық артықшылығы мен құндылық жағына баса назар аудару тенденциясын берік ұстанады.
Өнім сапасын тұтыну құнымен байланысты және соған байланысты қасиеттерді қанағаттандыру деңгейі мен шегі арқылы анықтылады және өнім сапасы өнімнің бәсекелестік қабілеті механизмінің түп өзегі болып табылады. Бірақта қатысты төмендеу өнім сапасы, төмен бәсекелестік қабілеттің болуын толығымен сипаттамайды.
Бәсекелестік қабілеттің нақты мәні мен тек қана өндіруші өз тауарын нарыққа шығарып және ол тауар басқа бәсекелестердің тауар алмастыратынына бәсеке бола алатын жағдайда ғана ашылады.
Көптеген индустриалды дамыған елдер компаниялары өнімнің бәсекелестік қабілетін ішкі нарықта шешуге тырысады, өйткені болашақта өз тауарын сыртқы нақты тарату мүмкіндігіне толық сенімді болады.
Кез келген тауар ішкі нақты бәсекеге қабілетті, ал сыртқы нарықта бәсекелес қабілеті төмен болуы әбден мүмкін. Соған байланысты сомалық көрсеткіштердің өзгеріссіз, өнімнің бәсекелестік қабілеті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Ол нарық конъктурасының өзгерісіне жарнама және т.б. тауарға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар негізінде жүзеге асады.