Кәсіпорындарды біріктіру есебі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………..3

1.     КӘСІПОРЫНДАРДЫ БІРІКТІРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК………….6

1.1.  Біріккен ұйымдар, біріктіру тәсілдері, әдістері…………………6

1.2.  Біріккен ұйымның құнын анықтау………………12

1.3.  Бірігу кезіндегі іскерлік бедел және азайту үлесі…………..17

2. ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ…………..19

2.1. Инвестициялардың жіктелімі және құнын анықтаудың әдісі……….19

2.2. Инвестициялардың қозғалысының бухгалтерлік есебі…………….22

2.3. Инвестициялардың бухгалтерлік есебі…………..23

3. ШОҒЫРЛАНҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ……….30

3.1. Негізгі және еншілес кәсіпорындардың шоғырланған есептілігі…………..30

3.2. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың шоғырланған есептілігі…………33

ҚОРЫТЫНДЫ…………..36

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………39

КІРІСПЕ

Кәсіпорын бұл – нарықта жеке дара қызмет ететін пайда алу мақсатын көздейтін коммерциялық ұйым. Кәсіпорындарды біріктіру бұл – жеке дара ұйымдарды бір есеп беруші кәсіпорынға қосу болып саналады. Бірігу кезінде қазіргі уақыттағы жеке заңды тұлғалардың өзара байланысын ескере отырып бизнесті дамыту бағытының болашақтағы үлгісі көрінеді, яғни бұл процестен соң Холдинг немесе Концерн компанияларының бірі Бас немесе аналық кәсіпорын болып ажыратылады. Осындай бас немесе аналық ұйымдардың пайда болуы кәсіпорын қызметінің ауқымын кеңейтуе іскерлік байланысын дамытуға біліктілігі жоғары жаңа жұмысшыларды тартуға қызметіне қажет қаржылық қолдауларды алуға, жаңа технологияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынды біріктіру шаруашылық ұйымдардың инвестициялық қуатын тұрақтандырады.

Бірлескен немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар бұл – бірлескен қатысушылар мен бақыланатын кәсіпорындар немесе жобалар. Кәсіпорындардың мұндай категориясына мазмұны бойынша бірлескен қызмет нәтижесінде пайда болған экономикалық бірліктің мүлкі. Негізінен бірлескен кәсіпорындар кем дегенде екі қатысушымен бақыланады. Оның бірі бас немесе аналық ұйымға жатқызылады, ал екіншісі жатпайды. Көп жағдайда қатысушылар және олардың үлестері тең келеді.

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім- шартын жасайды. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле  жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы.

    ХБЕС сәйкес еншілес ұйымдар бұл —  басқа бір ұйыммен бақыланатын (бас немесе аналық) шаруашылық кәсіпорындарды айтамыз. Біздің нарықтық жағдайға қатысты мұндай бақылаудың деңгейі бас немесе аналық ұйымның еншілес кәсіпорындағы жарғылық капиталының дауыс беруші акцияларының 50%-дан астамына ие болуы керек. Мұндай шарт халықаралық және қазақстандық тәртіпке сәйкес.

Бірлескен немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар бұл – бірлескен қатысушылар мен бақыланатын кәсіпорындар немесе жобалар. Кәсіпорындардың мұндай категориясына мазмұны бойынша бірлескен қызмет нәтижесінде пайда болған экономикалық бірліктің мүлкі. Негізінен бірлескен кәсіпорындар кем дегенде екі қатысушымен бақыланады. Оның бірі бас немесе аналық ұйымға жатқызылады, ал екіншісі жатпайды. Көп жағдайда қатысушылар және олардың үлестері тең келеді.

Тәуелді ұйымдар – бұл бас немесе аналық ұйымға жатпайды. Яғни, бірлескен ұйымдардың бірі екіншісіне, яғни экономикалық саясатына мңызды әсерін тигізе алады. Нарықтық экономикада мұндай кәсіпорындағы үлес тәуелді ұйымның 20%-нан 50%-на жарғылық капиталына ие болуын рәсімдейді. Бұл дегеніміз бас немесе аналық кәсіпорын тәуелді ұйымның толық меншігі емес. Оның тәуелді ұйымдағы үлесі қаржылық салыммен сипатталады.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Rәсіпорындардың біріктіру есебін өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.

Бизнесті біріктіру құрылым бойынша заңдық, салықтық және басқа себептермен барынша түрліше тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл — кәсіпорынның, бірлесіп коммерциялық қызметтің бір немесе бірнеше түрлерін құрайтын басқа кәсіпорынның меншікті капиталын сатып алуы, басқа кәсіпорынның барлық таза активтерін сатып алуы, басқа кәсіпорынның міндеттемелерін өзіне қабылдауы немесе басқа кәсіпорынның таза активтерінің бір бөлігін сатып алуы болуы мүмкін. Бизнесті біріктіру үлестік құралдарды шығару, ақша қаражатын, ақша қаражаты баламасын аудару немесе басқа активтерді немесе олардың құрамдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Операция бірлесетін кәсіпорындардың акционерлері арасында немесе бір кәсіпорын және басқа кәсіпорынның акционерлері арасында жүзеге асырылуы мүмкін.

Осылайша, екіден астам бірігуші кәсіпорындарды қамтитын бизнесті біріктірген кезде осы бірігуге дейін жұмыс істеген бірігуші кәсіпорындардың біреуі бар белгілерінің жиынтығы бойынша сатып алушы ретінде бірегейлендірілуі тиіс. Мұндай жағдайларда сатып алушыны айқындаған кезде басқалардың арасында бірігуші кәсіпорындардың қайсысы осы бірігуге бастамашы болғанын және олардың біреуінің басқа бірігуші кәсіпорындардың көрсеткіштерінен активтерінің құны немесе түсімдерінің айтарлықтай артық екенін қараған жөн.

курстық жұмыс / 39 бет